Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жамбыл облысының тұрғыны 4 келіден астам есірткімен ұсталды

    ТАРАЗ, 08 қаңтар. Жамбылдық полицейлер тұрғынды үш қап есірткімен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жаңа 2021 жылдың бірінші күні Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Мойынқұм ауданының 45 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның үйіндегі сарайына тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 4 кг 535 граммды құрайтын үш қап “кептірілген марихуана” […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының полицейлері марихуана сатқан ер адамды ұстады

    ТҮРКІСТАН, 30 желтоқсан. Түркістан облысының полицейлері марихуана сатқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне аудан тұрғынының бірі хабарласып, танысы есірткі заттарын сатумен айналысатыны туралы ақпарат берген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қызылордалық патрульдік полицейлер есірткі курьерінен 15 килограмнан астам марихуана тәркіледі

    ҚЫЗЫЛОРДА, 29 желтоқсан. Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізіп жатқан рейд барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 2020 жылдың 28 желтоқсаны күні “Шымкент-Самара” тас жолының 1550/716 шақырымында жылдамдықты асырып, жол ережесін бұзған “ВАЗ-2115” автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында марихуана жинаумен айналысқан үш азамат ұсталды

    ТАРАЗ, 29 желтоқсан. Жамбылдық полицейлер автокөліктің жүксалғышынан 3 қап марихуана тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2020 жылдың 25 желтоқсанында Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде “Меркі-Шу-Бурылбайтал” автожолында “ВАЗ-21014” маркалы автокөлігін тоқтатып, оның жүксалғышынан үш полиэтилен қапты тәркіледі. Қаптардың ішіндегі зат жалпы салмағы 8 келі 600 грамм кептірілген марихуана болып […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ақмола облысының полицейлері 11 келіден астам есірткі заттарын тәркіледі

    КӨКШЕТАУ, 28 желтоқсан.  Ақмола облысында есірткі заттарын тасымалдаумен айналысқан ағаш өңдеу цехының иесі ұсталып, одан 11 келіден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 желтоқсанда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қостанай облысы Қарасу ауданының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті Ақмола облысының Есіл және Жарқайың аудандары аумағына есірткі заттарын […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының полицейлері Өзбекстан азаматынан есірткі тапты 

    ТҮРКІСТАН, 25 желтоқсан. Түркістан облысының полицейлері есірткі контрабандасын жасамақ болған Өзбекстан азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Кешкі сағат 18:00 шамасында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Сарыағаш аудандық басқармасының “Жібек жолы” шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түскен. Онда Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынан өз еліне жаяу өтіп бара жатқан. Сол сәтте “Нано” қызметтік иті белгі берген. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Павлодарда заңсыз айналымнан аса ірі мөлшердегі есірткі тәркіленді

    ПАВЛОДАР, 11 желтоқсан. Павлодарлық жедел уәкілдер есірткінің ірі арнасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. – Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған күдіктіні ұстады. Жедел уәкілдер ер адамның есірткіні еліміздің оңтүстік өңірлерінен Павлодар қаласына жеткізуді ұйымдастырып, әрі қарай сатумен айналысқанын анықтады. Ұсталған кезде автокөліктің салонынан және жүк […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қазақстан БҰҰ-да марихуананы аса қауіпті есірткі заттары тізімінен шығаруға қарсы дауыс берді

    НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан. Қазақстан делегациясы марихуананы аса қауіпті қасиеттері бар есірткі заттарының тізімінен шығаруға қарсы дауыс берді. Бұл туралы ҚР СІМ хабарында айтылады, деп жазады Tengrinews-ке сілтеме жасап ernur.kz жазады. Ведомство БҰҰ аясында марихуананы заңдастыру туралы ақпарат пайда болғаннан кейін түсініктеме берді. 2020 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясында (ЕҚК) дауыс беру қорытындысы бойынша […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Шу қаласының тұрғынның 22 келі марихуана тәркіленді 

    ТАРАЗ, 18 желтоқсан. Жамбыл полицейлері Шу ауданының тұрғынынан 5 қап марихуана тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп, жедел іздестіру шараларын жүргізді. Операция кезінде Шу ауданы Қонаев ауылының 60 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның үй-жайын тінту барысында сарайдан жалпы салмағы 22 келі болатын «кептірілген марихуана» есірткі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысының тұрғынынан 9 келіге жуық марихуана табылды

    ТАРАЗ, 05 желтоқсан.  Жамбылдық полицейлер шопаннан тоғыз келіге жуық марихуана тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция қызметкерлері Шу ауданындағы жайылымның құмға дейінгі аймағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Оның барысында малшы болып жұмыс істейтін 45 жастағы жергілікті тұрғыннан «кептірілген марихуана» есірткі заты табылды. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 8 килограмм 880 граммды құрады. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 11 of 25« Бiрiншi...«910111213 » 20...Last »