Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сириядан оралған екі азамат сотта өздеріне тағылған айыпты мойындамады

    Бүгін Сириядан елге қайтарылған екі Қазақстан азаматы сот алдында жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24». Дәурен Сәбитұлы және Данияр Алтаев есімді айыпталушыларға Қазақстанда тыйым салынған «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының құрамында болып, ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылып отыр. Екеуі де сот алдында сөз алып, өз оқиғаларын баяндап берді. Қос айыпталушы да «терроризмді насихаттады» деген айыпты мойындамады. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Есірткі жарнамалаған 22 интернет сайт бұғатталды

    АЛМАТЫ, 30 маусым. Интернет желілеріне мониторинг жүргізу нәтижесінде есірткі заттарын сату туралы жарнама орналастырылған 22 сайттың жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz. «Есірткі заттарын заңсыз жарнамалау және насихаттау фактілері бойынша 15 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», — деді Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметінде.  Ведомсвто прокуратура органдары интернеттен бастау алатын қылмыстардың басқа […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ: Лаңкестер Ресейдегі шетелдік студенттерді жалдауға тырысады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз. Халықаралық лаңкестер, Ресейлік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан  шетелдік студенттерді өз қатарына жалдауға  тырысады, деп сейсенбі күні лаңкестікке қарсы ұлттық комитеттің  отырысында РФ ФҚҚ директоры Александр Бортников мәлімдеді.Бұл туралы РИА Новости  хабарлайды. Бұған дейін арнайы қызметтер бұл аспектіні хабарлаған жоқ, негізінен еңбек мигранттары туралы айтылған болатын. «Халықаралық террористік ұйымдардың эмиссиялары Ресей […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Бағдадта тағыда бір жарылыс болды

    Бағдад. 6 қаңтар. Ирак астанасы Бағдадта бірнеше жарылыс болып, 27 адам қаза тапты. Алдымен көлікке жасырылған бомба базардың қасында іске қосылған. Осыдан кейін шаһардың орталығындағы тексеру бекеттерінің бірінің алдында жаңа лаңкестік жасалды. Бұл жерде де көлікке тығылған жарылғыш зат атылған. Шабуылдарды әлі ешқандай топ мойнына алған жоқ. Дегенмен полиция шабуылдарды «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында ауылға жарылғыш зат қойылды деген азамат ұсталды

    ТАЛДЫҚОРҒАН, 26 мамыр. Алматы облысының Талғар ауданында жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған азамат ұсталды. Күдікті 26 мамыр күні полицияға қоңырау шалып, Жалғамыс ауылы маңындағы су сорғыш стансасына мина қойылғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айтылған орынды полиция қызметкерлері қоршауға алып, жарылғыш затты залалсыздандыратын мамандар иісшіл иттермен тексеруге кіріскен. Нысан аумағында ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Жедел іздестіру […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның қауіпсіздік қызметкерлері 100 тоннадан астам апиынды жойды

    НУР-СҰЛТАН, 29 сәуір. Ауғанстанның ұлттық армиясының арнайы күштері коалициялық күштермен бірлесіп, Фарах провинциясындағы 100 тоннадан астам апиынды жойды. Бұл туралы АфТАГ агенттігі АИР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды . «Ауғанстанның ұлттық армиясының арнайы күштері Фарах провинциясының Баквах ауданында коалициялық күштермен кең ауқымды операция өткізді, онда 100 мыңнан астам килограмм апиын жойылды», — Қорғаныс министірлігінің Twitter-дегі […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ата-аналардың балаларымен өткізетін уақытының аздығы жастардың жиі адасуына алып келеді  

    НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Жат ағымдар туралы айтқанда ең алдымен жастардың мәселесі алға шығады. Себебі, деструктивті діни ағымды таратушылар алдымен жастарды жандарына жиюға тырысады. Олардың сенгіш, ақпараттарды талдай білмейтінін жақсы біледі, деп Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Шәрібай Тобжанов kazislam.kz сайтында жазады.  Бүгінде жастардың 100 пайызға жуығы ғаламтор меңгерген. Ал, жалған діни ұстанымды таратушыларға әлеуметтік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сириядағы АҚШ базасы зымыранмен атқыланды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз. Жексенбі күні Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясындағы Омар мұнай кеніші маңындағы АҚШ әскери базасы зымыранмен атқыланды, деп El Nashra жаңалықтар порталы хабарлады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. АҚШ әскери лагеріне жақын маңда зымыран құлағаннан кейін жойқын жарылыс естілгені хабарланды. Ықтимал шығындар мен материалдық шығын туралы ақпарат […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Талибан» делегациясы Иранға келіссөздер жүргізу үшін келді

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар.  Ауғанаралық келіссөздерге қатысатын «Талибан» қозғалысының делегациясы Иран тарапының шақыруымен Тегеранға келді, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде «Талибан» саяси кеңесінің басшысы молла Абдулғани Берадер бастаған делегация Иран астанасында бірқатар консультативтік кездесулер өткізетінін айтты. Басқалармен қатар тәлібтерді Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф қабылдайды. «Күн […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Анкарада ДАИШ-қа қатысы бар деген күдікпен ресейлік ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қазан. Анкарада Сириядағы ДАИШ террористерінің әрекеттеріне қатысқаны үшін Интерполдың қызыл бойынша іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды. Бұл туралы Анадолу агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлады. Анкарада ДАИШ террористерінің Сириядағы әрекеттеріне қатысқаны үшін Интерполдың қызыл циркуляры бойынша іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды. Операцияны бейсенбі күні таңертең елордалық полиция басқармасының терроризммен […]
    • 4 Years ago
    • 0