Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сирияның солтүстігіндегі «Джебхат ан-Нұсра» террористері оппозициялық форпостқа шабуыл жасай бастады

    АСТАНА, 06 қаңтар. «Джебхат-ан-Нұсра» ұйымының террористері сенбі күні Алепподан батысқа қарай орналасқан Атариб қаласындағы Сирия оппозициясының ірі форпостқа шабуыл бастады. Операция «Ахрар аш-Шам» тобының содырлары Атарибтен өз құрамаларын шығарудан бас тартқаннан кейін басталды. Бұл туралы ТАСС хабарлады. Бұдан бұрын террористер Сирияның солтүстігіндегі «Нүрреддин аз-Зенги бригадасын» талқандап, Дарет-Изза қаласымен қатар 20-дан астам елді мекендерді басып алған. Сириялық […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Қарағанды облысының тұрғындарынан героин мен қару-жарақ тәркіленді

    ҚАРАҒАНДЫ, 13 сәуір. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Жезқазған, Сәтбаев қалаларының тұрғындарынан жарты килограммнан астам героин және қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.  11 сәуір күні облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы, Жезқазған қалалық ПБ және Қарағанды облысы бойынша ҰҚК қызметкерлерінің қатысуымен есірткі заттарының алдын алу мақсатында жүргізілген арнайы операция кезінде 32 мен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Биыл ШЫҰ аумағында 7 тонна есірткі тәркіленген

    АЛМАТЫ,09 тамыз. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ішкі істер министрлерінің екінші кеңесіне қатысқан Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан полицейлерінің трансұлттық қылмыспен қалай күресетінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Біздің елдер аумағында қауіпті қылмыскерлерді іздеу және ұстау, ауыр қылмыстарды бірлесіп ашу жолға қойылғанына көптеген мысалдар бар. ТМД шеңберінде жыл сайын […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Атырауда 16 жасар жасөспірім мектепті «миналаған» 

    АТЫРАУ, 10 наурыз. Атырауда 16 жасар жасөспірім мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 5 наурызда мектептердің бірінің электронды поштасына сағат 08:52 шамасында белгісіз адамнан хат түскен. Хатта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жазылған. Бұл туралы мектеп басшылығы жедел басқару орталығына хабарлаған. «Полиция қызметкерлері мектепте жедел […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  Өскеменде синтетикалық есірткі өндірісін жолға қоймақшы болған Алматы тұрғыны ұсталды

    ӨСКЕМЕН, 23 желтоқсан. Алматылық қыз Өскеменде синтетикалық есірткі өндірісін жолға қоймақшы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шығыс Қазақстан облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ІІМ мен прокуратураның үйлестіруімен Өскемен қаласында синтетикалық есірткілерді өткізу арнасын жедел әзірлеу нәтижесі есірткі зертханасын жоюмен аяқталды. ”Рефлекс” арнайы операциясын өткізу кезінде полиция қызметкерлері 120 грамм ”альфа-pvp” психобелсенді заты тәркіленген жергілікті тұрғынды ұстады. Ол есірткіні оған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «ИМ» лаңкестік тобы Лондондағы қастандықты өз мойнына алды

    Лондон. 24 наурыз. «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы Лондондағы лаңкестікті өз мойнына алды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сенімді дереккөздің» хабарлауынша, шабуыл жасаушы ДАИШ сарбазы болған және террористердің коалиция (Таяу Шығыстағы лаңкестікпен күрес жүргізіп жатқан елдер) азаматтарына қастандық жасау туралы тапсырмасын орындаған. Еске сала кетейік, сәрсенбі күні автокөлік Вестминстер көпірінде адамдарды таптап өткен. Кейін парламент ғимараты жанына барып […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • ОҚО-да екі адам терроризмді насихаттаған

    Шымкент. 21 мамыр. Түркістан қаласы мен Сайрам ауданында діни радикалдық аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін 2 азамат ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ОҚО ІІД және ОҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Түркістан қаласы мен Сайрам ауданында діни радикалдық мазмұндағы аудио, видеожазбаларды таратқаны үшін […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Көкшетаудағы облыстық сот ғимаратын полиция қоршап алды: қызметкерге бомба қойылғаны туралы ескертілді

    КӨКШЕТАУ, 28 маусым. Көкшетаудағы Ақмола облыстық сотының ғимаратын таңертең полиция қоршауға алды. Арнайы операцияға бомба қойылғаны туралы хабарлама себеп болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Облыстық соттың баспасөз қызметі ақпаратты растады. «Бүгін таңертең Ақмола облыстық сотының ғимаратында жарылғыш зат қойылғаны туралы сот маманына хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта ақпаратты арнайы қызмет тексеріп жатыр», — деп атап өтті […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БАҚ: ЕО Кабулдағы лаңкестік әрекетті айыптады

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Еуропалық Одақ билігі Ауғаныстан астанасында үйлену тойы кезінде жасалған лаңкестік әрекетті айыптайды. Бұл туралы Еуропалық сыртқы саяси қызметінің хабарламасында айтылған, деп REGNUM хабарлайды. «ЕО алдағы уақытта да Ауғанстанды халықаралық лаңкестікке қарсы күресте қолдайтын болады, ЕО өзінің қайғы-қасіретке ортақтастығын білдіреді», — делінген хабарламада. Агенттік хабарлағандай, 17 тамызда Ауғанстанның астанасында той салтанаты кезінде жойқын […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Алматыда ірі есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

    АЛМАТЫ, 24 қыркүйек. Алматыда синтетикалық есірткіні өндіруге арналған шикізаттың үлкен көлемі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Арнайы іс-шара кезінде полицейлер есірткі зертханасын жойды, онда, рұқсат етілген тінту кезінде, бес жабдық жиынтығы және синтетикалық есірткі өндірісі үшін компоненттері бар төрт бөшке (80 литрден астам), сондай-ақ 100 гр. “Мефедрон” тәркіленді. Оны 1976 жылы туған К.есімді азаматтың тобы […]
    • 5 Years ago
    • 0