Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • РФ ФҚҚ Башқұртстан Республикасында террорлық актінің алдын алды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі Башқұртстан Республикасында террорлық актінің алдын алды, деп ведомство сайтында хабарланады . Жүргізілген  шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуыл дайындап жатқан 1995 жылы туған Ресей азаматы ұсталды. Жабдықталған құпия орнынан оқ-дәрілері бар атыс қаруы, қолдан жасалған жарылғыш құрылғының компоненттері, ал қолданылған байланыс құралынан — оны жасау […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мәскеу түбінде мектепте лаңкестік шабуыл жоспарлаған жасөспірімдер ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар.  Құқық қорғау органдары, алдын ала мәліметтер бойынша Мәскеу түбіндегі Люберцы қаласындағы мектептердің бірінде теракт дайындап жатқан екі жасөспірімді ұстады, деп төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Мәскеу түбіндегі Люберцы ауданында, болжалдап айтқанда  Люберцы қаласындағы мектепте теракт жасауды дайындаған екі жасөспірім ұсталды», — деді агенттіктің сұхбатшысы. Ол жастардың интернетте хат […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ресей мен АҚШ бірлесіп Оңтүстік Америкадан кокаин жеткізу арнасынның жолын кесті

    НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан. Ресей аумағында заңсыз айналымнан Оңтүстік Америкадан жеткізілген кем дегенде 330 кг кокаин тәркіленді. Бұл елдің Федералды қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері АҚШ әділет министрлігінің есірткіге қарсы күрес басқармасымен бірлесіп өткізген есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ірі арнайы операцияның нәтижесі. Бұл туралы ФҚҚ қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасап  REGNUM АА хабарлады. Операция бірнеше кезеңде жүргізілгені […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Карелия соты терроризмді қаржыландырды деген күдікпен Өзбекстан азаматын қамауға алды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. Карелия Республикасы бойынша Ресейдің ФҚҚ-нің басқармасы террористік іс-әрекетке қатысты деген күдікке ілінген өзбекстандыққа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп ақпарат агенттігі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Республика» АА хабарлайды. Ұсталған адам «ИМ» халықаралық террористік ұйымын (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйымды) қаржыландырды деп айыпталуда. Сот ер адамды қамауға алды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ Тамбовта лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлаған жасөспірімді ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан. Тамбовта лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған 17 жасар жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости ресейлік ФҚҚ-ға сілтеме жасап. «ФҚҚ Тамбов қаласында лаңкестік шабуылдың алдын алды. Осы қылмысты дайындауға қатысқан 2003 жылы туған Ресей азаматы ұсталды», — делінген хабарламада. Оның жалдамалы пәтерінен жарылғыш заттар мен бомба жасауға арналған компоненттер тәркіленді. Жас жігіт, жедел мәліметтерге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Оңтүстік Осетия астанасында қоғамдық орындағы жарылыстың алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. Оңтүстік Осетияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Ресей ФҚҚ-нің көмегімен республиканың астанасы Цхинвалидегі қоғамдық орында жарылыстың алдын алды, деп Оңтүстік Осетияның Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап ТАСС жазады.  «Оңтүстік Осетия Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметінің одақтас өзара іс-қимыл шеңберінде, сондай-ақ Оңтүстік Осетия Сыртқы барлау қызметінің күштері мен құралдарының белсенді […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мәскеу облысында лаңкестік шабуыл жоспарлаған ОА тумасы ФҚҚ қызметкерлерімен ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 23  қазан. Мәскеу облысында лаңкестік шабуылдың алды алынды, деп ФҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости  хабарлайды. Қауіпсіздік күштері халықаралық террористердің нұсқауы бойынша «билік ғимараттарының біріне» шабуыл дайындап жатқан 1999 жылы туған Орталық Азияның тумасын ұстады. Толық ақпарат жария етілмеді. Тергеу мәліметтері бойынша, кейін ол Таяу Шығысқа кетпек болған. Ұсталған адамның құпия жерге жасырған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Якутияда тергеу изоляторының инспекторынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. Якутияда тергеу изоляторларының күзет бөлімінің кіші инспекторы және басқа адамдарға қатысты ірі мөлшерде есірткіні заңсыз өткізуге әрекет жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, деп республика бойынша РФ ТК ТБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. 4 қыркүйекте ФҚҚБ қызметкерлері күдікті болған көлікжайдан сары түсті өсімдік сұйықтығымен толтырылған 636 шприц пен 237 картриджді […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ қызметкерлері Волгоград маңынан 3 кг пластид пен қару-жарақ салынған құпия орынды тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қыркүйек.ФҚҚ қызметкерлері Волгоград облысында қару-жарақ пен шамамен 3 кг пластид сақталған құпия орынды тапты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Аймақта қылмыстық элементтерді жою шараларын жүзеге асыру барысында Ресейдің Волгоград облысы бойынша ФҚҚ  басқармасының қызметкерлері атыс қаруы мен оқ-дәрілер сақталған құпия орынды тапты. Аймақтық қауіпсіздік күштері төрт Калашников автоматын, олардың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Саратовта лаңкестер қатарына тартқаны үшін ұсталған ер адам жеті жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. ФҚҚБ қызметкерлері Саратовта тыйым салынған «Талибан» радикалды қозғалысына адамдарды тартып жүрген Орталық Азияның азаматын ұстады. Бұл туралы ТАСС аймақтағы ФҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.  «Сот шешімімен азамат қылмысқа кінәлі деп танылып, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.5 бабының  2-бөлігі («Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес лаңкестік  деп танылған ұйымның қызметіне қатысу») бойынша сотталды.Оған жазасын […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 7 of 10« Бiрiншi...«56789 » ...Last »