Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркия 2 мыңнан аса содырдың көзін жойды

    Астана, 3 қаңтар. Түркия билігі 2018 жылы жүргізілген антитеррорлық операциялардың қорытындыларын жариялады, деп KAZISLAM.KZ сайты хабарлайды. Республиканың Қорғаныс министрі Хулуси Акардың айтуынша, биыл түрік әскері 147 ірі көлемде әскери операция жүргізіп, нәтижесінде 2398 террористің көзі жойылған. Сонымен қатар түрік әскери әуе күштері террористердің 922 нысанына, оның ішінде штабтар, жасырын ұяшықтар мен қару-жарақ қоймаларына шабуыл жасаған. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сириядан әскерін әкететін АҚШ «қаруын күрдтерге қалдыруы мүмкін

    Астана, 30 желтоқсан. Сириядан әскерилерін әкетер алдында АҚШ қару-жарағын күрдтерге тастап кетуі мүмкін. АҚШ әскері қолбасшылығының мұндай жоспарды талқылап жатқанын дереккөздеріне сілтеме жасап, Reuters хабарлады. Күрдтерге берілуі мүмкін қару ішінде бронетехника, миномет және танкке қарсы зымыран кешені бар. Ақпарат агенттігінің дереккөздері «қаруды қалдыру туралы талқы енді басталды, бірақ таяу арада ұсынысты АҚШ президенті Дональд Трампқа […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • «Қан төгіп жатыр». Елбасы әлемдегі діни ахуалға алаңдаушылық білдірді

    АСТАНА, 29 желтоқсан. Нұрсұлтан Назарбаев әлемде террористердің барлығы мұсылмандар деген ой қалыптасып келе жатқаны үшін алаңдайтынын білдірді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы елордада дін тақырыбында съезд өткізудің әлем халқы үшін де, Қазақстан үшін де қаншалықты тиімді екеніне тоқталды. Бұл туралы президент жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Президент […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Түркия Сириямен шекарасын күшейте бастады

    Астана, 24 желтоқсан. АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы америкалық әскерилерді шығару жоспарын жариялаған соң Түркия Сириямен шекарадағы әскери әлеуетін күшейте бастады. Шекараны күшейту шаралары Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 23 желтоқсан күні Дональд Трамппен телефонмен сөйлескеннен кейін басталды. Екі ел басшылары Сириядан АҚШ әскері шығарылған соң бұл елде күштердің тепе-теңдігі сақталып тұруы үшін әскери және […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Трамп Сириядан АҚШ әскерін шығару туралы жарлыққа қол қойды

    Астана, 24 желтоқсан. АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядан әскерді шығару туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігіндегі CNN телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды . «Сирияға қатысты, біз онда басында үш ай ғана болуды жоспарладық, бұл жеті жыл бұрынғы шара еді — біз әлі кетпедік. Мен президент болғанда, ДАИШ күшейіп тұрған еді, ал […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Израиль әскері Сирия шекарасындағы адамдарды атып тастады

    Астана, 24 желтоқсан. Израиль әскері Сирия шекарасынан елге өтіп кетпекші болған қаруланған адамдарды атып тастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Израиль қарулы күштерінің хабарламасында «әскерилердің Сириямен шекараға жақын маңда Голан шыңындағы «Альфа» тізбегін кесіп өтпекші болған қаруланған адамдарды байқағаны» жазылады. Сарбаздар оқ атқан. Оқиға салдарынан қаза тапқандардың бар-жоғы белгісіз. Сол хабарламада былай делінген: «1974 жылғы бөліну келісіміне […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сенат төрағасы есірткі бизнесін терроризммен теңестіруді ұсынды

    Астана, 23 желтоқсан. Наркодиллерлерге қатысты жазаны өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін қатайту керек. Ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі жағынан есірткі бизнесі мен террористік әрекет тең, деп Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пікір білдірді, деп Baribar.KZ сайты хабарлайды. Сенат төрағасының айтуынша, есірткі бизнесі мемлекеттің ұлттық мүддесіне қауіп төндіреді, сол себепті бұл заңсыз қызметті терроризммен тең деп […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ислам және терроризм: одақтас па әлде қарсылас па?

    АСТАНА, 22 желтоқсан. Белгілі дінтанушы-ғалым Жалғас Садуахасовтың республикалық Егемен Қазақстан газетіне берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.  – Ислам – ақиқат дін. Бабаларымыз ұстанған бірегей жол. Алайда, бүгінгі буынның арасында асыл дініміздің ұстанымдары мен қағидаттарын дұрыс түсіне алмай жүргендер бар сияқты? Мұндай сауатсыздыққа біздің халық қайдан кезікті? – Бүгінде біз көп жағдайда дін исламды бағалаған уақытта оның […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Шам елінде 500-ге жуық қазақ баласы жүр

    АСТАНА, 20 желтоқсан. Сирия мен Ирактағы соғыс ошақтарынан елге оралған 91 бала бүгінде өзгелермен бірге білім алып жатыр. Оларға ең алдымен қазақ тілі үйретіледі екен. Өйткені, көбі сол жақта туғандықтан араб немесе түрік тілінде сөйлейтін көрінеді. Жалпы Шам елінде 500-ге жуық қазақ баласы жүр, деп хабарлайды Информбюро жаңалықтары. Соңғы 2 жылда қақтығыс ошақтарынан оралған 39 […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ДАИШ екі айда 700 адамды өлім жазасына кескен

    Астана,  21 желтоқсан. Сирияның шығысында екі ай ішінде ДАИШ содырлары 700-ге жуық адамды өлім жазасына кескен. Бақылаушылар осындай деректер жариялады, деп Интерфакс АА хабарлайды. Осы кезеңде Иракпен шекаралас аумақта террористердің тұтқынына 1,3 мың адам болған. Оның көпшілігін содырлар өлім жазасына кескен. ДАИШ-тықтар қазіргі уақыттың өзінде Ефраттың шығысында Хаджин қаласында бақылау жүргізіп келеді. Бұған дейін бұл […]
    • 6 Years ago
    • 0