Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Северодвинск қаласында Иегова куәгерлері ұяшығының қызметін тоқтатылды

    АСТАНА, 20 наурыз. Северодвинскідегі құқық қорғаушылар Иегова Куәгерлері ұйымының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды РИА Новости Архангельск облысындағы ФҚҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. «Архангельск облысының Северодвинск қаласында Ресей Федерациясының аумағында тыйым салынған және РФ Жоғарғы Соты экстремистік деп таныған Иегова куәгерлері халықаралық діни ұйым ұяшығының заңсыз іс — әрекеті тоқтатылды», — делінген хабарламада. Хабарланғандай, Ресейдің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жаңа Зеландия: Террорист қылмысқа не үшін барғанын айтты

    АСТАНА, 19 наурыз. Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы мешітте теракті жасады деп айыпталған 28 жастағы Брентон Таррант тергеу барысында бұл қылмысқа Еуропадағы терактілер итермелегенін мәлімдеді. Оның сөзінше, терактіге екі жыл дайындалған, деп жазады Islam Today. Оның ойына теракт жасау 2017 жылы Стокгольмде болған терактіден соң келген. Сол уақытта террорист қала орталығындағы жаяу жүргіншілерді қырып салған болатын. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ИМ-не қосылуға талпынған Камчатка қаласының тұрғынына үкім шығарылды

    АСТАНА, 19 наурыз. Камчаткадағы Елизово қаласының тұрғыны Иислам мемлекеті террористік тобы қатарына кіруге әрекеттенгені үшін және досың заңсыз қарулы топ қатарына тартқаны үшін он жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды РИА Новости РФ ФҚҚ аймақтық бөліміне сілтеме жасай отырып. «Бұл азаматқа қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 30 бабының 1 тармағы, 205.5 бабының 2 тармағында (Ресей […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда терроризмге қарсы жаттығулар өтеді

    АЛМАТЫ, 18 наурыз. Алматылықтарға терроризмге қарсы жаттығулар өткізу туралы ескерту жасалды. Қала тұрңындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және жаттығуларға қатысушылардың заңды талаптарын орындауын сұрады, деп терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Алматы қалалық жедел штабына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды. Төле би, 94 проспектісінде орналасқан Асфендияров атындағы Қазақ медицина университетінің территориясында 19 наурызда лаңкестікке қарсы жоспарланған оқу-жаттығулар өтеді. Мақсаты […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда соқтығысу нәтижесінде 7 содыр жойылды

    АСТАНА, 18 наурыз. Ауғанстанның Ұлттық армиясының 205 корпусының ресми өкілдері Кандагар провинцияның аумағында кем дегенде жеті Талибан содырын Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштерімен қақтығыс нәтижесінде жойылды, тағы төртеуі әртүрлі дәрежедегі жарақат алды, деп REGNUM мәлімдеді. «Талибан» қозғалысының (Қазақстан территориясындағы қызметі тыйым салынған ұйым) содырлары Кандагар провинциясының Миияннашеен ауданының аумағындағы бақылау бекеттерінің біреуін басып алуға тырысты, бірақ […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді

    АСТАНА, 18 наурыз. Астанада ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. «Мемлекеттік органдардың басшылары белгіленген ортада зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алуды жетілдіру бойынша шараларды қарап, пысықтады» делінген хабарламада. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің № 2396 қарарын атқару шеңберінде аралық қорытындылар жасалып, одан әрі негізгі жұмыс бағыттары […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Полиция: Нидерландтағы атыстың лаңкестік себептері болуы мүмкін

    АСТАНА, 18 наурыз. Нидерланд полициясының мәлімдемесіне сілтеме жасаған РИА Новостидің хабарлауынша, Утрехт қаласындағы атыс кезінде үш адам қаза тауып, 9 адам жарақат алған. «Полиция бүгін таңертең (дуйсенбі – басылым) Утрехте болған атысты тергеп жатыр. Тергеу барысында террористік себеп те қарастырылады», — деп Twitter-дегі парақшасында полиция хабарлады. Мэр Ян ван Заненнің айтуынша, үш адамның жағдайы ауыр. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Бельгиядағы вокзалға шабуыл жасау туралы хабарландырулар тексерілуде

    АСТАНА, 18 наурыз. DJSOC Бельгияның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу мекемесі Жаңа Зеландиядағы мешітте адамдарды атып өлтіргенге жауап ретінде Антверпенде жоспарланған шабуыл туралы хабар алды. Бұл туралы Sudpresse медиа тобына сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлады. «Елдің орталық вокзалдарының бірінде автоматты қару қолданып, Крайстчерктегі екі мешіттің шабуылына жауап ретінде шабуыл жасау қаупі туралы жасырын хабарлама сенбі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мәскеудегі ОӘД және БО миналануы туралы хабарлар жалған болып шықты

    АСТАНА, 18 наурыз. Мәскеудегі ОӘД сауда үйі мен «Станиславский фабрикасы» бизнес-орталығын миналау туралы анонимді хабарламалар расталмады, деп елордалық төтенше жағдайлар жөніндегі өкіліне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Бұдан бұрын Мәскеудің орталығындағы «Станиславский фабрикасы» бизнес-орталығының барлық ғимараттары миналау қаупі бар деген анонимді хабарламадан кейін тексерілгендігі туралы хабарланған болатын. Кейіннен Петровка көшесіндегі ОӘД сауда үйінде осындай тексеру […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ұлыбритания мен Франция мешіт қауіпсіздігін күшейтеді

    АСТАНА, 18 наурыз. Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы екі мешітте болған терактіден кейін Ұлыбритания мен Франция билігі мешіттер мен басқа да діни ғимараттарда қауіпсіздікті күшейтті, деп хабарлайды Islam Today. «Діни мекемелер маңызда қосымша патрульдік қызметтер күшейтілді» деп жазады Франция Ішкі істер министрі Кристоф Кастанердің өз Twitter парақшасында. Скотланд-Ярд контртеррористік құрылымының басшысы Нил Басу өз кезегінде Ұлыбритания […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 18 of 48« Бiрiншi...10«1617181920 » 3040...Last »