Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстан астанасындағы жарылыс: 10 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан. Ауғанстан астанасы Кабулда бомбаның жарылуы салдарынан 10 адам қаза тапты, деп елдің ішкі істер министрлігінің өкілі Тарык Арйенге сілтеме жасап Анадолу агенттігі жазады. Оның айтуынша, оқиға Ауғанстан астанасындағы білім беру орталықтарының бірінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 10 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды. Куәгерлердің хабарлауынша, бомбаны жанкешті жарып жіберген, қаза […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның батысында болған шабуылда 12 полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Ауғанстанда ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 12 полиция қаза тапты, деп TRT жазады. Ауғанстанның батысындағы Нимруз провинциясындағы Канг ауданында ұйымдастырылған бомбалы шабуылда аудандық қоғам қауіпсіздігі директоры мен бірге 11 полиция қызметкері қаза тапты. Бомбалы шабуылдың жауапкерлігін әлі ешкім мойнына алмады.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда бомба жарылысынан үш бейбіт тұрғын мен он әскери қызметкер мерт болды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан. Сенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Сари-Пуль провинциясындағы бомбаның жарылуынан кем дегенде он әскери қызметкер мен үш бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Tolonews телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .   Телеарнаның хабарлауынша, тағы үш адам зардап шеккен. Лаңкестердің нысаны әскери колонна болды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда жарылыс салдарынан 11 адам көз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек.Ауғанстанның Дайкунди провинциясында автокөлік жарылып, 11 адам қаза тапты. Бұл туралы 29 қыркүйекте 1TV News-ке сілтеме жасап  REGNUM АА хабарлады. Елдің ішкі істер министрлігі «Талибан» радикалды қозғалысының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) содырлары ұйымдастырған жарылыс кезінде тағы төрт адам жарақат алғанын мәлімдеді. Қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар бар. Радикалды қозғалыс өкілдері шабуылға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Талибан» содырларының шабуылдары 2 аптада Ауғанстанның 98 тұрғынының өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек.Соңғы екі аптада Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы содырларының шабуылдары салдарынан 98 бейбіт тұрғын қаза тауып, 230 адам жарақат алды, деп Анадолу агенттігі жазады. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, тәліптердің шабуылдары елдің 24 провинциясында болған. Зардап шеккендердің ең көп саны Тахар және Нангархар провинцияларында тіркелген. «Талибан» бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстік-шығысында жарылыс садарынан 2 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек.Ауғанстанның солтүстік-шығысында орналасқан Тахар провинциясында мотоциклдің жарылуы салдарынан кем дегенде екі бейбіт тұрғын қаза тауып, 12 адам жараланды. Бұл туралы Tolo news телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Телеарна ақпараты бойынша,  мотоциклге бекітілген қолдан жасалған жарылғыш құрылғы іске қосылғанннан кейін бірнеше газ баллондары жарылған. Жарылыс орнына жақын орналасқан бірқатар дүкендердің ғимараттары зақымданды. Басқа […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда содырлардың шабуылы салдарынан бес полиция қызметкерін қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек.Ауғанстанның шығысында содырлардың шабуылы кезінде кем дегенде бес полиция қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Tolo News телеарнасына сілтеме жасап  REGNUM АА 13 қыркүйекте хабарлады. Қауіпсіздік күштерінің қызметкерлеріне шабуыл 12 қыркүйек күні кешке Каписа провинциясында болды. «Талибан» радикалды террористік қозғалысының мүшелері (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. Содырлармен қақтығыс салдарынан бес […]
    • 4 Years ago
    • 0
  •  Ауғанстанның бірінші вице-президентіне  Кабулда шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қыркүйек. Ауғанстанның бірінші вице-президенті Амрулла Салех Кабулда болған терактіден аман қалды. Жарылыс сәрсенбі күні таңертең астананың бір ауданында тіркелді, деп centralasian.org хабарлайды.  Ауғанстанның бірінші вице-президентінің баспасөз хатшысы Ризван Мурадтың айтуынша, қаскөйлер Амрулла Салехтің кортежіне шабуылдаған. «Ауғанстанның және ұлт мүддесіне қызмет етушілердің жаулары бүгін Амрулла Салехті өлтіргісі келді. Жаратушының және халықтың қалауымен ол тірі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Талибан» содырлары Тәжікстанмен шекарадағы ауған уезін басып алуға әрекет жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары (ҚР  тыйым салынған) Тәжікстанмен шекарада орналасқан ауған уезін басып алуға әрекет жасады, деп Ауғанстан ұлттық армиясының 217-ші корпусының баспасөз орталығына сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан  жазады. Бадахшан провинциясындағы Вардудж уезі туралы айтылған. Ресми мәліметтерге сәйкес, 7 қыркүйекке қараған түні тәлібтер Тәжікстанмен шекаралас ауданды басып алмақ болған. Ауғанстанның құқық қорғау […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы тұрғын үйге құлаған зымыран бір әйел мен бес баланың өмірің қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қыркүйек.Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясындағы тұрғын үйге зымыран түсіп, алты адам қаза тапты,  деп  Tolo News-ке сілтеме жасап zakon.kz  жазады. Оқиға Шерзад ауданында болған. Әйел мен бес бала қаза тапты. Тағы төртеуі, соның ішінде екі әйел мен бір бала жарақат алды. Ел аумағында әрекет ететін топтардың ешқайсысы да жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Ауғанстанда […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 28 of 48« Бiрiншi...1020«2627282930 » 40...Last »