Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ресейде жеті мигрант «терроризмге қатысы барын» мойындаған

    Самара. 9 сәуір. Самара қаласында «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік тобына қосылып, Мәскеу, Санкт-Петербург және Екатеринбургте теракт жасамақ болды деген айыппен ұсталған бір топ өзбек мигранттарына қатысты сот ісі аяқталды. Приволжск округтік әскери соты жабық есік жағдайында өткен сотта Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары бар жеті адамды «терроризм», «заңсыз қару саудасы» және «жарылғыш заттарды заңсыз сақтады» […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Мағрибтегі Әл-Каида басшысының басына 7 миллион доллар бәйге тігілді 

    НҰР-СҰЛТАН, 04 маусым. АҚШ Әл-Каиданың Африканың солтүстік құрылымы басшысы Абу Убайда әл-Аннабидің басына бәйге тікті, деп TRT хабарлайды.  АҚШ әкімшілігі террор ұйымы Әл-Каиданың Африканың солтүстік құрылымы болған Мағриб Әл-Каидасы жетекшісі Абу Убайда әл-Аннаби туралы нақты ақпарат бөліскендерге 7 миллион доллар бәйге жариялады. АҚШ Сыртқы істер министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде «Әділет үшін сыйақы» бағдарламасы аясында Мағрибтегі Әл-Каида […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Швеция Парламенті экстремистерге қарсы заңнаманы қатайтады

    НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз. Швеция Парламенті терроризмге қарсы іс-қимыл мақсатында заңнаманы қатайтады. Бұл туралы Швецияның Sveriges Radio SR радиосы порталына сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Швецияның Әділет министрлігі экстремистерге қатысты заңнаманы қатайту мәселесін алғаш рет мақұлдады. Швед парламентшілерінің жаңа заңнамалық бастамалары террористік деп танылған ұйымға кіруге тыйым салу болып табылады. Сондай-ақ, лаңкестерге жәрдемдесуге жария түрде шақыру және […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Иранның батысында лаңкестік ұяшық жойылды

    АСТАНА, 03 қараша.Иранның қауіпсіздік күштері елдің батысында лаңкестік ұяшықты анықтап, жойды, деп хабарлайды Stopterror.uz IRNA агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. IRNA агенттігінің хабарлауынша, бұл топ Илам провинциясында әрекет еткен және елдегі таяуда болған тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысқан. Лаңкестер қарулы күштер мен қауіпсіздік органдарының бақылауындағы нысандарға шабуыл жасауды жоспарлаған. Гранаталар […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияда автобус жарылысы нәтижесінде 20-дан астам адам қаза тапты

    АСТАНА, 24 ақпан. Сирияның Хама провинциясындағы Вади әл-Азиб ауылында автобус «Ислам мемлекеті» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) лаңкестері орнатқан минада жарылыстан қирады. Кем дегенде 24 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости республикалық мемлекеттік телеарнаға сілтеме жасап. Соңғы ақпарат бойынша, автобуста жұмысшылар келе жатқан. Сириядағы осындай оқиғалар сирек емес: Сирия армиясының шабуылына байланысты қоныстарын қалдырып […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Өскеменде ХҚКО ғимаратына «жарылғыш зат» қойғанын хабарлаған ер адам ұсталды

    ӨСКЕМЕН, 04 маусым. Полицейлер Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында жарылғыш зат қойғаны туралы хабарлаған адамды анықтады,  деп YK-news.kz  сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлайды.  Айта кетейік, 30 мамырда шамамен 13:00-де Мызы және Қазақстан көшелерінің қиылысы қоршауға алынған еді. Дүрбелең салуға ғимаратқа жарылғыш зат қойлығаны туралы хабар түскен. Қуанышқа орай хабарлама жалған болып шыққан. Полицейлер қоңырау шалған […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Шымкент жастары есірткі жарнамаларының көзін жойды

    ШЫМКЕНТ, 14 маусым. Шымкент көшелерінде орналасқан үйлердің қабырғаларына синтетикалық есірткі заттарын сатуға бағыттайтын интернет сілтемелерін жарнама суреттері пайда бола бастаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Бұл жарнамаларды кез келген адам елей бермеуі мүмкін. Көп адам олардың мәнін түсіне бермейді. Ал оның мағынасын білетіндер жазуларды өшіріп тастауға тырысады. Шымкент қаласының Полиция департаментінің қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының активистерімен […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ІІМ: Мектептерде мамандандырылған күзет міндетті түрде болады

    НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр.   Қазақстандағы мектептерде арнайы күзет болады. Бұл туралы әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. «Бүгінде білім беру ұйымдарының көбі лаңкестік жағынан осал нысандардың қатарына енгізіліп отыр. Мамырдың басында үкіметтің тиісті қаулысы қабылданды. Онда лаңкестікке қарсы қорғанысты ұйымдастыру бойынша жаңа талаптар бекітілді», — деді Баймұқашев онлайн брифингте. Оның айтуынша, бұрын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тұрғын үйді «миналаған» ақмолалық ұсталды

    КӨКШЕТАУ, 07 маусым. Ақмола облысында терроризм актісі туралы телефон арқылы көрінеу жалған хабар берген ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, келеңсіз жағдай Аршалы кентінде тіркелген. Маусымның 5-де жергілікті полиция бөлімінің «112» арнайы телефон желісіне ер адам қоңырау шалып, тұрғын үйлердің біріне «бомба» қойылғанын хабарлаған. Ол жарылғыш зат […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Атырауда есірткі сатушыдан үш жүз грамм «синтетика» тәркіленді

    АТЫРАУ, 09 қараша. Атырауда есірткі затын дайындап сатумен айналысқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 5 қараша күні Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп​ тиым салынған синтетикалық есірткіні сатумен айналысып жүрген күдіктіні ұстады. – Белгілі болғандай, 27 жастағы азамат өзінің жалдамалы пәтерінде есірткі […]
    • 4 Years ago
    • 0