Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • АҚШ билігі Огайо штатының тұрғынына ИМ көмектескені үшін айып тақты

    Нью-Йорк. 12 мамыр. АҚШ билігі Дейтон (Огайо штаты) америкалық қаласының тұрғыны Лейси Валид Алеббиниге «Ислам мемлекеті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымына қолдау көрсетпек болғаны үшін айып тақты. Бұл туралы ТАСС АҚШ әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Құжатқа сәйкес, 26 жастағы ер азамат террористік топ қатарына қосылмақ болған, Ол 26 сәуір күні Кентукки американдық штатындағы әуежайда ұсталынды. […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Сирия мен Иракта әскери дайындықтан өткен азамат Қырғызстанда жарылыс жасамақшы болған

    Бішкек. 19 шілде. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағында террорлық акт жасамақ болған азаматты ұстады, деп хабарлайды ведомства баспасөз қызметі. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ош облысына қарасты Қарасу ауданында 1980 жылы туған халықаралық лаңкестік ұйымның мүшесі М.Б есімді азаматты ұстаған. Тінту барысында күдіктінің үйінен салмағы 8 килограмды құрайтын қолдан жасалған жарылғыш зат табылған. Ұлттық қауіпсіздік […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 400-ге жуық дерек тіркеді

    ТҮРКІСТАН, 30 қараша. Түркістан облысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 400-ге жуық жайт тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысында ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 2020 жылдың 10 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 383 дерек тіркелді, оның ішінде 186-сы қылмыс және 197-сі қылмыстық әрекеттер. Нақтырақ айтсақ, есірткі сату – 61, аса ірі көлемде есірткі сақтау […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Бір айда 50 келіден астам есірткі тәркіленді — ІІМ

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан. Өткен аптада Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының полицейлері «Көкнәр» операциясы барысында оңтүстік өңірден еліміздің шығысына марихуана және гашиш жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Ұзақ дайындық және бірлескен жұмыс нәтижесінде бұрын сотты болмаған Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Ол есірткі өткізу үшін басқа өңірлерге […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сомалидегі әскери лагерьге жасалған лаңкестік шабуылдан бес адам қаза тапты

    АСТАНА, 06 қараша. Сомалидегі әскери оқу-жаттығу лагерінде болған лаңкестік әпекет салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Сомали Қарулы Күштері Бас штаб төрағасы Одава Юсуф ел астанасы Могадишо қаласындағы әскери оқу-жаттығу орталығында бір жанкештінің жарылғыш затты іске қосқанын хабарлады. Шабуылдан бес адам қаза тауып, тағы 11 адам жараланды. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Иранда 4 айда 388 тоннадан астам есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 03 тамыз.  31 Шілдеде Иран полициясы басшысының орынбасары ағымдағы ирандық күнтізбелік жылының (2020 жылдың 20 наурызынан бастап)  алғашқы 4 айында елдің полиция күштері 388 тоннадан астам тыйым салынған есірткіні тәркілегенін мәлімдеді. Бұл туралы ирандық IRNA агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM агенттігі хабарлады. Бригада генералы  Ғасем Резаидің мәліметінше, ел бойынша алғашқы төрт айда 388 000 келіден […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қарасора-2020:Шымкент қаласынын тұрғынынан 1 кг жуық есірткі заттары тәркіленді

    ШЫМКЕНТ, 19 маусым. Шымкент қаласында 46 жастағы әйел полиэтилен пакетке оралған есірткі типтес заттарды үйіндегі тоңазытқышта сақтап келген, – деп хабарлайды Polisia.kz. 11 маусымда Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2020” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында есірткі затын заңсыз сақтау фактісі бойынша 1974 жылы туған әйел өз үйінде тоңазытқышта полиэтиленді пакетке орап, есірткіге ұқсас заттарды сақтағанын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Испанияда ер адамның паригінен жарты келі есірткі табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде. Испания полицейлері Барселона әуежайынан Колумбия азаматын ұстады. Ол өзінің паригіне жарты келіге жуық есірткіні жасырған. Бұл туралы Би-би-си-дің жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап   ҚазАқпарат хабарлады. Хабарламада айтылғандай, әуежайда тым мазасыз күйде болған және оның паригінің көлемі де күдік тудырған. Полиция қызметкерлері есірткі тасымалдамақ болған азаматтың паригінен құны 30 мың еуро тұратын 503 грам кокаин […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Екібастұзда 8 келіден астам есірткі сатып алған әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды

    ЕКІБАСТҰЗ, 14 қазан. Екібастұзда 8 келіден астам есірткі сатып алған әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың наурыз айында Екібастұз қаласының полицейлері жергілікті тұрғындардың бірі есірткі заттарын алуға бара жатқаны туралы жедел ақпарат алды. Сондай-ақ полицейлерге қала тұрғыны қайда кеткенін хабарлады. – Қажетті іс-шараларды жүргізу барысында Екібастұз қаласындағы Марғұлан көшесінің көлік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирактан қайтарылған тәжік балалары туысқандарының отбасына оралуда

    НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде. Ирактан  қайтарылған тәжік балаларын туыстарына тапсыра бастады, деп республиканың бала құқықтары жөніндегі уәкіл Раджабмоха Хабибуллозодаға сілтеме жасай отырып  Sputnik Тәжікістан жазады.   Хабибуллозода атап өткендей, қазіргі таңда тиісті ведомстволар балалар берілетін отбасыларды зерттеп жатыр.  «Отбасы —  бұл балаларды тәрбиелеу үшін ең жақсы орта екені күмәнсіз.  Бірақ бұл тұрғыда асықпау керек, бұл отбасыларды […]
    • 6 Years ago
    • 0