Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Елорда полицейлері құны 30 млн теңгеге бағаланған есірткі заттарын тәркіледі 

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша. 16-20 қараша аралығында елорда аумағында «Дәрмег» жедел-алдын алу шарасының 3-кезеңі өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жедел-алдын алу шарасының аясында елорда аумағында есірткілік заттар мен психикалық белсенді заттарды сатумен айналысатын тұлғалардың қызметі анықталуда. Осылайша, іс-шараны жүргізудің алғашқы күнінде, ағымдағы жылдың 16 қарашасында Жеңіс көшесінде […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Теміртау тұрғынынан жарты келіден астам гашиш тәркіленді

    ТЕМІРТАУ, 14 қараша. Теміртауда тұратын жас жігіттен жарты келіден астам гашиш тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Теміртау қаласы Полиция басқармасының есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлеріне белгісіз бір азаматтың есірткі сатып жүргені туралы ақпарат келіп түскен. Жедел тексеру барысында полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы азаматты қолға түсірді. Ұсталған азаматтың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Перу полициясы 1.5 тоннаға жуық есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Перу полициясы Лима қаласынан «Барселона» клубының және Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің суреті салынған есірткі партиясын тәркіледі, — деп хабарлайды  Тengrinews.kz Vesti.kz  сайтына сілтеме жасап. Есірткі арнайы қораптарға салынған, ал оның сыртында аргентиналық футболшының суреті мен қолтаңбасы қойылған. Тәркіленген есірткі мөлшері — 1417 келі. Шамамен осы мөлшердегі есірткінің құны — 85 миллион доллар.
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Қарасора-2020»: 21 тоннадан астам есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша. Ішкі істер министрлігі  маусым мен қазан аралығында өткізген жыл сайынғы «Қарасора» арнайы операциясының нәтижелерін жариялады. Полиция қызметкерлері 21 тоннадан астам есірткі тәркіледі, оның ішінде 14 тоннадан астамы Қызылорда облысына тиесілі. Осылайша, аталған өңір қарасораны заңсыз өсіру фактілерінің саны бойынша антирейтингте көш бастады, деп stan.kz жазады. ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Тілеген Маткеновтің сөзінше, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мәскеу облысында 1,5 кг астам героин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қазан. Фрязино қаласының полициясы 1,5 кг героинмен екі мигрантты ұстады, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ресей ішкі істер министрлігінің Мәскеу облысы бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Петроваға сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Фрязино қалалық округіндегі үйлердің бірінің жанында есірткі сатты деген күдікпен жақын шетелдердің 24 және 25 жастағы тумалары ұсталды. Ұсталғандарды жеке […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Венесуэла полициясы 120 келіге жуық кокаин тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қараша. Венесуэланың құқық қорғау органдары елдің батыс бөлігіндегі Баринас штатында 119 кг кокаин тәркіледі. Бұл туралы республиканың мемлекеттік телевизиясына сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Операция барысында есірткі сату желісін ұйымдастырды деген күдікпен Венесуэланың екі азаматы ұсталған. Қазіргі уақытта полиция олардың сыбайластарын іздестіруде. Биліктің хабарлауынша, 2020 жылдың басынан бастап Венесуэланың құқық қорғау органдары 7 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БҚО қызметтік ит 45 келі есірткі тапты

    АҚТАУ, 25 қыркүйек. Жаңаөзен іргесіндегі Теңге ауылында жедел-іздестіру шаралары кезінде қызметтік ит 45 келі есірткі тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Сөмкеге салынған қарасораның бірінші бөлігін, яғни 10 келісін күдіктінің үйінен қызметтік-іздестіру иттері тапты. Ал қалған бөлігі, 35 келі сарайдан тәркіленді. Сондай-ақ, үйдің бақшасынан өсімдіктің 180 сабағы табылды», -деп […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысының тұрғынынан 1 келіден астам гашиш тәркіленді

    АЛМАТЫ, Жамбыл облысының тұрғыны есірткінің үлкен көлемін Алматыға жеке таксимен алып келмек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Есірткітасушы Жамбыл облысы, Меркі ауданының тұрғыны 1987 жылы туған Б.есімді азамат болып шықты. – Кешкі сағат сегіздер шамасында, Жандосов көшесінде, шаһардың кіреберісінде орналасқан стационарлық экологиялық бекетте мамандандырылған батальонның қызметкерлері “Тойота Камри” көлігін тоқтатты, оның ішінде Меркі ауылынан келген […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мексика полициясы 600 келіден астам есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек. Мексика полициясы Гватемаламен шекарада  контрабандашыны ұстады, 627 келі кокаин тәркіледі, деп Мексика Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. Полиция қызметкерлері Чиапас штатындағы Уистла қаласындағы өткізу пунктінде есірткі тасымалдайтын жүк көлігін ұстады деп хабарланады. Жүк көлігінің жүргізушісі қайта өңделген пластикті тасымалдайтынын мәлімдеді, бірақ көлік құралында 627 келі кокаин болды. Жүк […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеу облысында екі Тәжікстан азаматынан 500 граммға жуық героин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек.Тәртіп сақшылары Тәжікстанның екі азаматын ұстады, деп 360 телеарнасына сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды. Шетел азаматтары жүрген көліктен 500 граммға жуық героин табылды деп хабарланды . Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі ұсталған мигранттардың еш жерде жұмыс жасамайтынын, Мәскеу маңындағы Мытищидегі жалдамалы пәтерде тұратындығын атап өтті. Тәжікстан азаматтарына қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 228.1-бабы […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 16 of 29« Бiрiншi...10«1415161718 » 20...Last »