Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Иорданияда лаңкестерді өлім жазасына кесті

    Амман. 29 желтоқсан. Иордания соты «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» 5 мүшесін өлім жазасына кесу жөнінде үкім шығарды. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады. Олар биыл наурызда елдің солтүстігіндегі Ирбид қаласында жүргізілген рейд кезінде қолға түскен. Сот бұл азаматтарды полицейдің өліміне әкеп соқтырған лаңкестік әрекет ұйымдастырып, жарылғыш заттар жасап-сақтағаны және экстремистік үгіт-насихат жүргізгені үшін айыпты […]
    • 9 Years ago
    • 0
  • Лондондағы терактіні ИМ мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 желтоқсан.  «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Лондон орталығындағы пышақ шабуылын өз мойнына алды, деп Азаттық хабарлайды.  29 қарашада Лондонда 28 жастағы Усман Хан екі адамды пышақтап өлтіріп, бірнеше адамды жаралаған ИМ шабуылды мойнына алғанымен, ешқандай дәлел ұсынған жоқ. Бұрын терроризм айыбымен сотталған Усман Хан Лондон көпіріндегі адамдарға пышақпен шабуылдаған. Полиция келгенше бірнеше адам оның […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Теміртау полицейлері 600 граммға жуық «синтетика» тәркіледі

    ТЕМІРТАУ, 10 қазан. Теміртауда есірткі жасырушыдан бір келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Теміртау қалалық Полиция басқармасы есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен қалада белгісіз бір азаматтар есірткі жасырумен айналысып жүргендігі туралы ақпарат түсті. Аталған ақпарат бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы сауда орындарының бірінің маңынан 19 және 17 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • АҚШ президенті Сирияда «Ислам мемлекеті» жетекшісінің залалсыздандырғанын мәлімдеді

    НҰР-СҰЛТАН, 04 ақпан. АҚШ әскери күштері Сирияда «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының жетекшілерінің бірін залалсыздандырды, деп АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдемесіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды, деп  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Біздің қарулы күштеріміздің шеберлігі мен батылдығының арқасында біз ИМ* жетекшісі Әбу Ибрахим әл-Хашими әл-Курайшиді ұрыс даласында  жойдық», — деп Ақ үй президентің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматыда 15 жылдан бері іздеуде жүрген аса ірі мөлшерде есірткі сатқан қылмыскер қолға түсті

    АЛМАТЫ, 02 қыркүйек. Аса ірі мөлшерде есірткі сатқан қылмыскер 15 жылдан кейін Алматыда қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың шілде айында Алматы қаласында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге 2006 жылдан бері аса ірі мөлшерде есірткі сатқан деген күдікпен іздеуде жүрген 42 жастағы ер адамды ұстады. 2004 жылдың 12 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Арнайы топтың Ақтөбеде жұмысының нәтижесінде 163 террористік веб-сайт парақшасы жабылды

    Ақтөбе. 1 мамыр. Ақтөбе облысында 2017 жылғы 3-26 сәуірде Алға, Байғанин, Темір, Мұғалжар, Шалқар аудандары мен Ақтөбе қаласында жүзеге асырылған «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасының қорытындысы шықты, деп хабарлайды  BNews.kz. «Құрамында дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, бизнес-тренерлер, имамдар мен теологтар бар 130-дан аса сарапшыдан құралған 7 жұмыс тобы10 мың шақырымды жүріп өтіп, 57 ауыл мен 5 қаланы […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Ауғаныстандағы сайлау: жарылыстар, құрбандар…

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек. Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз қаласындағы сайлау учаскесінде жарылыс болды, онда бір адам қаза тапты, Нангархар провинциясының Джелалабад қаласында жарылыстан  бір адам қайтыс болды, төрт адам зардап шекті және Кандагарда  15 адам жараланған, деп хабарлайды РИА Новости. Сондай-ақ, президенттік сайлау қарсаңында Кандагар провинциясында кем дегенде 31 жарылғыш құрылғы табылып залалсыздандырылды. «Кеше кешке 31 бомба […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Елбасы Хасан Руханиге Тегеран қаласында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айтты

    Астана. 8 маусым. Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге Тегеран қаласында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Тегеран қаласындағы ел парламентінің ғимараты мен имам Хомейни кесенесі аумағындағы террорлық актілер салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Елбасы Қазақстан […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Қостанайда 46 келі есірткі жойылды

    ҚОСТАНАЙ, 11 маусым. Қостанай облысының полиция департаментінің аумағында есірткіні жою шарасы өтті. Пеште қылмыстық істің айғағы ретінде пайдаланылған 46 келі есірткі заты өртелді, деп хабарлайды Zakon.kz. Өткен жылдың қараша айында қостанайлық есірткімен күресушілер заңсыз айналымнан 200 келіден астам марихуананы тәркіледі. Олар аймақта есірткі таратып жүрген сегіз адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Есірткі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • РФ 23 аймағында украин неонацистік «MКУ» тобының 60 жақтаушысы ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз. Ресей ФҚҚ елдің 23 аймағында украиндық неонацистік «МКУ» жастар тобының 60 жақтастарын ұстады, деп ФҚҚ қоғаммен байланыс орталығы мәлімдеді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. «Федералдық қауіпсіздік қызметі Ішкі істер министрлігі және Тергеу комитетімен бірлесіп, келісілген жұмыс нәтижесінде Ресей Федерациясының 23 аймағында елде террористік актілерді, жаппай […]
    • 3 Years ago
    • 0