Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Мысырда 110-нан астам адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз. Мысырдың әскери трибуналы терроризм айыптары бойынша 112 адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бұл туралы ВВС Africa сілтеме жасап REGNUM хабарлады. Телерадиокомпания журналистерінің айтуынша, сотталғандарға 14 операцияға, оның ішінде полицияның өткізу пункттеріне шабуыл жасағаны және ел прокурорының көмекшісін өлтіруге әрекеттенгені үшін айып тағылған. Сотталушылар бір топ мүшелері болған деп болжануда.
    • 4 Years ago
    • 0
  • БҚО-да қарасора өсірумен айналысқан әкелі-балалы сотталушыларға үкім шықты

    ОРАЛ, 05 наурыз. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қарасора өсірумен айналысқан әкелі-балалы сотталушыларға үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Судья Бақыт Ермахановтың мәлім еткеніндей, 1986 жылғы Николай мен 1961 жылғы Владимир Полянскийлер айыпты деп танылды. Н.Полянский ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Федералды тергеу бюросы: «Ата жолы» сектасының үш басшысына үкім шығарылды

    НҰР-СҰЛТАН, Челябі облысында Коркино қалалық соты «Орда» деген атаумен белгілі  оккультті-мистикалық «Ата жолы» сектасының үш басшысына үкім шығарды. Олардың кесірінен облыста тұратын 43 жасар әйел ауыр психикалық сырқатқа шалдыққан. Үкім туралы Федералды тергеу бюросы (ФТБ) хабарлады, деп gossluzhba.kz хабарлайды.  Сотталушылар денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және азаматтардың жеке басына және құқықтарына қол сұғатын коммерциялық емес ұйым құру үшін кінәлі деп […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Желіде діни мазмұндағы материал таратқан петропавлдыққа айыппұл салынды

    ПЕТРОПАВЛ, 15 ақпан. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білімсіздік, теріс ақпарат – жастардың радикалдық ағымдарға өтіп кетуіне себепші болады. Сондықтан құқық қорғау органдарының мамандары көшеде тегін таратылатын материалдарға жоламауға кеңес береді. Діни әдебиет сатуға рұқсат беретін арнайы лицензиясы жоқ сауда орындарында сатылатын кітаптарды да алмаған жөн. Бұл жөнінде  Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап kazislam.kz  хабарлайды. «Діни мазмұндағы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ХҚО-да жарылғыш зат бар деп жалған хабар берген өскемендік сотталды

    ӨСКЕМЕН, 14 ақпан. Өскемен қалалық №2 соты полиция қызметкерлеріне Халыққа қызмет көрсету орталығында жарылғыш зат бар деп жалған хабарлама жасаған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өткен жылдың 30 мамырында 102 каналына қоңырау шалған 39 жастағы қала тұрғыны Қазақстан көшесі 159/4 мекенжайында орналасқан ХҚКО-ға жарылғыш зат қойылғандығы туралы айтқан. Алайда бұл жалған хабарлама […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ақтөбе соты үш тұрғынды «Сирияға адам тартты» деп соттады

    АҚТӨБЕ, 29 қаңтар. 28 қаңтар күні Ақтөбе қалалық соты терроризм айыбы тағылған Ерсайын Құлынтай, Бағдад Бисембаев пен Әділжан Дәулетовтің әрқайсын жеті жылға бас бостандығынан айырды, деп centralasian.org хабарлайды.  Тергеу материалдарына қарағанда, 2019 жылғы наурыз айында Ерсайын Құлынтай (1992 жылы туған), Бағдад Бисембаев (1973) пен Әділжан Дәулетов (1993) Ақтөбедегі моншалардың бірінде терроризмді насихаттап, Сирияға баруға үгіттеген. Тергеу […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Хизб ут-Тахрир» жұмысын насихаттады деп айыпталған үш әйелге үкім шықты

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. 27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық соты «діни алауыздықты қоздырды» және «тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» ұйымының жұмысына араласты» деп айыпталған Қарлығаш Адасбекова мен Дария Нышанованың бас бостандығын бес жылға шектеді, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  Судья Ернар Қасымбеков сот кезінде 45 жастағы Адасбекова мен 29 жастағы Нышанованың айыбы толық дәлелденгенін, олардың ісі ауыр […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бангладеште жарылысты ұйымдастырғаны үшін 10 адам өлім жазасына кесілді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар. Дүйсенбі күні Бангладеш соты 2001 жылы Бангладештің Коммунистік партиясының саяси митингіде кемінде бес адамның өмірін қиған жарылыс үшін он содырды өлім жазасына кескен деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . Лық толы сот залындағы арнайы трибуналдың судьясы тыйым салынған «Харкат-уль-Джихад-аль-Ислами» қарулы тобының он мүшесін өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды. Сот осы іс бойынша […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда есірткі сатқан мұғалімге қатысты сот үкімі шықты

    ҚАРАҒАНДЫ, 14 қаңтар. 23 жастағы педагог синтетикалық есірткілерді заңсыз сақтау және сату бойынша кінәлі деп танылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Қарағандыдағы мамандандырылған мектеп-интернатының дефектолог-мұғалімі есірткі құралдарын аса ірі көлемде заңсыз сақтады және сатты, сондай-ақ есірткі құралдарын маркетингтік мақсатсыз заңсыз сақтады деп айыпталған. «Сотталушы осы баптар бойынша айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушыға жаза […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Пойызда тыйым салынған діни кітап алып жүрген 4 қырғызстандық жауапкершілікке тартылды

    ТАРАЗ, 13 қаңтар. Көлік полициясы көлік нысандарында діни әдебиеттерді сақтауға және таратуға тыйым салынатынын ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни мазмұндағы әдебиеттерді және өзге де ақпарат көздерін сатуға, таратуға және сақтауға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған жедел-алдын алу іс-шараларын үнемі өткізеді. Департаменттің […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 18 of 24« Бiрiншi...10«1617181920 » ...Last »