Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ЕАЭО елдерінде терроризмді қаржыландыруға жол бермеу мақсатында қолма-қол ақшаны тасымалдау ережелері өзгертілді

    НҰР-СҰЛТАН, 04 ақпан. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шекарасынан 100 мың доллардан көп соманы алып өтерде шекара декларациясын толтырып қана қоймай, ақшаның қайдан келгені туралы құжатты да ұсыну қажет. Ереже 4 ақпан, яғни бүгіннен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресей Федералдық кеден қызметінің сайтына сілтеме жасап. Қаражаттың қайдан келгенін растайтын құжат ретінде шоттан ақша алғаны туралы немесе […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Конго ДР содырлар 14 бейбіт тұрғынды өлтірді

    АСТАНА, 04 қазан. Конго Демократиялық Республикасында (КДР) «Демократиялық күштер альянсы» (ДКА) экстремистік тобының содырлары кем дегенде 14 адамды өлтірді, деп Agence France-Presse (AFP) хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Жергілікті биліктің мәліметінше, сенбі күні мачетемен қаруланған содырлар ауылға басып кіріп, жергілікті тұрғындарға шабуыл жасапған, салдарынан 14 адам қаза тауып, екеуі жараланған. Сондай-ақ екі бала із-түзсіз жоғалған. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан билігі азаматтарын Сириядан әкетуін жоспарлауда

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша.Өзбекстан билігі Сириядағы қарулы қақтығыстар салдарынан қиын жағдайға тап болған өз азаматтарын, әйелдер мен балаларын осы елден кезекті әкетуін жоспарлап отыр, деп «Dunyo» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан хабарлайды. 2019 жылы Өзбекстан билігі Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстар аймағынан 220 отандастарын, негізінен әйелдер мен балаларды қайтару бойынша екі гуманитарлық акция өткізді. Өзбекстан делегациясы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияның шығысында аса қауіпті террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. Ван провинциясындағы Eren терроризмге қарсы операциясының бірінші кезеңі аясында Түркия Ішкі істер министрлігімен іздеуде жүрген аса қауіпті КЖП содыры Гекхан Демир залалсыздандырылды, деп хабарлайды Anadolu агенттігі . Ішкі істер министрлігі Vefa қайырымдылық ұйымының бір топ қызметкерлеріне жасалған қарулы шабуылға «Агит» деген құпия атымен белгілі Гекхан Демирдің де қатысы бар деп хабарлады. 2020 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда бір жылда 11 теракті жоспарланған

    АСТАНА, 18 ақпан. 2018 жылы Тәжікстанда жоспарланған 11 терактінің алды алынды. Бұл туралы республиканың Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода журналистермен кездесуде мәлімдеді, деп KAZISLAM хабарлайды. Министрдің айтуынша, өткен жылы тәжік құқыққорғау органы 11 терактіні анықтап, алдын алған. Экстремистік және террористік бағыттағы қылмыс бойынша 873 іс ашылған. Осы бағыттағы арнайы операция нәтижесінде экстремистік және террористік ұйымның […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Түркияның оңтүстік-шығысында терроризмге қарсы Eren операциясының жаңа кезеңі басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан.Батманда шейіт жандармерия аға сержанты Сүлейман Гүрдің атымен аталатын «Эрен қыс-14» операциясы басталды, деп TRT агенттігі хабарлайды. Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда террор ұйымы PKK-ны елдің күн тәртібінен шығару және аймақты паналаған террористтерді залалсыздандыру мақсатты Батман қаласында «Эрен қыс-14 шейіт жандармерия аға сержанты Сүлейман Гүр» операциясы басталды. Батман қалалық жандармерия қолбасшылығы басқарған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ИМ Джидда қаласындағы зиратта болған лаңкестік шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша.  «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы (ҚР тыйым салынған ұйым) Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы зиратқа жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп НСН жазады. Интерфакстың хабарлауынша, топпен байланысты Telegram-каналдарында ИМ мүшелерінің Джиддаға жарылғыш құрылғы орнатқаны туралы ақпарат пайда болды. Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы мұсылман емес зиратта жарылыс сәрсенбі күні 1918 жылғы Компьене бітіміне […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Күдік тудырған видео! Өзбекстанға қыдырып барған Семей тұрғыны қамауға алынды

    Астана. 8 маусым. Виталий Ненченко демалысында отбасымен бірге Ташкент- Самарқанд- Бұқарада тұратын туыстарын араламақ болған. Алайда, шекарадан өте сала өзбек құзырлы орындарының көзіне түсіпті. Ұялы телефонын тексерген «Келес» станциясындағы полицейлер сол жерде жібергенімен, кейін қолына кісен салған. Оған себеп, WhatsApp месенджері арқылы келген екі бейнеролик көрінеді. Ал, жарының айтуынша, өзі мұны көрмек түгелі, жүктеп те […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Йеменнің Мариб қаласының орталығында жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым.  Йеменнің Мариб қаласының орталығында бейсенбі күні жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Жарылыстың себебі әлі белгісіз. Екі куәгер агенттікке жедел жәрдем көліктерінің дабылын естігендерін айтты.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харам» содырларының шабуылы салдарынан тоғыз адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша. «Боко Харам» лаңкестері Нигерияның Борно штатының губернаторы Бабаган Зулумның автокөліктер колоннасына шабуыл жасады: тоғыз адам қаза тауып, көптеген адамдар жараланды, деп хабарлайды Anadolu агенттігі . Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаның Жаалта аймағындағы Гажирам-Монгуно тас жолында болғанын хабарлайды. Қаза тапқандардың жетеуі әскери, екеуі полиция қызметкерлері. Шабуыл нәтижесінде Зулум жарақат алған жоқ, көліктер […]
    • 4 Years ago
    • 0