АСТАНА, 11 қаңтар. Америка Құрама Штаттары Мысыр еліндегі террористік топтарға қарсы күресте демеу көрсетеді. Бұл туралы бейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Каирдегі Америка университетінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп жазады TAСС. Оның айтуынша, «Вашингтон Мысырдың террористік топтарды, оның ішінде Синай түбегіндегі террористтерді жою әрекеттерін қолдайтын болады». Бұл тұрғыда Помпео «американдық әрекетсіздік кезеңі аяқталды» деп […]