Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Тәжікстан ТМД елдеріндегі экстремистік ұйымдардың бірыңғай тізімін құруға үміт білдірді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан. Тәжікстан ТМД елдеріндегі экстремистік ұйымдардың бірыңғай тізімін құру идеясы жүзеге асады деп күтеді, деп мәлімдеді Республика Президенті Эмомали Рахмон Достастық мемлекеттері басшылары кеңесінің онлайн -отырысы барысында. Бұл туралы  РИА Новости-ге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Өткен жылы Тәжікстан ұсынған қатысушы-мемлекеттер аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың бірыңғай […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Йеменнің оңтүстігінде жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан.Йеменнің оңтүстігінде орналасқан Аден қаласында жарылғыш зат орнатылған автокөліктің күлі көкке ұшты, деп Хабар24-ке сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Қайғылы оқиғадан 4 адам мерт болды. Жергілікті билік қаскөйлердің қала губернаторы мен Ауыл шаруашылығы министрін нысанаға алғанын хабарлайды. Билік өкілдері дін аман. Шенеуніктердің жанында болған күзетшілері қаза тапқан. Жарақат алғандар да бар. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәуелсіздік жылдары елімізде қандай терактілер болды?

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек. 11 қыркүйек күні Нью-Йорктегі терактіге 20 жыл толады. Ал Қазақстанда кейінгі 30 жылда қанша лаңкестік оқиға тіркелді?Бұл туралы Айқын жаңалықтар порталы жазады. Тәуелсіздік жылдарында алғашқы лаңкестік оқиға 1992 жылдың ақпанында Шымкентте тіркелді. Ташкенттен Самараға пойызбен жеткізілуі тиіс 6 қылмыскер Қызылорда—Сарыағаш бағытында қатынайтын автобусты басып алды. Бір тәулікке созылған «Набат» операциясының арқасында автобустағы 30 жолаушы түгел құтқарылды. Олардың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Бүгін Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    АЛМАТЫ, 16 шілде. Алматыда «Шілде-Антитеррор 2021» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы қаласы терроризмге қарсы жедел штабынің мәліметінше, бүгін 16 шілде күні Бостандық ауданына қарасты «Орбита-3» шағынауданында орналасқан №5 ғимарат пен №145 жалпы білім беретін мектепте, таңғы сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес жоспарланған антитеррорлық оқыту өткізіледі. Оқытудың мақсаты — адам көп […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда терроризммен  тағы екі мемлекеттік орган күреседі

    НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым.  Тәжікстан парламентінің төменгі палатасының депутаттары сәрсенбіде «Терроризммен күрес туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжатта Бас прокуратура мен Есірткі саудасымен күрес жөніндегі агенттігі де терроризммен күресетіні айтылған, деп хабарлайды centralasian.org. Тәжікстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитет, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Қаржы полициясы, Ұлттық ұлан және Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі терроризммен күрес жүргізеді. Заң […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ФТБ мен ІҚМ есебінде АҚШ үшін терроризм тұрғысынан ең үлкен қауіп-қатер туралы айтылды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр.   Терроризм тұрғысынан АҚШ үшін ең үлкен қауіп — кез-келген нәсілдің үстемдігін жақтайтын және атыс қаруларына рұқсаты бар экстремистер, деп АҚШ ФТБ  мен ІҚМ есебінде баяндалған. Сонымен бірге, американдық ведомстволардың мәліметтері бойынша, соңғы бірнеше жылда экстремистер нәсілдік негізде өлтіргендердің саны артып келеді, ал тұтқындаулар саны азайып келеді. Бұл туралы CNN-ге сілтеме жасап RT […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Парижде аурухана алдында болған шабуылда 1 кісі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір.Францияның астанасы Парижде бір аурухананың алдында қарулы шабуыл ұйымдастырылды, деп TRT хабарлайды.   Шабуылда бір кісі қаза тапты, бір кісі де жараланды. Шабуылшы мотоциклмен қашып кетті. Полиция жаралының оқиға болған Генри Данант ауруханасында емделгенін хабарлады. BFM  телеарнасы қаза тапқан ер адам екенін, жаралының аурухананың әйел қауіпсіздік қызметкері екенін білдірді. Қарулы шабуылдың себебі әлі белгісіз.
    • 3 Years ago
    • 0
  • СІМ: Түркия террористік ұйымдармен күресуін жалғастырады

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Чавушоғлу НАТО базасында ұйымдастырылған Сыртқы істер министрлері жиналысында баяндама жасады, деп TRT агенттігі хабарлайды. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысында Түркияның барлық террористік ұйымдармен күресі жалғасатынын білдірді. Чавушоғлу Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО базасында ұйымдастырылған Сыртқы істер министрлері жиналысында баяндама жасады. Бірінші отырыстағы сөзіне байланысты Твиттер желісінде мәлімдеме жасаған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Гуанчжоуда болған лаңкестік шабуылда бес адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз.Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы әкімшілік ғимараттардың бірінде лаңкестік шабуыл болды, деп хабарлайды Daily Storm. Жергілікті тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша, 59 жастағы террорист бомбаны өзімен бірге кеңсеге алып кіріп, оны іске қосқан. Салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды. Жергілікті тұрғындар шабуылдан барлығы 16 адам қаза тарты немесе жарақат алды деп хабарлайды. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • АҚШ билігі ішкі терроризмге қарсы күресті күшейтуге ниетті

    НҰР-СҰЛТАН, 08 ақпан.  Америка Құрама Штаттарында әрекет ететін экстремистік топтар ел үшін ең үлкен қатерлердің бірі болып табылады, американдық билік олар туралы ақпаратты белсенді жинап, белсенді әрекет етуі керек. Бұл туралы сенбі күні эфирге шыққан АҚШ ұлттық қауіпсіздік министрі Алехандро Майоркастың CNN журналистеріне берген сұхбатындағы мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 9 of 17« Бiрiншi...«7891011 » ...Last »