Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанның қауіпсіздік күштері «Талибанның» алпыс бес содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. 29 маусым күні түстен кейін Ауғанстанның қауіпсіздік күштері елдің әртүрлі аймақтарында «Талибан» содырларымен қақтығысқа түсті. Жалпы, осы қақтығыстардың нәтижесінде топтың 65 содыры жойылды. Бұл туралы Ауғанстан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Бүгін Синьхуа тілшісіне  Джаузджан провинциясының ресми өкілі Абдул Маруф Азар айтқандай, бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша күннің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Гильменд провинциясында минометпен жаудырған оқ астында кем дегенде 10 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым. Ауғанстанның Гильменд провинциясында миномет оғынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды. Бұл туралы Ariana News телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Арнаның ақпараты бойынша, Сангин үйезінің тұрғын ауданында бірнеше миномет снарядтар жарылды. Ел аумағында әрекет ететін экстремистік топтардың ешқайсысы әлі болған оқиға үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Талибан» қозғалысының содырлары 21 тұтқынды босатты

    НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым. «Талибан» радикалды қозғалысының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) өкілдері 20-дан астам тұтқындалған ауған әскерилері мен полицейлерін босату туралы мәлімдеді. Бұл туралы 28 маусымда қозғалыстың Катардағы саяси кеңсесінің ресми өкілі Сухейл Шахин мәлімдеді, деп REGNUM хабарлайды. « Бүгін Тахар провинциясындағы түрмеден … Кабул әкімшілігімен байланысты 21 адам, полиция және әскери қызметкерлер босатылды» , […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде содырлардың шабуылынан алты қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Ауғанстанның солтүстігінде «Талибан» радикалды қозғалысы (ҚР қызметі тыйым салынған ұйым) содырларының шабуылынан ұлттық қауіпсіздік күштерінің кем дегенде алты мүшесі қаза тапты. Бұл туралы 28 маусымда Tolo News-ке сілтеме жасап  REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлады. Содырлар 28 маусымға қараған түні Кундуз провинциясындағы Имам Сахиб ауданындағы бақылау-өткізу пункттеріне шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан бес әскери қызметкер […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Бадгис провинциясында қауіпсіздік күштерінің 10 қызметкері қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым. Сәрсенбі күні Ауғанстанның батысындағы Бадгис провинциясында содырлардың шабуылы салдарынан қауіпсіздік күштерінің он мүшесі қаза тапты. Бұл туралы провинция губернаторының орынбасары Фаиз Мохаммад Мырзаға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, содырлар сәрсенбі күні таңертең Баламургхаб ауданындағы қауіпсіздік күштерінің бақылау-өткізу бекетіне шабуыл жасап, қарсы шабуылға тап болғаннан кейін қашып кеткен. Өкінішке орай, он […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде болған жарылыстан алты бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым. Сейсенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Джузlжан провинциясында жол бойындағы бомба жарылып, алты бейбіт тұрғын қаза болды. Бұл туралы провинция әкімшілігінің ресми өкіліне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, кеше алты бейбіт тұрғын мінген автокөлік Джузджан провинциясындағы жол бойындағы фугасқа жарылды. Оқиға барлық жолаушылардың, соның ішінде үш бала мен екі әйелдің өмірін қиды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның екі провинциясында «Талибанның» он жеті содыр жойылды

     НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым.Бейсенбіден жұмаға қараған түні Ауғанстанның екі провинциясында «Талибанның» 17 содыры жойылды, тағы біреуі жараланды. Бұл ақпаратты ауған арнайы күштерінің қолбасшылығы растады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . «Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) бір топ содырлары Кандагар оңтүстік провинциясының Мианшин ауданындағы бақылау-өткізу пункттеріне шабуыл жасады. Ауғанстан ұлттық армиясының Арнайы операциялар корпусының мәлімдемесінде Ауғанстан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігіндегі діни мектепте болған жарылыстан жеті адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым. Бейсенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахар провинциясының Ишкамыш ауданындағы діни мектепте бомбаның жарылуы салдарынан кемінде жеті адам қаза тауып, тағы сегізі жарақат алды. Бұл туралы провинция полициясының ресми өкілі Абдул Халил Асирге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, жарылыс түскі сағаттарда болған. Жарылыс салдарынан жеті адам оқиға орнында қаза болды, тағы сегізі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде содырлардың шабуылынан жеті полицей қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. Ауғанстанның солтүстік-шығысында болған содырлардың шабуылынан кемінде жеті полицей қаза тапты, деп  қауіпсіздік қызметіндегі  дереккөз хабарлады. Бұл туралы 18 маусымда Tolo News-ке сілтеме жасап REGNUM жазады. Шабуыл Баглан Пули-Хумри провинциясының астанасында 17 маусым күні кешке болған. «Талибан» қозғалысының содырлар тобы (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) әскери базаға шабуыл жасады. Шабуыл кезінде бес қауіпсіздік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның шығысында «Талибан» шабуылы салдарынан аудандық полиция бастығы қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. Ауғанстанның шығысындағы Пактика провинциясында «Талибан» қозғалысының содырларымен болған қақтығыста аудандық полиция бастығы өлтірілді, тағы төрт полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі провинциялық полиция бөлімшесінің өкіліне сілтеме жасап. «Сәрсенбі күні кешке Баак-Хиль ауданында «Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) содырларымен болған қақтығыста Баак-Хиль ауданының полиция бастығы Абдулла Джан өлтіріліп және […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 32 of 48« Бiрiншi...1020«3031323334 » 40...Last »