Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сомалиде әуе шабуылы нәтижесінде «Аш-Шабаб» лаңкес өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде.АҚШ Қарулы Күштерінің Африка қолбасшылығы (AFRICOM) Сомали Үкіметімен үйлесе отырып, 29 шілде күні елдің оңтүстігіндегі Джилиб қаласының маңында «Аш-Шабаб» исламдық лаңкестік тобының позицияларына әуе шабуылын жасағанын хабарлады. Бұл туралы AFRICOM-ның ресми порталында жарияланған мәлімдемеге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Бастапқы бағалау бойынша, әуе шабуылының нәтижесінде бір лаңкес өлтіріліп, тағы біреуі жарақат алды», — делінген […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияда жыл басынан бері 1900 лаңкес жойылды 

    НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 2015 жылы 24 шілде күнінен осы таңға дейін 17 мың 27 және жылдың басынан бері 1900 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді, деп TRT жазады.  Хулуси Акар 15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күніне орай Ұлттық Қорғаныс министрлігінде ұйымдастырылған рәсімде сөз сөйледі. Акар сөзінде «Фетуллахшы террор ұйымы ФЕТО-мен күресуді табанды түрде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирак әскери күштері елдің солтүстігінде ИМ алты лаңкесін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде. Ирактың терроризмге қарсы қызметі елдің солтүстігінде «Ислам мемлекетінің» алты содырын (ҚР  тыйым салынған ұйым) жойды, деп мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлады. Қауіпсіздік күштері әскери әуе күштерінің  қолдауымен Киркук провинциясында арнайы операция өткізді деп хабарланады. Операция нәтижесінде алты лаңкес жойылды. Бағдад аймағында тағы бір операция барысында төрт содыр ұсталды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирактың барлау қызметі ИМ жоғары дәрежелі содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде. Ирак қарулы күштері операция кезінде «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының жоғары дәрежелі содырын өлтірді, деп  Ирак қарулы күштерінің бас қолбасшысының ресми өкілі Яхъя Расулға сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды . Расул Twitter-де Ирактың Ұлттық барлау қызметі арнайы операцияның нәтижесінде Умар Шаляль Убейд ретінде белгілі «Бағдадтың валиі»  (наменгер — ред.) және оның «хатшысын» жойғанын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның орталық аймағында қарулы қақтығыс нәтижесінде 12 талибан жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде.Жексенбі күні  Ауғанстанның орталық аймағындағы Дайкунди провинциясының Пато аймағында болған қақтығыс нәтижесінде 12 содыр мен төрт полиция қызметкері қаза тапты. Бұл туралы жергілікті полиция басшысының орынбасары Накибулла Малистаниға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Шенеуніктің айтуынша, «Талибан» содырларының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) бір тобы таңертең ерте  Тамзан аймағындағы бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасаған, содан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомалиде «Аш-Шабаб» экстремистік ұйымының жеті содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде.Сомалидің оңтүстігінде сенбі күні үкімет  күштерінің «Аш-Шабаб» экстремистік ұйымының жеті содырын жойғаны туралы белгілі болды. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Эль-Бардейл қаласының губернаторы Мұхаммед Исак БАҚ-қа мәлімдегендей, үкімет әскері  ішкі ақпаратқа сәйкес әрекет етіп  «Аш- Шабаб» содырларының Эль-Бардейл қаласындағы бекініс пунктеріне шабуыл жасаған . Нәтижесінде жеті содыр өлтірілді, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Лаңкестікке қарсы операция кезінде Пәкістанның төрт әскери қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. Ауғанстанмен шекаралас Солтүстік Вазиристан ауданында жүргізілген антитеррорлық операция кезінде содырлармен қақтығыс кезінде Пәкістанның төрт әскери қызметкері қаза болды, төрт лаңкес жойылды, деп Пәкістандық ведомствоаралық қоғаммен байланыс қызметіне (ISPR) сілтеме жасап РИА Новости  хабарлайды. Мекеменің мәлімдемесінде әскерилер жексенбі күні таңертең содырлардан тазарту операциясын өткізген. Әскери күштер баспанаға жақындап, оны қоршап алған кезде содырлар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерия әскери күштері «Боко Харамның» он жеті содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. Абуджадан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, сейсенбі күні Нигерия әскери күштері «Боко Харам» экстремистік тобының кемінде 17 содырын жойды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады . Мәлімдемеде Нигерия әскери күштері сейсенбі күні Борно штатында содырлармен атыс жүргізіп, олардың кем дегенде 17-ін өлтіргені айтылған. Ұрыста екі сарбаз да қаза тапты, тағы төрт адам жараланды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның қауіпсіздік күштері «Талибанның» алпыс бес содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. 29 маусым күні түстен кейін Ауғанстанның қауіпсіздік күштері елдің әртүрлі аймақтарында «Талибан» содырларымен қақтығысқа түсті. Жалпы, осы қақтығыстардың нәтижесінде топтың 65 содыры жойылды. Бұл туралы Ауғанстан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Бүгін Синьхуа тілшісіне  Джаузджан провинциясының ресми өкілі Абдул Маруф Азар айтқандай, бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша күннің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Әуе шабуылының нәтижесінде Ирактың солтүстігінде ИМ 11 содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. Ирактың солтүстігінде «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) лаңкестік  тобының 11 содыры өлтірілді. Бұл туралы Ирак қарулы күштерінің бірлескен қолбасшылығы таратқан мәлімдемеге сілтеме жасап  Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады . Мәлімдемеде айтылғандай, АҚШ басқарған ИМ-мен  (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) күрес жөніндегі халықаралық коалициясы сейсенбі күні  Найнава мухафазының әкімшілік орталығы — Мосулдан оңтүстікке […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 18 of 27« Бiрiншi...10«1617181920 » ...Last »