Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Парагвайда құны 500 миллион долларды құрайтын  есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Бұл ел тарихында болмаған жағдай, деп хабарлайды 24.kz. Тәртіп сақшыларының анықтауынша, есірткінің құны шамамен 500 миллион долларды құрайды. Полиция қызметкерлері кокаинді Израильге жол тартқан 6 жүк контейнерінен тапқан. Анықталғандай, контейнерлердің бәрі Кристиан Турринидің атына рәсімделіпті. Айта кетейік, бұл азамат бұрын Парагвай телеарналарының бірінде басшылық қызметін атқарған. Енді ол осы іске қатысты түсініктеме […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Лаңкестердің идеологиялық баулушысы елге қайтарылды

    Астана. 24 ақпан. Үш жыл бойына халықаралық іздеуде жүрген уағызшы елге қайтарылды. Діни экстремизм мен тәкфіршілік идеясын насихаттаған Әбдухалил Әбдужаппаров теріс діни ағымды ұстанушылар арасында Шейх Халил есімімен белгілі. Енді ол заң алдында жауап беретін болады. Радикалды діни бағытты уағыздаушының ғаламторда жүздеген роликтері жүр. Онда ол Қазақстандықтарды кәпірлерге қарсы қару алып күресуге шақырып лаңкестік идеяларды […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харамның» 10 террористі залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 маусым.Нигерияның солтүстік-шығысында террористік ұйым Бока Харамға жасалған операцияда 10 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Генерал-майор Кристофер Мозес Борно уәлаятындағы Кондуга аймағында Бока Харамға қарсы операция жасалғанын білдірді. Бока Харамға жасалған операцияда 10 террорист залалсыздандырылғанын айтқан Кристофер Мозес 3 сауытты көлік, қару-жарақ қолға түсірілгенін айтты.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Полицейлер діни қызметкерлер үшін экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша семинар өткізді

    ҚОСТАНАЙ, 30 қазан. Қостанайлық полицейлер дін қызметкерлеріне терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қостанай облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қазақстан Православтық Шіркеуінің Қостанай және Рудный Епархиясы” жергілікті діни бірлестігінің өкілдерімен семинар өткізді. Кездесуге келгендерге “Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамасындағы өзгерістер”, “Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Филиппиннің оңтүстігінде автобус жарылып, бес бейбіт тұрғын зардап шекті

    АСТАНА, 07 қараша. Филиппиннің оңтүстігінде жексенбі күні болған автобус жарылысы салдарынан  кем дегенде бес адам зардап шекті, деп генерал-майор Рой Галидо мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасағап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Оның айтуынша,қолдан жасалған жарылғыш зат жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30 шамасында көлік Кидапаван қаласынан Такуронг қаласына қарай келе жатқан кезде  іске қосылды. Зардап шеккен бес жолаушы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • КЖП мүшесі Швециядан Түркияға экстрадицияланды

    АСТАНА, 04 желтоқсан. Швеция КЖП террор ұйымына мүше болғаны үшін 6 жыл 10 айға бас бостандығынан айырылған Махмут Татаны Түркияға экстрадициялады, деп хабарлайды Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Алынған ақпаратқа сәйкес, Тат 2015 жылы бас бостандығынан айыру жазасына байланысты Швециядан баспана сұраған, бірақ ол қабылданбаған. Біраз уақыт бұрын Татты Швецияда полиция ұстап […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қорытындыланды

    Ақтөбе. 16 қараша. «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы адамдарды жұмысқа орналастырып, кәсіп ашуды үйретті. Жат ағымның жетегінде жүрген адамдар дәстүрлі дінге оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе облысының бас прокуроры Марат Қайыбжановтың сөзінше, «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қорытындыланды. Бұл жолы құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жерлігікті атқарушы билік пен сарапшы, теологтар Ақтөбенің 8 ауданында жұмыс […]
    • 8 Years ago
    • 0
  •  ТМД арнайы қызметтері Ынтымақтастықты кеңейту туралы меморандумды қабылдады

    АСТАНА, 03 қазан. 2022 жылғы 30 қыркүйекте Мәскеуде ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен барлау қызметтері басшыларының барлау қызметі мәселелері бойынша ХVIII кеңесі өтті. Іс-шараға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан делегациялары қатысты, деп РФ Сыртқы барлау қызметінің сайтына сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Кездесуде соңғы кездесуден бері өткен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Германия полициясы екі тоннадан астам кокаин тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек. Неміс полициясы Перуден келген 2,3 тонна кокаин тәркілеп, есірткі контрабандасының ірі арнасын ұйымдастырушы деген күдіктіні ұстады, деп Федералдық қылмыстық полиция ведомствосы (ВКА) хабарлайды. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Тәртіп сақшылары Перу билігінің көмегімен «бақыланатын жеткізу» барысында кокаин контрабандасының алдын алмастан жеткізуді бақылаған, деп хабарлады […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан ШЫҰ-на лаңкестікке қарсы күрес стратегиясын құруды ұсынды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Ауғанстан премьер-Министрі Абдулла Абдулла Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) аясында лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі аймақтық стратегияны  құруды ұсынды, деп Газета.uz сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Ауғанстан үкіметінің басшысы елдегі бейбітшілікке қол жеткізу үдерісін қолдағаны үшін Ресейге, АҚШ-қа, Өзбекстанға, ҚХР мен ЕО-қа алғыс білдірді. Абдулла Ауғанстан ШЫҰ-ның маңызды бөлігі болып табылады, алайда Ұйымда байқаушы мәртебесінде […]
    • 6 Years ago
    • 0
Бет 5 of 628« Бiрiншi...«34567 » 102030...Last »