Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Есірткінің ірі партиясын тасымалдаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

    АТЫРАУ, 25 қараша. Көлік полицейлері есірткінің ірі партиясын тасымалдаған атыраулық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласынан Атырау қаласына дейін темір жол көлігімен есірткінің ірі партиясын тасымалдауды ұйымдастырған ер адам мен екі әйелді ұстады. Олардың барлығы бұған дейін де әртүрлі баптар бойынша сотты болған. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Атырауда «бомба қойылды» деген хабардан кейін мектептен 900-ге жуық адам эвакуацияланды

    АТЫРАУ, 12 қазан. Атырауда №2 мектеп директорына білім ошағында «жарылғыш зат бар екені» туралы хабарлама келген. Бұл туралы ол «102» операторына айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері мектептен 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялағанын атап өтті. «№2 мектеп ғимаратынан жарылғыш зат табылмады. Қазір хабарламаның иесін анықтау жүргізіліп […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Атырауда есірткі тасымалдаған Нигерия азаматы ұсталды

    АТЫРАУ, 24  шілде. Атырауда есірткі тасымалдаған Нигерия азаматы ұсталды, деп хабарлады ІІМ ресми интернет-ресурсы. «Атырауда Нигерия Федералдық Республикасының азаматы синтетикалық есірткі заттарын сақтау және тасымалдаумен айналысқан. Shevrolet cruze маркалы автокөлігін тінту кезінде 5 дана полиэтилен қап тәркіленді. Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттың әрқайсысы салмағы шамамен 1 гр болатын таспаға оралған «мефедрон» синтетикалық есірткісі екендігі анықталды», […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Атырау облысының тұрғынынан қару мен тыйым салынған діни әдебиет тәркіленді

    АТЫРАУ, 30 мамыр. Атырау облысында деструктивті діни ағымдар өкілінен елімізде тыйым салынған тапаншалар мен кітаптар тәркіленді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz. «Ішкі істер министрлігі Экстремизмге қарсы күрес департаменті мен Атырау облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері деструктивті діни ағымдардың 1993 жылы туған өкілін анықтады. Оның тұрғылықты жерінен тінту кезінде МР-79 […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Атырауда білім және ғылым нысандарын терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру мәселесі талқыланды

    АТЫРАУ, 25 мамыр. Атырау облысы Терроризмге қарсы комиссиясының аппараты өткен аптада «Террористік тұрғыдан осал білім және ғылым объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру» тақырыбында сабақ ұйымдастырып, өткізді, деп ҚР ТҚО сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Іс-шараға Атырау қаласының мемлекеттік білім беру мекемелерінің басшылығы мен оқытушылар құрамы жалпы саны 67 адам қатысты. Облыстық […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Атырауда құны 60 миллион теңге болатын марихуана тәркіленді

    АТЫРАУ, 12 наурыз. 2022 жылғы 6 наурызда Атырау қаласында ҰҚК департаментінің қызметкерлері каннабистік топтағы есірткіні өңірлік жеткізуге қатысы бар деген күдікпен үш ҚР азаматын ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ү.ж. 7 наурызда, алдын ала деректер бойынша, есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған топтың тағы бір қатысушысы ұсталды. Процессуалдық іс-шаралар барысында […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Атырауда 16 жасар жасөспірім мектепті «миналаған» 

    АТЫРАУ, 10 наурыз. Атырауда 16 жасар жасөспірім мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 5 наурызда мектептердің бірінің электронды поштасына сағат 08:52 шамасында белгісіз адамнан хат түскен. Хатта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жазылған. Бұл туралы мектеп басшылығы жедел басқару орталығына хабарлаған. «Полиция қызметкерлері мектепте жедел […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Атырауда аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

    АТЫРАУ, 06 наурыз. Атыраулық полицейлер ер адамнан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Атырауда қала тұрғыны аса ірі көлемде синтетикалық есірткі затын сақтаған. Анықталған 30 жастағы күдіктіні Атырау ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп 1 наурыз күні жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында ұстады. Тұрғынның үйін […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Атырау полицейлері заңсыз айналымнан 5 мыңнан астам психотроптық дәрі тәркіледі

    АТЫРАУ, 24 ақпан. Атырауда заңсыз айналымнан 5 мыңнан астам психотроптық дәрі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, «Дәрмек» іс-шарасы кезінде психотроптық дәрілерді заңсыз сатудың 3 дерегі тіркелген. «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Атырау облысында есірткіні жарнамалаған 17 сайт бұғатталды

    АТЫРАУ, 12 қаңтар. Атырау облысында есірткіні жарнамалаған 17 сайт бұғатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб отырысында белгілі болды. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаевтың мәліметінше, талдау мәліметтеріне сәйкес, есірткімен байланысты қылмыстардың саны өскен. «Қазіргі […]
    • 2 Years ago
    • 0
Бет 1 of 712345 » ...Last »