Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Өткен айда Сирия билігіне жиырма жеті содыр берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір. Өткен айда Сирия билігіне АҚШ-тың бақылауындағы Эт-Танф аймағынан 27 содыр берілді. Бұл туралы сәрсенбі күні жасалған Ресей Федерациясы мен Сирияның ведомствоаралық үйлестіру штабының басшыларының бірлескен мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып KazIslam хабарлады . Содырлар ондаған атыс қаруын, граната атқыштарды және ірі калибрлі,  соның ішінде батыста шығарылған,  пулеметтерді  тапсырды, деп атап өтілген құжатта. «АҚШ […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның Тадмор қаласында бомба жарылысынан екі бала қөз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір. Хомс провинциясының Тадмор қаласында ДАТШ лаңкестері аймақтан кетер алдында орнатқан минаның жарылуы кезінде екі ағайынды бауырлар мерт болды, үшіншісі жарақат алды, деп хабарлайды САНА агенттігі . Тадмор қаласындағы Ұлттық аурухананың директоры Валид Аода САНА агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында 6 және 7 жастағы екі ағайынды бауырлар, тұратын үйлерінің жанында ойнап жүрген кездерінде, жарылған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сириялық күрдтер ДАИШ содырларының үстінен ашық сот процестерін жүргізетін болады

    НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз. Эль- Хасактағы Күрдтер басқаратын Сирияның солтүстік және шығыс автономиялық әкімшілігі ДАИШ халықаралық террористік тобының содырларына қарсы ашық сот процесстерін бастамақшы , деп islam-today тілшісіне сілтеме жасап kazislam хабарлайды. Шығу елдері қайтаруға рұқсат бермеген шетелдік ДАИШ содырларын  (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) жауапқа тарту үшін арнайы сот құрылды. Сот ісін бастау уақыты туралы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирия астанасында көлік жарылысы салдарынан бір адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз. Жұма күні Дамаск қаласында бомба жарылып, бейбіт тұрғын қайтыс болды, деп САНА АА сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды. Елорданың полиция департаментінің хабарлауынша, Дамаскідегі көше қиылысында көлік жарылып, көлікте отырған бір адам ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болған. «Лаңкестер» жарылғыш қондырғыны көлікке алдын ала орнатқаны туралы хабарланған. Әзірге болған оқиға үшін жауапкершілікті ешкім […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сириядағы лаңкестер үкімет тікұшағын атып құлатты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан. Сирияның Идлиб аймағында үкімет әскерінің тағы бір тікұшағы атып түсірілді. Шабуыл оппозициялық күштердің бақылауындағы Куптан-аль Джабаль ауылының жанында жасалды, деп 24.kz хабарлайды.  Алепподағы шайқасқа беттеп бара жатқан тікұшаққа «жер-әуе» санатындағы зымыран қолданылған. Шабуылдан экипаж мүшелерінің бәрі қаза тапты. Осы аптаның басында бұл  ауданда үкімет әскерінің тағы бір тікұшағы атып түсірілген болатын. Айта […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияда миналанған автокөлік жарылысынан сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Жексенбі күні Сирияның солтүстігінде Түркиямен шекаралас аудандардың бірінде бомбаның жарылуы салдарынан сегіз адам қаза тапты, тағы 20 адам жарақат алды, деп САНА АА сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.   Алеппо провинциясының солтүстігіндегі Аазаз қаласындағы мейрамхана манында жарылғыш зат салынған көлік жарылды . Жарылыс салдарынан сегіз бейбіт тұрғын қайтыс болып, тағы 20 адам […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияда көлік жарылысы салдарынан бірнеше түрік сарбазы қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар. Бейсенбі күні Сирияның солтүстігіндегі Ракка провинциясының ауылдық аймағында болған жарылыста бірнеше түрік әскері қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі САНА  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады . Көлік Ракка провинциясының солтүстігіндегі Хамам ауылының жанында жарылды. Бұл жарылыс Түркияның бақылауындағы Сирияның солтүстік аймақтарындағы бірнеше шабуылдар топтамасының кезектісі болды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияда әуе соққысынан 17 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. Сирияда солтүстігінде әуе соққысынан бейбіт тұрғындар қаза болды, деп 24.kz хабарлайды.  Сирияның солтүстігіне жасалған әуе соққыларынан 17 бейбіт тұрғын мерт болды. Тағы 50-ге жуық азамат жарақат алды. Марқұмдар арасында балалар да бар. Белгілі болғандай, соққы Идлиб қаласының бірнеше ауданы мен 11 елді мекенге берілген. Оны Башар Асад режиміне қарасты қарулы күштер жасапты. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде болған жарылыс салдарынан жеті түрік әскери қызметші қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН,10 қаңтар. Сәрсенбі күні  Сирияның солтүстігіндегі Түркия бақылауындағы аймақта болған жарылыс жеті түрік әскери қызметшілердің өмірін қиды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады . Сириядағы адам құқықтары бойынша обсерваториясының хабарлауынша , Хасеке провинциясындағы Рас эль-Айна қаласының маңында бомбаның жарылуы салдарынан Түркияның бақылау бекеті зақымдалған, жеті түрік әскерилері қаза тауып, жетеуі жараланған, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирия армиясы Идлиб провинциясындағы лаңкестер позицияларына соққы берді

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қаңтар. Сирия армиясы Идлибті лаңкестерден тазарту жөніндегі әскери операциялардың аясында Маарат Ан-Нуман аймағында олардың позицияларына және жеткізу желілеріне соққылар жасады, деп хабарлайды САНА агенттігі . Операция болған бірнеше сағат ішінде Сирия Араб армиясының шабуылдары террористік топтардың Маарат Ан-Нуман қаласының шетінде, Дейр Аш-Шарки және Маар-Шмарин ауылдарында және Серакиб және Маарат Ан-Нуман қалалары арасындағы Масаран […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 17 of 28« Бiрiншi...10«1516171819 » 20...Last »