Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сирияның Африн қаласындағы шабуыл салдарынан тоғыз адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек.Жарылыста алғашқы анықтамаларға қарағанда, тоғыз кісі қаза тапты. 43 адам жарақат алды, деп TRT жазады.  Сирияның солтүстігінде оппозиционерлердің бақылауындағы Африн ауданында бомбалы көлікпен лаңкестік жасалды.  Шабуылда тоғыз адам қаза тапты. Түрік Қарулы күштерінің «Зәйтүн бұтағы» операциясы нәтижесінде терроризмнен тазаланған ауданда бомба тиелген көлік жарылды. Жарылыста алғашқы анықтамаларға қарағанда, тоғыз кісі қаза тапты. 43 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасыныңдағы жарылыс: мерт болғандар мен жарақат алғандар бар

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек.Сәрсенбі күні Сомали астанасы Могадишода президент сарайының жанындағы ұлттық театр маңында болған жанкешті-лаңкеспен бомба жару салдарынан кем дегенде үш адам қаза тауып, жетеуі жараланды. Бұл туралы Сомалидің Shabelle радиостанциясына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Жарылыс адамдар астаналық мейрамханаға өтетін бақылау бекетінде болды. Мұнда бірқатар қымбат дүкендер де бар. Жарылыс орнына тікелей жақын жерде мемлекет […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы тұрғын үйге құлаған зымыран бір әйел мен бес баланың өмірің қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қыркүйек.Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясындағы тұрғын үйге зымыран түсіп, алты адам қаза тапты,  деп  Tolo News-ке сілтеме жасап zakon.kz  жазады. Оқиға Шерзад ауданында болған. Әйел мен бес бала қаза тапты. Тағы төртеуі, соның ішінде екі әйел мен бір бала жарақат алды. Ел аумағында әрекет ететін топтардың ешқайсысы да жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Ауғанстанда […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда қарулы шабуыл салдарынан он жеті адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек.Нигериядағы Нигер штатында белгісіз біреулердің қарулы шабуылы 17 адамның өмірін қиды, деп хабарлады Anadolu агенттігі . Жергілікті БАҚ мотоцикл мінген қарулы адамдар Рижау аймағының тұрғындарына бағытталған оқ жаудырды деп хабарлады. Африка елінің билігі бұған дейін бандалар мен қарулы топтар да қолданады деп  елде мотоциклдерді пайдалануға тыйым салған.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында содырлардың шабуылынан 17 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз. Сомалиде бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған шабуыл және артынан шыққан қақтығыста 17 кісі қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Ұлттық ақпаратта шыққан хабарларға қарағанда астана Могадишодағы бір қонақүйге бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған жанкешті шабуылдан кейін қақтығыс шықты. Оқиғада алғашқы санаққа қарағанда 17 кісі қаза тапты, 30 кісі жарақат алды. Аймаққа жолданған қауіпсіздік күштері мөлшермен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында болған лаңкестік шабуылдан екі адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз.  Сәрсенбі күні Сомали астанасы Могадишода болған жарылыс салдарынан бір адам қаза болды, екіншісі жарақат алды. Бұл туралы Сомали Gubjug News ақпараттық порталына сілтеме жасап ТАСС  хабарлайды. Жарылыс Вабери ауданында болды. Жарылғыш зат жол жиегіне орнатылған және жол талғамайтын көлік өткен кезде іске қосылды. Қаза тапқан мен жараланған адам көлікте болған. Олардың жеке […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның батысында лаңкестік шабуылдан кем дегенде бес адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз.  Пәкістанның батысындағы Белуджистан провинциясындағы лаңкестік  шабуыл нәтижесінде алдын-ала мәліметтер бойынша бес адам қаза тауып, тағы 20 адам жарақат алды, деп Dawn жаңалықтар сайтына сілтеме жасап Анадолу жазады. Полициядағы дереккөз жарылыстың Чаман қаласында болғанын хабарлады. Лаңкестер миналанған мотоциклді қолданған. Жараланғандар ауруханаға жеткізілді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстігінде болған шабуыл салдарынан жиырмадан астам бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 08 тамыз.Абуджадан келіп түскен хабарламаға сәйкес, жақында Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна штатындағы бірнеше ауылға белгісіз біреулер қарулы шабуыл жасаған, салдарынан 21 бейбіт тұрғын қаза тауып, көптеген адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі жазады . Шабуыл 6 тамызға қараған түні болған. Тәртіп сақшылары бұл аймақтағы патрульді күшейтті.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның шығысында лаңкестік шабуыл салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 05 тамыз.  Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясындағы лаңкестік шабуыл салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза болып , тағы үшеуін жарақат алды, деп Анадолу ақпараттық агенттігі хабарлайды. Кунар губернаторы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Абдул Ғани Мусаммим журналистерге хабарлағандай, лаңкестер Шигел үезінде жолдың бойына бомба орнатқан. Жарылғыш зат бейбіт тұрғындар мінген автокөліктің жүріп бара жатқанда кезінде іске қосылды. Жарылыс […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-шығысында төрт жарылыс болды, зардап шеккендер бар

    НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз. Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатындағы Майдугури қаласында жарылыс болды. Бұл туралы ВВС Africa-ға сілтеме жасай отырып REGNUM АА хабарлайды. Мәлімдемеге сәйкес, жарылыстарда үш адам қаза тауып, алты адам жарақат алған. Журналистердің мәлімдеуінше, бейсенбі күні кешке қала тұрғындары мұсылмандардың Құрбан айт мейрамын тойлауға дайындалып жатқан кезде төрт жарылыс болды. Борно қаласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 24 of 32« Бiрiншi...1020«2223242526 » 30...Last »