Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстандағы екі бөлек жарылыс салдарынан бес бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 03 сәуір. Жұма күні Ауғанстанда жол бойындағы екі бөлек мина жарылысынан бес бейбіт адам қаза тауып, тағы жетеуі жараланды, деп хабарлайды Синьхуа жаңалықтар агенттігі. Бес бейбіт тұрғын олардың көлігі жол бойындағы минаға соғылғаннан кейін бірден қаза тапты. Бұл Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясы үкіметінің өкілі Омар Звак бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеді. Герат провинциясы үкіметінің баспасөз […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалиде миномет шабуылында 3 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Сомалидің бас қала Могадишодағы БҰҰ және Африка Одағы ғимараттарын нысанаға алған миномет шабуылында 3 адам қаза тапты, деп TRT агенттігі хабарлайды.  Даркенлей Аймақтық полиция бөлімшесі лауазымдысы Абди Юсуф БҰҰ және Африка Одағы орталықтары орналасқан Халане лагерьіне миномет шабуылы жасалғанын мәлімдеді. Юсуф минометтердің лагерьдің айналасындағы үйлерге құлауы салдарынан кем дегенде 3 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигердің оңтүстік-батысындағы шабуылдардан кем дегенде 10 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Нигерде аты-жөні белгісіз шабуылшылардың азаматтарды нысанаға алған шабуылында кемінде 10 кісі қаза тапты, деп TRT агенттігі хабарлайды.  Елдің Тиллабери аймағында қарулы шабылшылар екі ауылға қарулы шабуыл ұйымдастырды, салдарынан 10 адам қаза тапты. Шабуылда үйлер өртенді. Лауазымдылар жан шығынының артуынан алаңдауда. Шабуылды әлі ешкім мойнына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның Расулайн ауданындағы жарылыс 4 бейбіт тұрғынның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз.Сирияның Расулайн ауданындағы жарылыста 9 адам жарақат ал ды, 4 қаза болды, деп TRT хабарлайды. Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» операциясымен КЖП-дан (YPG/PKK)  тазартылған Расулайн ауданында болған жарылыста 2 бала, барлығы 4 бейбіт тұрғын қаза тауып, 9 адам жарақат алды. Шанлыурфаның Джейланпынар ауданы маңындағы Сирия жерінде орналасқан Расулайн ауданында Түркия уақытымен сағат 01:00 шамасында бір […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигердің солтүстік-батысындағы шабуылдардан кем дегенде 30 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз.Малимен шекаралас Нигер ауылдарына жасалған шабуылдардан кем дегенде 30 бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Нигердің қауіпсіздік күштеріндегі дереккөздеріне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды . Мәліметтерге сәйкес, бір күн бұрын белгісіз адамдар елдің солтүстік-батысындағы Тахуа аймағындағы ауылдарға шабуыл жасаған. Салдарынан кем дегенде 30 адам қаза болды. Әзірге бірде-бір ұйым бұл шабуылдар үшін жауапкершілікті […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Гуанчжоуда болған лаңкестік шабуылда бес адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз.Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы әкімшілік ғимараттардың бірінде лаңкестік шабуыл болды, деп хабарлайды Daily Storm. Жергілікті тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша, 59 жастағы террорист бомбаны өзімен бірге кеңсеге алып кіріп, оны іске қосқан. Салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды. Жергілікті тұрғындар шабуылдан барлығы 16 адам қаза тарты немесе жарақат алды деп хабарлайды. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Иранның оңтүстік-шығысында жарылыс салдарынан бір адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз.  Иранның оңтүстік-шығысында болған жарылыс салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, үш адам жараланды. Бұл туралы Mehr агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Хабарламада жарылыс Систан мен Белуджистан провинцияларындағы Сараван аймағының елді мекендердің бірінің алаңында ұйымдастырғаны атап көрсетілген. Жарылыс жергілікті уақыт бойынша 09: 30-да (Мәскеу уақытымен 09:00) болды. Елді мекен мен террористік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Содырлардың Нигериядағы бірнеше ауылға жасалған шабуылдар 13 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз.  18 наурыздан бастап Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна штатындағы төрт ауылға содырлар шабуыл жасады,салдарынан  кем дегенде 13 адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат алды. Бұл туралы Ішкі қауіпсіздік және ішкі істер жөніндегі аймақтық комиссар Сэмюэл Аруванға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, 18 наурыздан бастап белгісіз содырлар Кадуна штатындағы төрт ауылға шабуыл жасады, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыстардан үш бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз.  Жексенбі күні кешке Кабулда бір сағат аралығында болған екі жарылыс салдарынан кем дегенде үш бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды TOLO NEWS. Полицияның хабарлауынша, алғашқы жарылыс Кабулдың 3-ші ауданындағы Пули-Сохта аймағында болған, салдарынан  жолаушылар автобусы зақымданып, бір бейбіт тұрғын қаза тауып, бес адам жарақат алған. Полиция тағы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның батысындағы террорлық шабуыл: 8 адам қаза тапты, 53 адам жараланды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз.  Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясындағы террористік әрекет салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тауып, 53 адам жарақат алды, деп Герат губернаторы Сайед Вахид Каталиге сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Губернатордың айтуынша, жанкешті лаңкес миналанған көлікпен Генч ауданының полиция бөліміне баса кірген.  «Жарылыстың қатты болғаны соншалық, жақын маңдағы тұрғын үйлер де зақымданды. Қаза тапқандар […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 17 of 32« Бiрiншi...10«1516171819 » 2030...Last »