Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркиядан 8 мың 585 шетелдік террорист  шығарылды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан. Түркия 2011 жылынан осы таңға дейін 8 мың 585 шетелдік террористті шекарадан шығарды, деп TRT агенттігі хабарлайды. Түркия Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда PKK/PYD және ДАИШ сынды террор ұйымдарына қатысу үшін келген шетелдік террористтердің елдеріне жіберу жұмыстары жалғасуда. Мәлімдемеде Сирияда 2011 жылы басталған азаматтық соғыстан осы таңға дейін 102 елден келген 8 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде содырлардың шабуылынан Түркияның қауіпсіздік күштерінің қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан.КЖП (PKK/PYD) мүшесі террористтер тарапынан жасалған шабуылда 2 полиция шейіт болды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Сирияда «Евфрат қалқаны» опрациясы аймағында кеше КЖП бөлшектеуші террор ұйымы (PKK/PYD) мүшесі террористтер тарапынан жасалған шабуылда 2 полиция шейіт болды. Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде шабуылда 1 полицияның шейіт болғаны, 3 полицияның ауыр жарақат […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Иракта КЖП-ның 5 мүшесі залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан. КЖП (PKK) мүшесі 5 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігі хабарлайды.  Ұлттық қорғаныс министрлгінен жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі Авашин аймағында анықталған КЖП  бөлшектеуші террор ұйымының (PKK) мүшесі 5 террорист залалсыздандырылды. Мәлімдемеде «Тыныштық пен бейбітшілікті бұзу үшін Авашин аймағына кіруге тырысқан КЖП (PKK) мүшесі 5 террорист жауынгер әскерлер тарапынан залалсыздардырылды» деген сөздер қолданылды.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Арнайы операцияларда КЖП-ның 127 террористі залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қазан. Террормен күрес аясында көктем-жазғы маусым операцияларында бөлшектеуші террор ұйымы КЖП ( PKK) мүшесі 127 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды. Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу астана Анкарада «Жандармерия және жағалау қауіпсіздік акедамиясының 2021-2022 жаңа оқу жылының ашылуы рәсімінде» сөз сөйледі. Сойлу террормен күреске байланысты мәлімдеме жасады. Террормен күресте үлкен табыстарға қол жеткізгенін және операцияларда […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияның Сирия мен Грекия шекарасында КЖП мен ДАИШ лаңкестері ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қазан. Түркияның Грекия мен Сирия шекарасында 7 адам ұсталды, олардың арасында ДАИШ лаңкестік ұйымының (ИМ) * содыры мен КЖП (ПКК) үш содыры бар,  деп хабарлайды Түркия қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі. Мемлекеттік шекарада лаңкестікке қарсы операция жалғасуда, деп хабарлады жұма күні Түркия қорғаныс министрлігі Twitter-де.   * Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияның оңтүстік-шығысында екі террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек. Шырнакта бөлшектеуші террор ұйымы КЖП (PKK) 2 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігі хабарлайды.  Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Эрен-13» операциялары шеңберінде Шырнактың Бестлер-Дерелер ауылдық аймағында операция жасалғаны білдірілді. Мәлімдемеде Жандармерия арнайы десанттары тарапынан J-SİHA (Жандармерия қарулы пилотсыз әуе көлігі) және Әуе күштері қолбасшылығының қолдауымен жасалған операцияда 2 террористің қаруларымен залалсыздандырылғаны атап көрсетілді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігіндегі лаңкестік шабуылда 15 адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек.Сирияның солтүстігіндегі Джераблус ауданында бірдей уақытта ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 1 адам мерт ажал құшты, 15 адам жарақат алды, деп TRT агенттігі хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Евфрат қалқаны» операциясы арқылы террордан тазаланған Джебарлус ауданына орталығында бірдей уақытта лаңкестік шабуыл ұйымдастырылды. Шабуыл кесірінен алғашқы белгілеу бойынша бір адам қаза тапты, 15 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • КЖП-ның бес террористі өздігінен берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек. Ішкі істер министрлігінің координациясымен жүргізілген көндіру жұмыстары нәтижесінде КЖП сепаратистік террорлық ұйым (PKK-дан)  қашқан бес террорист бүгін қауіпсіздік күштеріне берілді, деп TRT хабарлайды. Берілген террористтер 1999 жылы мен 2016 жылдар арасында террорлық ұйымға қосылған, Ирак және Сирияда лаңкестіктерге қатысқан. Биыл өздігінен берілген террорист саны осылайша 151-ге жетті. Сонымен қатар Ирактың солтүстігінде «Пенче-Шимшек» операциялық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде көліктің жарылуы салдарынан 7 бейбіт тұрғын жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек. Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында бомба тиелген көліктің жарылуы салдарынан 7 бейбіт тұрғын жарақат алды,деп TRT хабарлайды. «Евфрат қалқаны» операциясымен террордан тазартылған Баб ауданының Земзем аумағында бір көлікке орналастырылған бомба жарылды. Террор шабуылында 7 адам жараланды. Жараланғандар ауруханаға жеткізілгенде, өрт сөндірушілер жарылыстан кейін шыққан өртті сөндірді. Оқиға орнында тергеу жүргізген жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылдың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияда КЖП-ның 4 террористті залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз. Сирияда «Бейбітшілік Бұлағы » аймағына шабуыл жасауға тырысқан КЖП-ның (PKK) 4 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Түрік Қарулы Күштерінің Сирияның солтүстігіндегі террористтерге қатты соққы бергені білдірілді. Мәлімдемеде кеше аймақта КЖП (PKK/YPG)  террористті залалсыздандырған түрік әскерлерінің бүгін де «Бейбітшілік Бұлағы» аймағына КЖП (PKK)  4 террористті залалсыздандырылғаны баяндалды.
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 6 of 15« Бiрiншi...«45678 » 10...Last »