Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Кабулдағы АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек. Ауғанстан астанасындағы АҚШ елшілігінің жанында жарылыс болды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы әзірге мәлімет жоқ.Бұл туралы 24.kz хабарлайды.  Жарылысты қандай лаңкестік топ жүзеге асырғаны да белгісіз. Айта кетейік, президент Дональд Трамп өткен аптада «Талибан» радикалды қозғалысымен келіссөз тоқтатылғанын мәлімдеген. Оған қыркүйектің 5-і күні Кабулда болған теракт түрткі болды. Себебі шабуылдан 1 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыс кезінде үш адам зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қыркүйек. Ауғанстанданың Кабул қаласындағы жарылыс салдарынан кем дегенде үш адам зардап шекті, деп TOLO News телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Телеарна мәліметтері бойынша, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы дүйсенбі күні таңертең Шахид алаңына жақын жерде іске қосылды.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда бомба жарылып, бес адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде. Бейсенбі күні таңертең Ауғанстанның астанасы Кабулда болған автобустағы жарылыс салдарынан кем дегенде бес адам қаза тауып, он адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Tolo News телеарнасына сілтеме жасап. Рахимидің айтуынша, жарылғыш құрылғы жанкешті лаңкес іске қосқан.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда лаңкестік шабуылдан 8 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде. 21 шілдеде содырлар Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы полиция бөлімшесіне оқ атты. Кейін оқтан жараланғандарды госпитальге жеткізген сәтте жанкешті әйел ауруханада бомба жарған. Қос шабуылдан кем дегенде сегіз адам мерт болды, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  Аудандық полиция жетекшісі Салим Риаз Азаттықтың Пәкістан қызметіне мотоциклмен келген содырлар полицей учаскесінің тексеру пунктіне оқ атып, екі полицей […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда көліктегі бомба жарылысынан 12 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде. Ауғанстанның Кандагар қаласында миналанған 2 автокөлік жарылды, деп 24.kz хабарлайды.  Жарылыс салдарынан 12 адам қаза тапты, тағы 80-нен астам азамат жарақат алған. Жарылыс қалалық полиция басқармасы ғимаратының алдында болған. Белгілі болғандай, оны тәліп содырлары жарыпты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жарылыстан соң қаруланған лаңкестер бірден полицейлерге оқ жаудыра бастаған. Бірақ, полицейлер шабуылшыларға қарсы тойтарыс […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сомалиде лаңкестік әрекеттен 26 адам ажал құшты

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. Сомалидің Кисмайо қаласында болған лаңкестік әрекеттен 26 адам мерт болды, деп 24.kz хабарлайды.  Қаза тапқандардың ішінде жергілікті билік өкілі мен шет ел азаматтары да бар. Тағы шамамен 50-ге жуық тұрғын түрлі жарақат алған. Мамандар зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін екендігін айтады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, лаңкес қонақүй маңында өзін-өзі жарып жіберген. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыс. Бір полицей қаза тауып, екеуі жараланды.

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында жарылыс нәтижесінде бір полиция қызметкері қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп  Пажвак агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Агенттіктің мәліметінше, магнит минасы Джелалабад қаласында жарылған. Өңірде әрекет ететін бірде-бір топ жарылыс үшін жауапкершілікті өзіне алған жоқ.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Иракта мешіттегі жарылыстан 10 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Ирак астанасындағы мешіттің бірінде жарылыс болып, 10 адам қаза тапты. Тағы 30 тұрғын жарақат алды.Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Лаңкестік әрекет адамдар мешітке намаз оқуға жиналған кезде болды. Бір содыр ғимаратқа кіріп, беліне байланған бомбаны іске қосқан. Терактіні қандай лаңкестік топ жүзеге асырғаны әзірге беймәлім. Қазір оны ұйымдастырғандар іздестіріліп жатыр.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда лаңкестіктен 20 тұрғын жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Ауғанстанның Джалалабад қаласында жарылыс болып, 1 адам қаза тапты, деп 24.kz  хабарлайды. Тағы 20 тұрғын жарақат алды. Ақпарға қарағанда, полиция көлігі жол шетіне қойылған бомбаға түсіп жарылған. Қастандықты қандай лаңкестік топтың ұйымдастырғаны белгісіз. Қазір содырлар іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, өткен аптада осы шаһарда тағы бір көлік минаға жарылып, 9 адам опат болған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нигерияда жарылыстан 30 адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. Нигерияның солтүстік-шығысында бірнеше жойқын жарылыс болды.Бұл туралы Хабар 24 жазады.  Салдарынан 30 адам көз жұмып, 40-қа жуық тұрғын жарақат алды. Жергілікті билік мерт болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Лаңкестік әрекетті жанкештілер ұйымдастырған. Оның бірі әйел адам болды. Қазір оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 29 of 32« Бiрiншi...1020«2728293031 » ...Last »