Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Өзбекстанда 14 діни экстремист ұзақ мерзімге сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. Өзбекстанның оңтүстігіндегі Сурхандария облысының Термез қаласында 14 жергілікті тұрғын діни экстремизм үшін он жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп «Интерфакс» хабарлайды. Бұл туралы Islam-today сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Термез қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты ұсталған 14 адамның ісін қарап, оларды Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша кінәлі деп […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматыда терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

    АЛМАТЫ, 20 қазан. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ТҚО. Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қикімов деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларға қатысты, оның ішінде «Ақниет» ақпараттық-профилактикалық оңалту орталығы» қоғамдық қорының теолог мамандарын тарту арқылы жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижелерімен таныстырды. Алматы қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Дархан Қанатбеков бөлімшенің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Имани насихат жандана түспек

    Степногорск. 26 маусым. Кезінде Степногорск қаласы жат ағымдағылар көптеп белең алған өңір болатын. Мүфтият және жергілікті филиалдың қолға алуымен жаман кеселдің жолын кесу бағытында тұшымды жұмыстар тындырылды. Бұл насихат шарасы бүгінде жалғасын табуда. Осы өңірде болып, Паң Нұрмағамбет мешіті жамағатымен кездескен Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит бұл бағыттағы насихат шаралары жандана түсетінін айтты. Мешіттегі […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда ірі көлемде есірткі сатпақ болған ер адам қолға түсті

    ҚАРАҒАНДЫ, 13 мамыр. Қарағандыда есірткі сатушы 10 жылға сотталуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz. 11 мамырда Қарағанды қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, облыстық  ПД есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемде есірткі сатпақ болған адамды ұстады. Республиканың оңтүстік облыстарының бірінің  36 жастағы тұрғыны ұсталды. – Тінту кезінде жол сөмкесінен есірткі заты табылды. Сарапшылар қорытындысы бойынша сөмкеде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Серпухов монастырының аумағында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан. Ресейдің Серпухов қаласында православтық гимназияда жарылыс болды, деп Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ресейдің Мәскеу облысының Серпухов қаласының әйелдер монастырінде жарылыс болды. Бомбаны православтық классикалық гимназияның 18-жастағы түлегі жарған. Осыған байланысты оқытушылар мен оқушылар қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті полицейлердің айтуынша, қаскөй оқу орны ғимаратының ішіне кіріп, өзін жармақ болған. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Австралияда террорлық қауіп деңгейі төмендетілді

    АСТАНА, 30 қараша. Австралияда террорлық қауіп үшін дабыл деңгейі 2014 жылдан бері алғаш рет «күштіден» «төменге» төмендетілді, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Австралия Қауіпсіздік барлау агенттігінің (ASIO) басшысы Майк Бурджесс осы тақырыпқа қатысты мәлімдемесінде «Бұл қауіп жойылды дегенді білдірмейді» деді. Бурджесс 2014 жылдан бері алғаш рет лаңкестік қауіп деңгейінің «жоғары ықтималдан» […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ Мәскеуде 256 бала бақшаны «миналаған» ер азаматты ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз. Мәскеуде бұрын сотталған шеттен келген 48 жасар адам лаңкестік туралы көрінеу жалған хабарлама жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Росбалт Мәскеу бойынша ІІМ ББ ақпарат және қоғамдық байланыстар басқармасының бастығы Юрий Титовқа сілтеме жасап. Күдіктіні ФҚҚ қызметкерлері Дежнев оралымында ұстады. Титовтың айтуынша, ер адамның хабарламасына байланысты Мәскеудегі солтүстік-шығыс әкімшілік округінде орналасқан 256 […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Тоқаев:Лаңкестер Қазақстан астанасына шабуыл жасағысы келген

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сессиясында лаңкестер тәртіп күштерін өзіне тартып, Қазақстан астанасына шабуыл жасағысы келгенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Бір уақытта 11 өңірде көтеріліс болды. Бірақ негізгі соққы Алматыға бағытталды. Бұл біздің ірі қалаларымыздың бірі, қаржы орталығы екенін білесіздер. Маңызды көлік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пермь мемлекеттік университетінде атыс туралы не белгілі

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек. Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс салдарынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 24 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Оның 19-ына оқ тиген. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, қазір оқиға орнында 25 медициналық бригада жұмыс істеп жатыр. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің, сондай-ақ Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустиннің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігінде аса қауіпті КЖП-ның террористі залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша. Ирактың солтүстігінде содырлардың Сирияға жіберуін қадағалаған «Дыхлаз» лақап атымен белгілі КЖП-ның лаңкесі Хизрет Чалкын залалсыздандырылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Ирактың солтүстігінде содырлардың Сирияға жіберуін қадағалаған «Дыхлаз» лақап атымен белгілі КЖП-ның лаңкесі Хизрет Чалкынның көзі жойылды. Қауіпсіздік дереккөздерінің хабарлауынша, бұл операцияға Түркияның Ұлттық барлау ұйымы (MİT) қолдау көрсеткен. Хизрет Чалкын Түркия ішкі істер […]
    • 4 Years ago
    • 0