Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Индонезияда лаңкестік әрекетке қатысы бар 22 күдікті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан. Индонезияның ұлттық полиция басшысы Деди Прасетио 2019 жылдың 10-14 қазаны аралығында елдің бірқатар аймақтарында лаңкестік әрекетке қатысы бар кем дегенде 22 күдікті құрықталғанын мәлімдеді, деп Antara агенттігіне сілтеме жасап Regnum хабарлайды. «Терроризмге қатысты қылмыстық істер бойынша барлығы 22 күдікті ұсталды», — деп мәлімдеді Деди Прасетио Джакартада. Басылым күдіктілерді қамауға алу Индонезияның қауіпсіздік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан 64 баланы Ирактан әкелді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. 39 ұл, 25 қыз бала отырған ұшақ Ташкент әуежайына жұма, 11 қазанда қонды. Бұл туралы Өзбекстанның АҚШ-тағы елшісі Явлон Вахаповқа сілтеме жасап Азаттық хабарлайды. «Олардың 14-і үш жасқа да толмаған, екі нәресте бар» деп жазды дипломат Twitter желісінде. Бұл балалардың ата-аналары бірнеше жыл бұрын «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) экстремистік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы соты деструктивті діни идеология ұстанушысын 10 жылға соттады

    АЛМАТЫ, 10 қазан. Алматы қаласы Алмалы аудандық қылмыстық соты А.Ж. Бітімбаевты терроризм актісіне дайындалу, терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша 10 жылға соттады, деп Ktk.kz хабарлайды.  Үкім заңды күшіне енді. Ол ҰҚК назарына деструктивті діни идеологияны ұстанушы және Қазақстан Республикасында тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының жақтасы ретінде ілікті. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Терроризммен күрес ұжымдық сипатқа ие болуы керек- Ауғанстан өкілі

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қазан. Терроризммен күрес ұжымдық сипатқа ие болуы керек. Бұл туралы Ауғанстан Ислам Республикасының қауіпсіздік және шекаралық істер мәселелері бойынша ынтымақтастық департаментінің директоры Мохаммад Файзи айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жылдар бойы Ауғанстан терроризмнің құрбаны болып келеді. Біздің ел — бұл жағдаймен күресуде бәрінен көп зардап шеккен мемлекет. Біз терроризммен күрес ұжымдық сипатқа ие болу […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ:Германия билігі Гессенде болған оқиғаны лаңкестік әрекет деп қарастырады

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қазан. Немістің Лимбург-ан-дер-Лан қаласында (Гессен федералды жері) жүк көлігі қатысуымен болған оқыс оқиға террористік акт ретінде қарастырылады.Бұл туралы ZDF телеарнасына сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Тергеу жұмыстарын Франкфурт-на-Майне   прокуратурасы өткізуде. 30 жастағы күдікті Германияға Сириядан келгені белгілі. Жеті зардап шеккен адам дәрігерлердің бақылауында, олардың біреуі ауыр халде жатыр. 7 қазанда Лимбург-ан-дер-Лан қаласында жүк көлігі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Татарстанда жарылғыш затты дайндау әдісі көрсетілген төрт сайт бұғатталды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қазан. Татарстанның аудандық прокуратураларының бірі жарылғыш заттар мен құрылғыларды қолдан дайындау әдістері орналастырылған бірнеше сайттардың бұғатталуынасот шешімі арқылы қол жеткізді. Жұмыс терроризм мен экстремизмге қарсы күрес саласындағы жүйелі қадағалау аясында жүргізілді, деп хабарлайды REGNUM АА. Қауіпті сайттарды Интернет желісіне мониторинг жүргізу кезінде Жоғарғыуслон ауданы прокуратурасының қызметкерлері анықтады. Ақпаратты Ресейде таратуға тыйым салынған деп […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Воронеж облысының тұрғыны лаңкестерді қаржыландырғаны үшін сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қазан. Воронеж облысының тұрғынына «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) лаңкестік ұйымын қаржыландырды деген кінә тағылып, Мәскеу сотымен 3 жылға қоныс колониясында жазасын өтейді деген үкім шықты. Бұл туралы Воронеж облысының прокуратурасының баспасөз қызетіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. Мекеменің баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, әйел адам 2015 жылдың қараша айында Мәскеу облысының Реутов […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда Тәлібтер сайлау комиссиясының 20-дан астам қызметкері мен бақылаушыларын ұрлап әкеткен

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек.»Талибан» радикалды қозғалысының содырлары президенттік сайлау кезіде  Парван провинциясындағы сайлау комиссиясының тоғыз қызметкері мен 17 бақылаушысын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Пажвак агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары Парван провинциясында сайлау күні Ауғанстанның тәуелсіз сайлау комиссиясының тоғыз қызметкерін және 17 бақылаушысын ұрлап кеткен», — делінген хабарламада. Сонымен қатар, шенеуніктерге сілтеме […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның арнайы қызметі сайлау күні 34 «Талибан» содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек.Ауғанстанның арнайы қызметі Президент сайлауы күні «Талибан» радикалды тобының 34 содырын жойып, тағы 18  ұстады, деп хабарлайды Khaama Press агенттігі Ұлттық қауіпсіздік Директоратының баспасөз релизіне сілтеме жасай отырып.Бұл туралы РИА Новости жазады. Қауіпсіздік қызметінің мәліметтері бойынша, Кабулда және оның  маңайында 16 операция өткізіліп, сайлауға кедергі көрсетіп, болдырмауын жоспарлаған 14 тәліб ұсталды. Елдің басқа […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Санкт-Петербургте ғимараттарға «мина қойған» екі күдікті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек.Санкт-Петербург  полициясы миналау туралы ақпарат таратқан екі күдікті ұстады. Бұл туралы 27 қыркүйекте Ленинград облысы мен қала бойынша ІІМ ББ баспасөз қызметі хабарлады, деп REGNUM жазады. Санкт-Петербург орталығындағы Грибоедов каналының жағалауындағы банк ғимаратының миналауы туралы хабарлама 26 қыркүйек күні таңертең құқық қорғау органдарына келіп түсті. Адамдарды кеңседен көшіруге және тексеру жүргізуге тура келді. […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 6 of 46« Бiрiншi...«45678 » 102030...Last »