Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сирияда КЖП-ның 14 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз.  «Бейбітшілік бұлағы» мен «Евфрат қалқаны» аймақтарында КЖП-ның (PKK/YPG) 14 террористі залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.  Ұлттық қорғаныс министрлігінің әлеуметтік аккаунтындағы хабарламада «Бейбітшілік бұлағы» аймағы мен «Евфрат қалқаны» аймағына бағытталған шабуыл әрекеттерінің алды алынды. «Бейбітшілік бұлағы» аймағына шабуыл жасамақшы болған 12  террорист пен «Евфрат қалқаны» аймағына дендеп кіруге әрекет жасаған 2 террорист залалсыздандырылды» делінді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия ІІМ: Жыл басынан бері 26 лаңкестік шабуылдың алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз.  Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу жаңа жылдан бері 26 террорлық лаңкестіктің алды алынғанын білдірді, деп  TRT жазады. Министр 18 наурыз Шейіттерді еске алу және Чанаккале жеңісінің 106 жылдығына орай Анкарада бір жиналысқа қатысты. Ол 40 жылдан бері лаңкестік жасап келген КЖП (PKK) террорлық ұйымның ел ішіндегі террорист санының бірінші рет 300-ден азайғанын […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігінде КЖП содырларының көптеген қару-жарақтары мен оқ-дәрілері тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Түрік арнайы күштерінің Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында жүргізілген терроризмге қарсы операциясы аясында КЖП террористерінің паналары мен үңгірлерінен көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Түрік арнайы күштерінің бүкіл аумақты мұқият тексеріп, тиімді операция өткізгені атап өтілді. Операция барысында РПГ-7 граната атқышы, төрт […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия әскери-әуе күштері Ирактың солтүстігінде КЖП-ның ондаған террористерін залалсыздандырды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 наурыз. Түрік әскери-әуе күштері Ирактың солтүстігіндегі Хакурк және Кандил аймақтарындағы әуе операциясы кезінде 25 Күрдістан жұмысшы партиясының (КЖП/ РКК)  террористін залалсыздандырды, деп Түркия ұлттық қорғаныс министрлігінің басшысы Хулуси Акарға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, жойылған содырлардың арасында топ жетекшілерінің бірі бар. «Біз КЖП-сы еш жерде, соның ішінде Қандилде өзін еркін сезінбейтіндігін […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сириядан Түркияға өтпек болған 5 террорист ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 наурыз.  Сириямен шекаралас Шанлыурфа және Мардин провинцияларында 9 мемлекеттік шекараны бұзушылар ұсталды, олардың бесеуі КЖП (РКК) террористтері. Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің Twitter-дегі хабарламасына сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Шабуылдаушылар Түркия территориясына заңсыз жолмен Шанлыурфадағы Джейланпынар аймағында және Мардиндегі Қызылтепе аймағында кіруге тырысты. Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап КЖП содырлары […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Cирияда Күрдістан жұмысшы партиясының 4 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан.Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» аймағында Күрдістан жұмысшылар партиясының (КЖП — PKK/YPG)  4 содыры залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.  Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағына заңсыз түрде кіруге әрекет жасаған террористердің тоқтатылғаны білдірілді. Мәлімдемеде «Аймақтың тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзу мақсатты шабуыл және заңсыз жолмен кіруге әрекет жасаған КЖП-ның  4 содыры арнайы десанттарымыз тарапынан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігіндегі шабуылда 5 бейбіт адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан.Сирияның солтүстігіндегі Азез ауданының Сикко ауылында бомба тиелген көлікпен жасалған террор шабуылында алғашқы мағлұматтарға қарағанда 5 бейбіт адам жарақат алды, деп TRT хабарлайды.  Жарылыстан кейін шыққан өрт сөндіріліп, шабуылда айналадағы дүкендер мен үйлерге зиян келді. Шабуыл үшін  жауапкершілікті әлі ешкім мойнына алмаған. Қауіпсіздік күштері  шабуылды КЖП  (YPG/PKK)   террор ұйымы жасағанын болжады. Түркиямен шекаралас Сикко ауылы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактан Түркияға жеткізілген КЖП террористі сот шешімімен қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП/РКК)  террористік ұйымының материалдық-техникалық жабдықталуына жауапты, жетекшілерінің бірі Ибрахим Парым [кодталған аты «Лашер»]  Түркия сотымен қамауға алынды, деп Анадолу агенттігі жазады. Террорист Ирактың солтүстік-батысындағы Синджар аймағында түрік арнайы қызметтері жүргізген операция кезінде ұсталып, 10 ақпанда Түркияға жеткізілді. Тергеу шаралары аяқталғаннан кейін Парым Анкара сот ғимаратына жеткізіліп, «қарулы террористік ұйымға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • КЖП Баб ауданына шабуыл жасады: бір бейбіт тұрғын қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан.Күрдістан жұмысшы партиясының (YPG/PKK) Сирияда Баб ауданына жасаған миномет шабуылында бір бейбіт адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Сирияда Күрдістан жұмысшы партиясының Баб ауданына жасаған миномет шабуылында бір бейбіт адам қаза тапты, бір адам жараланды. Түркия мен Ресей арасында 2019 жылы 22 қазан күні жасалған келісімге сәйкес КЖП-ның  террористтері эвакуациялауға тиісті Манбидж ауданы лаңкестік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігіндегі лаңкестердің баспанасынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. Күрдістан жұмысшы партиясы 13 азаматты шәйіт еткен Ирактың солтүстігіндегі Гарадағы үңгірінде көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді, деп TRT агенттігі жазады.  Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) әлеуметтік медиа арқылы жасаған хабарламасында «Адамзаттың жауы КЖП-ның біздің бейбіт тұрғындарымызды опасыз шәйіт еткен Гарадағы үңгірінде террористтерге тиесілі көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді» делінді. Хабарламада қару-жарақ пен оқ-дәрілердің фотосуреттері […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 9 of 15« Бiрiншi...«7891011 » ...Last »