Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қызылордада түрмеде жатып, терроризмді насихаттаған екі адам анықталды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 07 қазан. Ағымдағы жылдың ақпан айында түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыдан діни мазмұндағы қолмен жазылған парақтар тәркіленген болатын.Бұл туралы Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Сыр бойы газеті жазады.  Сонымен қатар, сәуір айында тағы бір сотталушыдан осы тектес парақтар айғақ зат ретінде алынды. Тергеу амалдарын жүргізу барысында деструктивті діни ағымын ұстанатын екі сотталушы […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ИМ содырлары Пальмира маңында армиялық патрулге шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 09 маусым. Пальмираның оңтүстігінде Сирия армиясының патруліне «Ислам мемлекеті» тобы содырларының шабуылынан кейін үш жауынгер қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости Al-Masdar News порталына сілтеме жасап. Порталдың мәлімдеуінше, террористер торуылдан шабуыл жасаған, қаза тапқандардың арасында бір офицер бар. Портал атап өткендей, соңғы уақытта террористер САР әскерилеріне және оның одақтастарына шабуыл жасауды жиілетті. Өткен айда 100 әскери қызметкер мұндай шабуылдардың […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Кашмирде әскери лагерьге жасалған шабуыл салдарынан үш қызметкер қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 05 мамыр. Үндістанның бақылауындағы Кашмир бөлігіндегі содырлармен атыс кезінде үнді қауіпсіздік күштерінің кемінде 3 мүшесі қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Бұл ақпаратты бүгін биліктің ресми өкілі растады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . Қақтығыс белгісіз қарулы адамдар Купвара округінің Вангам-Казиабад аймағындағы әскери лагерьге шабуыл жасағаннан кейін басталды. Қауіпсіздік органдарының қызметкерлері  шабуыл жасалған кезде осы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мина жарылысынан Колумбия Қарулы куштерінің екі сарбазы қаза тапты

      НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде. Колумбиның батысында болған  мина жарылысы салдарынан елдің Қарулы Күштерінің кемінде екі мүшесі қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды. Бұл туралы La FM радиостанциясына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Радиостанцияның мәліметі бойынша, оқиға жексенбі күні Архелия муниципалитетінде (Каука батыс департаменті) болған. Әскерилер есірткі егістерін жою операциясына қатысқан. Жарылыс салдарынан екі сарбаз оқиға орнында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сомалидегі «Аш-Шабаб» базасын басып алу кезінде 30-дан астам бала босатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. АҚШ-Сомали әскерлері Африка Одағы күштерінің қолдауымен ондаған баланы босатып, Төменгі Шабель аймағындағы «Аш-Шабаб» содырларының (Ресей Федерациясында тыйым салынған ұйым) стратегиялық базасын бақылауға алды. Бұл туралы VOA Swahili-ге сілтеме жасап REGNUM хабарлады. Ел астанасы Могадишодан 208 шақырым жерде орналасқан, Сомалидің оңтүстік-батысындағы Кунтуварей қаласы көптеген жылдар бойы «Аш-Шабабтың» (Ресейде тыйым салынған ұйым) стратегиялық базасы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Елорда тұрғыны экстремисттік сипаттағы материал таратқаны үшін жауапқа тартылады

    Астана. 20 сәуір. Экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша басқарма қызметкерлері таныстарына экстремисттік сипаттағы бейнематериалдар жіберген елорда тұрғынын әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Полиция хабар бергендей, 33 жастағы әйел WhatsApp арқылы қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын бейнематериалдарды таратқан. Заңнама бойынша қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдарды […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Ақтаудың өнеркәсіптік аймағында екі деструктивті діни ағым жақтаушысы қарумен ұсталды

    АҚТАУ, 17 маусым.   Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері алдын алу жұмыстар барысында қаруы бар тәртіп бұзушыларды анықтап, ұстады, деп хабарлайды «Северная газета». Операция Ақтаудың өндірістік аймағында өтті. Қызметкерлер арасында тінту жұмыстары жүргізілді. Жұмысшылардың бірінен көптеген түрлі қару-жарақ бар екені анықталды: бита, револьвер, электр есеңгіреткіш, қанжар, винтовка. Барлық заттар тәркіленді. Қазір қылмыстық іс қозғалды, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирактың 1700 сарбазы лаңкестерге қарсы жаттығудан өтті

    Багдад. 15 ақпан. Апта соңында Ирак жауынгерлерінің қатарына 1700 жаңа жасақ қосылады. Олар австралиялық командирлердің тәлімін алып, тәжірибе жинақтаған жергілікті жігіттер. Жас сарбаздар Мосул қаласының шығыс бөлігін лаңкестерден тазарту ісіне күш қоспақ. Көп ұзамай шынайы соғыс алаңына шығатын жауынгерлер АҚШ басқаратын коалиция мен Ирак әскерінің жауынгерлері ұйымдастырған ақырғы сынақтан өтті. Жаттығу барысында жігіттер жарылғыштарды танып, […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Алматыда екі қазақстандық ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін 5 жылға сотталды

    АЛМАТЫ, 16 наурыз. Блогерлер Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбай Facebook желісіндегі жазбалары үшін 5 жылға қамауға алынды, деп Stan.kz ақпарат агенттігіне агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты   хабарлайды.   Бұған дейін «Ұлттық алауыздықты қоздырды» деген күдікпен қамалған блогер-белсенді Марғұлан Боранбай Алматы қаласы ауданаралық сотының шешімімен үйқамаққа ауыстырылған болатын. Әлеуметтік желіде ұлттық сипаттағы жазбаларымен, ана […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ТМД елдері терроризмге қарсы бірлескен күресті нығайтады

    ТМД елдерінің басшылары Бішкекте 17 құжат қабылдады.Соның ішінде, 2017-2019 жылдарға терроризм мен зорлық танытқан  экстремизмге қарсы күреске Достастық мемлекеттердің қатысушыларының  ынтымақтастық  бағдарламасы. Мәжіліс қатысушылары қол қойған құжаттардың ішінде – ТМД-нің  заманауи болмысқа бейімделуі туралы шешім, Достастық елдердің экономикалық соты туралы шешім. Сонымен қатар саммитте ТМД елдерінің 2016-2020 жылдарға ақпараттық технологияларды қолданумен жасалған  қылмыстарға қарсы күрес […]
    • 9 Years ago
    • 0