Мәскеу. 29 мамыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Онда еліміздің бас мүфтиі өзінің әріптесі, яғни, көрші ел мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті. Басқосу барысында рухани-мәдени және діни саладағы әріптестік жайы сөз болды. Діни басқармалар арасындағы байланыстың уақыт өткен сайын беки түскені де тілге […]