Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • БАҚ: Мәскеудегі кесене мен Құтқарушы Христос храмындағы жарылыс қаупі расталмады

    НҰР-СҰЛТАН, 09 маусым. Мәскеуде адамдар жаппай болатын 16 объектіде, соның ішінде Құтқарушы Христос храмы мен Останкино телемұнарасында,  жарылыс қаупі расталмаған, қауіпті заттар табылған жоқ, деп елорданың шұғыл қызмет өкіліне сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды. «Миналау»туралы анонимді хабарламадан кейін Мәскеудің әртүрлі аудандарында адамдар жаппай болатын 16 нысанды тексеру туралы хабарланған болатын. Олардың арасында Құтқарушы Христос […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мәскеу тұрғыны ДАИШ ұйымына қаржы аударған

    НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр. Ресей астанасы Мәскеуде қала тұрғыны 25 жастағы Г. Георгий есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс тергелу үстінде, деп хабарлайды Islam Today. Құқыққорғау органы оны ДАИШ террористік ұйымына 50 миллион рубль қаражат аударды деген күдікпен қамауға алған. Террористік ұйымды қаржыландыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу деректеріне сəйкес, күдікті қаражатты Сбербанк картасына, содан кейін террористер шотына аударған. Заңға […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде миналау туралы хабарламалардан кейін 40-қа жуық нысан тексерілді

    НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр. Мәскеуде құқық қорғау органдары қызметкерлері  «миналау»  туралы анонимдік хабарламалардан  кейін адамдар көп жиналатын 40-қа жуық объектілерді тексереді, деп елорданың шұғыл қызметтер өкіліне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Жалпы  Мәскеуде 36 нысанға  жарылыс қаупі төніп тұр. Олардың сегізінде тексеру аяқталды, одан жеті мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді», — деді агенттік өкілі. Қаңтар айында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҚР Қорғаныс министрі халықаралық қауіпсіздік бойынша VII Мәскеу конференциясына қатысады

    Мәскеу. 5 сәуір. Бүгін Мәскеуде одақтас 10 мемлекеттің сыртқы істер министрлері мен бас штаб басшылары бас қосатын халықаралық конференция өтеді.Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлайды. Қазақстан атынан Қорғаныс министрі Сәкен Жанұзақов қатысады. Алқалы жиында жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және лаңкестікпен күрес мәселесі кеңінен талқыға салынады.
    • 6 Years ago
    • 0
  • ҚБР азаматы жалған терроризм үшін жауапкершілікке тартылады

    Нальчик, 8 ақпан.  Қабарда-Балқарияда Нартан елдімекенінің тұрғыны Мәскеуде метро станцияларында жарылғыш зат орналасқаны туралы жалған ақпарат хабарлағаны үшін жауапкерлішікке тартылады, деп хабарлайды Кавказ сегодня. Өткен жылдың қыркүйек айында ер адам өз үйінде отырып, ұялы телефонынан Чегем елді мекенінің жедел жәрдем бөліміне хабарласып, Мәскеу қаласының метро станцияларында жарылғыш зат қойылғаны туралы айтқан. Сонымен бірге бұл туралы тиянақты […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ресейде «Иегова куәгерлерінің» аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады

    Мәскеу. 18 шілде. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Жоғарғы соты дүйсенбіде «Иегова куәгерлерінің» экстремистік ұйым деп тану бойынша аппеляциялық шағымың қанағаттандырмады. Осыдан кейін «Иегова куәгерлерінің» Ресей аумағындағы жұмысын шектеу туралы шыққан сот шешімі күшіне енді. Сәуірде Ресей Жоғарғы соты «Иегова куәгерлері» діни ұйымын экстремистік топ деп танып, Ресей территориясындағы қызметіне тыйым салды. Сот шешімі Ресей әділет […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • ФСБ: Петербургтегі жарылысты Telegram арқылы ұйымдастырған

    Мәскеу, 26 маусым. Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында болған теракт Telegram мессенджері арқылы дайындалған деп тұжырым жасады. «Интерфакстің» ФСБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, арнайы қызметте терроршылар Петербург метросында жарылыс жасауға дайындалу барысында шетелдердегі кураторларымен Telegram мессенджері арқылы байланыс орнатқаны туралы «сенімді ақпарат бар. Метродағы терактіден 16 адам қаза тауып, […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • ҚР Қорғаныс министрі халықаралық қауіпсіздік бойынша VI Мәскеу конференциясында сөз сөйледі

    Мәскеу. 27 сәуір. Әскери ведомство басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов халықаралық қауіпсіздік бойынша конференцияның жұмысына қатысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің Баспасөз қызметі. Ауқымды форумның негізгі тақырыптары лаңкестікпен күресу өзекті мәселелері, Еуропадағы, Таяу Шығыстағы қауіпсіздік проблемалары, Азия-Тынық мұхиты өңірі мен Орта Азиядағы ахуал болды. Конференцияның жұмысына 750-ден астам қатысушы қатысты. Олардың арасында 20-дан аса қорғаныс министрі […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Санкт-Петербургтегі терактіге қатысы бар күдіктінің ағасы ұсталды

    Мәскеу. 20 сәуір. Қылмыстық істі жүргізу барысында Санкт-Петербургтегі жарылысты ұйымдастыруы мүмкін деген күдікті Аброр Азимовтың Акрам есімді ағасы ұсталды. ФҚҚ сарбаздары оны Мәскеуде қолға түсірді. «Мәскеулік ТиНАО-да Санкт-Петербургтегі жарылысты ұйымдастырушылардың бірі деген күдікті Аброр Азимовтың 1988 жылы туған ағасы Акрам Азимов қолға түсті» — делінген мәлімдемеде. Еске сала кетейік, Санкт-Петербург метросындағы жарылыс 3 сәуір күні […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Санкт-Петербургтегі жарылысқа қатысы бар тоғызыншы күдікті ұсталды

    Москва. 18 апреля. Мәскеу қаласының Одинцовск ауданында Орта Азияның тумасы Аброр Азимовты Санкт-Петербургтегі терактіге қатысы бар тоғызыншы күдікті ретінде ұстады, деп хабарлайды РИА Новости Федералды қауіпсіздік қызметінің қоғамдық қатынас орталығына сілтеме жасап. Азимовтің  жаңкешті Акбарджон Джалиловті дайындаумен айналысқаны туралы аталады. Тұтқындау кезінде одан қару тәркіленді. Ведмостваның ақпаратына сәйкес, Азимовті Тергеу комитетіне жеткізді. Еске сала кетсек, 3 сәуірде Санкт-Петербург […]
    • 7 Years ago
    • 0
Бет 6 of 7« Бiрiншi...«34567 »