Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Таразда бұрын сотталған ер адамнан 20 келі марихуана тәркіленді

    ТАРАЗ, 11 маусым. Таразда бұрын сотталған павлодарлықтан 20 кг астам марихуана тәркіленді, деп Жамбыл облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметіне сілтеме жасап KazTAG хабарлады.  «9 маусымда «Көкнәр-2019» ЖПШ барысында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараздағы автовокзал жанынан бұрын сотты болған Павлодар қаласының 39 жасар тұрғынын ұстаған. «Бава» есімді қызметтік итті қолдану […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Иракта лаңкестер 3 түркиялық дипломатты атып өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде. Ирактың Эрбиль қаласында қарулы шабуыл салдарынан түркиялық 3 дипломат қаза тапты 24. kz хабарлайдды.  Олардың ішінде Түркияның Ирактағы бас консулының орынбасары бар. Оқиға мейрамханада болған. Қарулы лаңкестер тамақтануға келген дипломаттарға оқ жаудырған. Сөйтіп оқиға орнынан іздерін суытқан. Қазір аталған іс бойынша тергеу жұмыстары басталды. Полиция оқиға орнын қоршауға алып, қаладан шығатын жолдардың […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Англияда шабуыл нәтижесінде 11 адам пышақ жарақатын алды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір. Англияның орталығындағы Бедворт қаласында 33 жастағы ер адам пышақпен шабуылдап 11 адамды жаралады, деп Уорвикшир округінің полициясы сенбі күні таратқан мәлімдемесінде айтылған. Бұл туралы ТАСС агенттігіне агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Хабарламада айтылғандай, шабуылдаушы жергілікті тұрғын болып шықты,оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады. Құқық қорғау органдарының […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Түзу жолға түскіміз келеді»: Сириядан оралғандар көзбен көрген сұмдықтарын айтты

    АСТАНА, 19 қаңтар. Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң. Арнайы «Жусан» операциясымен елге оралған жерлестеріміз Сириядағы көзбен көрген сұмдықтарын айтып берді. Жұмақты аңсаймын деп тағдыры тозаққа айналғандар туған жерге жеткенімізге қуаныштымыз дейді. Қазір Ақтаудағы бейімдеу орталығында жатқан оларға барлық жағдай жасалған. Орталықта бөбектерге балабақша, жеткіншектерге арнайы мектеп ашылған.Бұл туралы ktk.kz сайтында хабарланған. Сириядан жеткізілген […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • CENTCOM: Сирияның шығысында ДАИШ-тің екі жетекішісі өлтірілді

    АСТАНА, 12 желтоқсан. Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Сирияның шығысында ДАИШ ұйымының екі жетекшісінің өлтірілгенін хабарлады.Бұл туралы TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. CENTCOM жазбаша мәлімдемесінде «АҚШ Орталық қолбасшылық күштері 11 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 02:57-де Сирияның шығысында тікұшақпен сәтті операция жүргізіп, Сирияның шығысындағы жоспары мен операцияларына қатысы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Мьянма орталығында болған жарылыстан екі адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек. Мьянманың орталығындағы коронавирусқа тексеру пункттерінің бірінде бомбаның жарылуы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитеттің» ресми сайты жазады. Жарылыс Мандалай қаласының маңындағы Аунмьетазан елді мекенінде болды. Қаза болғандар мен жараланғандардың арасында Мьянма қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері де, бейбіт […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерия әуе күштері «Боко Харам» лагерьлерін бомбалады

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан.Нигерияның солтүстік-шығысында Боко Харамға бағытталған операцияда көптеген террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігі хабарлайды. Нигерия Әуе күштерінің мәлімдемешісі Эдвард Габквет жасаған жазбаша мәлімдемесінде Нигерия армиясының Чад көлі алқабында Боко Харамға қарсы әуе операция ұйымдастырғанын білдірді. Габквет шабуылда ұйымның лагерінің күйретілгенін және көптеген террористтердің залалсыздандырылғанын баяндады. Боко Харам соңғы жылдарда ұйымдастырылған операцияларға қарамастан Нигерияға қауіп […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Экстремизмге күдікті Ингушетияның үш тумасы Мысырдан Ресейге депортацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар.  2018 жылы Мысырда экстремизмге күдікті ретінде ұсталып, Каир түрмесінде болған Ингушетия студенттері Ресейге депортацияланды. Тұтқындалған төртеудің үшеуі оралды, деп Ингушетияның Сыртқы қатынастар, ұлттық саясат, баспасөз және ақпарат министрлігінің ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды бақылау және БАҚ басқармасы бастығы Магомед Харсиевке сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Мысырдағы Ресей консулдығынан түскен мәліметтер бойынша төрт студенттің тек […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қазақстандағы БАҚ терроризм мен экстремизм тақырыбында жазуға қорқады – заңгер

    НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір.«Былтыр Қазақстанда заңнамаға көптеген өзгерісер енгізілді. Оның ішінде БАҚ туралы заңға кейбір айтылған пікірлерді насихат деп бағалауға мүмкіндік беретін норма қабылданды. Яғни журналистер материал дайындау кезінде онысы насихат деп саналмай ма деп алаңдайтын болды», — дейді «Құқықтық медиаорталық» ҚҚ заңгері Гүлмира Біржанова CABAR.asia сараптамалық порталына берген сұхбатында, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. – Қазіргі сәтте қазақстандық журналистер […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан астанасында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 желтоқсан. Сейсенбі күні Ауғанстан астанасының орталығында жарылыс болды. Бұл туралы елдегі билікті басып алған «Талибан»* радикалды қозғалысы тағайындаған Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хостиге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Бірнеше минут бұрын Джоушер орамында вазаға жасырылған мина жарылысы болды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», — деп жергілікті Salam Watandar радиостанциясы радикалдар […]
    • 3 Years ago
    • 0