Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  •  Алматыда 30 қыркүйек күні «Назар аударыңыздар!» деген дабыл қағылады

    АЛМАТЫ, 29 қыркүйек. Алматыда 30 қыркүйек күнi сағат 12:55- те дабыл (сирена) белгісі іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  .«2021 жылы 30 қыркүйекте түскі сағат 12.55-те Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті қоғамдық ескерту жүйесінің дайындығын жоспарлы техникалық тексеруден өткізеді. Жаттығу кезінде «Назар аударыңыздар!» хабарламасымен бірге электронды дабыл іске қосылады. Оған қоса, телерадиоарналардың жұмысы автоматты түрде тоқтатылып, дабыл хабарламасы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Эквадорда прокурорлар елдің батысында 2,5 тонна кокаин тапты

    АСТАНА, 29 қараша. Эквадор прокуратурасы елдің батысындағы Манаби провинциясында 2,5 тонна кокаин тәркіленді, деп хабарлайды РИА Новости Twitter сайтында жарияланған хабарламаға сілтеме жасай отырып. «Прокуратура мен полицияның бірлескен жұмысының нәтижесінде екі жарым тонна кокаин табылды», — делінген хабарламада. Эквадор прокуратурасының мәліметі бойынша, кокаин кендірлі қаптарда болды. Есірткіні табу фактісі бойынша құрықтаулар өткізілмеді. Тергеу жалғасуда
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ираннан келген террористер залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде. Ван аймағында Иран шекарасынан Түркияға кірген бірі ирандық, екі террорист залалсыздандырылды. Бұл туралы TRT хабарлайды. Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу әлеуметтік желідегі парақшасында «Вандағы Өзалп Дамлажык ауылындағы «Ерен аблука-22» операциясында қаһарман жандармериямыздың сәтті операциясымен Иран шекарасынан Түркияға кірген бірі ирандық, екі террорист залалсыздандырылды. Террористерге тағы да айтамыз: «беріл, әйтпесе бұл жер сен үшін өлім» деген сөз […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. «Допинг» алдын-алу шарасы аясында полицейлер назарына ер адам іліккен.Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Күдіктіні ұстау үшін Қарасай ауданы Алмалыбек ауылының маңында арнайы операция ұйымдастырылды. Нәтижесінде 56 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Оның сөмкесінен 56 келі көкнәр табылған. Тексере келе оның бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Осы оқиғаға қатысты облыстық полиция департаментінде […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасода содырлардың шабуылынан 130-дан астам адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Буркина-Фасоның солтүстік-шығысындағы Солхан ауылына жасалған содырлардың шабуылы салдарынан кем дегенде 138 адам қаза тапты. Бұл туралы жексенбі күні Agence France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. Бұған дейін 100 адам қаза болды деген ақпарат болған. Буркина-Фасо үкіметі үш күндік аза тұту күнін жариялады. Агенттіктің хабарлауынша, бұл шабуыл содырлардың елдің солтүстік аймақтарына 2015 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ракканың ескі қаласында SDF лаңкестердің қорғанысын бұзды

    Ракка, 4 шілде. «Сириялық демократиялық күштері» (SDF) АҚШ коалициясының қолдауымен Ракканың ескі қаласында лаңкестердің қорғанысын бұзды, деп хабарлайды Рейтер коалицияға сілтеме жасап. Агентіктің хабарлауынша, шабуыл Рафика қабырғасының екі секциясы бойынша жүргізілген. Ракка 2013 жылдан бері ИМ (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымының бақылауында. Дереккөз: РИА Новости
    • 8 Years ago
    • 0
  • Бауыржан Әлиұлы: Сәләфиттер өз кемшілігін ешуақытта мойындаған емес

    НҰР-СҰЛТАН, 05 тамыз. Ислам тарихында әр ғасырда бірнеше ағымдар пайда болды. Соның ішінде уаһаби-салафизм ағымы ислам әлеміне өз залалын тигізді. Себебі ХVІІІ-ХІХ ғасырда ислам әлемі құлдырау мен отаршылықтың құрбанына айналып, мұсылмандар арасындағы ауызбіршілікке айтарлықтай сызат түсті. Салафизм ағымы туралы белгілі исламтанушы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD доктаранты Бауыржан Әлиұлы әңгімелеп берді, деп kazislam  порталы […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Қазақстан мен Қырғызстанның күш қызметтері арнайы операция барысында 1,8 млн. доллар болатын есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр. Қырғызстан ІІМ Заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес қызметі мен Қазақстанның күш құрылымдарының қызметкерлері бірлесіп Орталық Азияға синтетикалық есірткі тасымалдау және оны интернет арқылы сатумен айналысқандардың тұрақты желісін анықтады, деп Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Қырғызстан ІІМ ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін анықтау және қолға түсіру бойынша арнайы операция 2021 жылдың қарашасынан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Лаңкестікке қарсы күреске арналған халықаралық конференция 3-4 қыркүйекте Минскіде өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз. «Инновациялық тәсілдерді, жаңа және пайда болатын технологияларды қолдану арқылы терроризмге қарсы күрес» атты жоғары деңгейдегі халықаралық конференция 2019 жылдың 3-4 қыркүйегінде Минскіде өтеді, деп хабарлайды Беларусь Сегодня ақпарат және сандық дипломатия басқармасының бастығы — СІМ баспасөз хатшысы Анатолий Глазға сілтеме жасап. «Ауқымды халықаралық форумға 60-қа жуық делегация қатысады деп күтілуде. Олар 50-ден […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында 6 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

    ТҮРКІСТАН, 23 қыркүйек.  «Көкнәр» және «Допинг» жедел алдын алу іс-шаралары аясында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 62 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның ішінде 18 есірткі затын өткізу, 3 аса ірі көлемде есірткіні сақтау фактілері болса, одан бөлек есірткі өсімдіктерінің 38 алқабы жойылды. Полиция қызметкерлері тәркілеген есірткінің жалпы […]
    • 6 Years ago
    • 0