Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Аргентинада иісшіл иттер есірткі арнасын жоюға үлес қосты

    НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан. Аргентинаның солтүстігі мен солтүстік-шығысында орналасқан федералды күштері тоғыз тоннаға жуық есірткіні тәркіледі. Өткізілген екі операцияда екі иісшіл ит шешуші рөл атқарды, деп La Nación басылымына сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. Мисьонес провинциясындағы операция барысында префектуралық бөлімнің мүшелері жүк көлігіне жасырылған 287 қорапқа салынған 8 858 кг есірткі затын тәркіледі. Жүк көлігінің жолаушылары […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өзбекстанда Сириядағы содырларға қосылуға тырысқан 14 күдікті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым.Өзбекстанның құқық қорғау органдары Самарқандта Сирияда соғысып жатқан террористік топтардың содырларына қосылуға әрекет жасады деген күдікпен 14 адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан . «Жедел іс-шаралар барысында Самарқанд облысының Ішкі істер басқармасы мен Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Самарқандта 14 адамнан құралған топтың әрекетінің жолын кесті», — деп республиканың Ішкі істер министрлігінің хабарламасында айтылған. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жамбылдық полицейлер құны 1,5 миллион теңге болатын  гашиш тәркіледі

    ТАРАЗ, 15 шілде. Жамбылдық полицейлер есірткі сатушыдан үш мыңға жуық гашиш дозасын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 8 шілдесінде “Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қайнар-Қордай” автожолында Chevrolet маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тінту барысында жолаушы Шу қаласының 44 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда героин сатқан әйелден 100-ге жуық біржолғы дозасы алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 мамыр. Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері есірткі дилерін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «27-29 сәуір күндері елорда аумағында «Құқықтық тәртіп» алдын алу шарасы өткізілді. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу және оған жол бермеу. Осылайша, жедел іс-шараларды өткізу кезінде […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Иракта қос теракттың алды алынды

    АСТАНА, 13 ақпан. Ирактың Синджар қаласындағы қауіпсіздік қызметкерлері ДАИШ (Қазақстан территориясында тыйым салынған ұйым) террористік тобының жанкешті-лаңкестердің қатысуымен болатын әрекеттерді болдырмады, деп Kurdistan.ru сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Қауіпсіздік қызметкерлері екі адамды ұстады, олардың біреуі белбеуі бар жанкешті-лаңкес, ал екіншісі – миналанған автокөлікті басқарған болатын. Толығырақ ақпарат әлі берілмеген. Өткен аптада Иракта «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда қызметіне […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Колумбиялық әскери-теңіз күштері сегіз тонна кокаинды ұстап алды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек. Колумбиялық ұлттық әскери-теңіз күштері құны 500 миллион АҚШ доллары шамасында  болатын сегіз тонна кокаинды ұстап алды, деп Noticias Caracol телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Хабарланғандай, есірткі заттар  Тумако муниципалитетінің жағалауына жақын жердегі жартылай батпалы сүңгуір қайықта болған, Орталық Америкаға өткізілмек болған.Жүктің кімге тиесілі екені туралы мәліметтер келтірілмейді. Телеарна мәліметтері бойынша, осындай […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Белгісіздер Америкадағы Капитолий ғимаратына ұшақ бағыттаймыз деп сес көрсетті

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қаңтар. Нью-Йорк әуежайының бірнеше диспетчері Капитолий ғимаратына ұшақ бағыттап, ирандық генерал Қасем Солеймани үшін кек аламыз деген аудио хабарламалар естігендерін айтты,  деп  CBS News-ке сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды. Хабарламада: «Сәрсенбі күні біз Капитолийге ұшақ бағыттап, соғыламыз. Солеймани үшін кек алынады» , —  делінген. Қазіргі уақытта бұл хабарламаны кім жібергені белгісіз. «Үкімет қауіпті орынды […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харамның» 19 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан.Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» террористік ұйымының 19 содыры залалсыздандырылды.Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа жасырын болғысы келген армия өкілі хабарлады, деп Анадолу агенттігі жазады. Оның айтуынша, Ранн қаласында (Борно штаты) «Боко Харам» содырлары мен әскерилер арасында қақтығыс болды. Армия өкілі операция кезінде бір әскеридің жараланғанын айтты. Террористердің бес соғыс көлігі мен оқ-дәрілердің едәуір бөлігі алынды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кипрдің Пафос қаласында жұма күні екі жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз. Жұмаға қараған түні Кипрдің Пафос қаласында екі жарылыс болды. Бұл туралы Кипр полициясының мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. 31 жастағы әйелге тиесілі көлік түнгі сағат 3-те жарылды. Содан бірнеше минут өткен соң, 28 жастағы ер адамның үйдің ауласында тағы бір жарылыс болды. Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, жарылыс салдарынан көлік пен үйге айтарлықтай […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Пактия қаласында «Талибан» шабуылынан 3 қауіпсіздік қызметкері қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қыркүйек. Ауғанстанның Пактия провинциясында  Талибан содырлары полиция басқармасына шабуыл жасады. Шабуылда 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты, деп TRT жазады.  Пактия провинциясы әкімшілігінің мәлімдемешісі Абдул Рахман Мангел содырлардың Данд Патан ауданындағы полиция басқармасына шабуыл жасағанын айтты. Абдул Рахман Мангел Талибан шабуылы салдарынан 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапқанын, бір қорғаушының жараланғанын білдірді.
    • 4 Years ago
    • 0