Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қарасора-2020: Түркістан облысының тұрғыны марихуана сақтағаны үшін  ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 02 шілде. Бәйдібек АПБ-нің қызметкерлері “Қарасора” жеделдетілген-профилактикалық іс-шарасы аясында қарқынды қызмет атқарып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. Өсіруге заңмен тыйым салынған өсімдіктерді сақтау, қолдану, сату жайттарын болдырмауға, дер кезінде анықтап жоюға бағытталған жұмысты жандандырып келеді. Мәселен, АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі өз үйінде есірткі затын заңсыз сақтап жүргендігі жөнінде хабарлама келіп түскен. Аталған жайтты полицейлер Бәйдібек […]
    • 4 Years ago
    • 0
  •  Қарасора өсірумен айналысатын Түркістан облысының тұрғыны ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 29 маусым. Түркістан облысының полицейлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірумен айналысатын ауыл тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі өз ауласында сора өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жайтты полиция қызметкерлері СДТТБТ-ға тіркеді. Полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 300 бабы “Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру” бойынша сотқа […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында тәртіп  сақшылары 22 түп қарасора тәркіледі

    ТҮРКІСТАН, 18 маусым. Түркістан облысында тәртіп сақшылары ауласында қарасора еккен тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бәйдібек АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі өз үйінде қарасора өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған мекен-жай бойынша Бәйдібек АПБ-ның жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден шығып, күдіктінің тұрғын-үй ауласына есірткіге ұқсас өсімдік еккенін анықтады. Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер құрамында есірткі заты бар 22 түп өсімдікті тәркіледі. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының полицейлері қарасора егістігін жойды

    ТҮРКІСТАН, 15 маусым. Түркістан облысының полицейлері Түлкібас ауданында қарасора егістігін жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне Түлкібас ауданына қарасты ауылдардың бірінде жергілікті тұрғын, өз үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел-іздестіру […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының тұрғынынан көкнәр тәріздес 4730 түп есірткі өсімдігі тәркіленді

    ТҮРКІСТАН, 08 маусым. Түркістан облысының полицейлері 4,7 мыңнан астам түп көкнәр тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Келес аудандық полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, заңсыз есірткі еккен күдіктіні құрықтады. Анықталғандай, егде жастағы ер адам өз ауласында құрамында есірткісі бар өсімдік түптерін ірі мөлшерде өсірген. Келес […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының 80 жастағы тұрғыны ауласына көкнәр еккен 

    ТҮРКІСТАН, 14 мамыр. Түркістан облысының полицейлері 80 жастағы қарияның ауласынан 62 келіге жуық егілген “көкнәр” өсімдігін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шардара аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын ауласында есірткі өсіреді деген хабарлама келіп түседі. Аталған ақпаратты тексеру мақсатында КПБ-нің қызметкерлері жедел әрекет етіп, көрсетілген мекен жайда анықтау жұмыстарының кешенін жүргізді.​ Нәтижесінде, 80 жастағы қарт тұрғынның  үйінің ауласынан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Шымкентте кептірілген марихуана сатпақ болған адам ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 27 сәуір. Кептірілген марихуананың үш сіріңке қорабын өткізгені үшін Түркістан облысының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды ERNUR.KZ. Жедел іс-шаралар нәтижесінде, Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағында Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жалпы салмағы 11,67 грамм 24000 теңге тұратын “кептірілген марихуананы” үш сіріңке қорабына салып, өткізгені үшін Түркістан облысының тұрғыны ұсталды. Осыған байланысты […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында сіріңке қорбанда марихуана сақтаған жігіт құрықталды

    ТҮРКІСТАН, 23 сәуір. Түркістан облысының полицейлері марихуана салынған 70-тен астам сіріңке қорабын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Келес АПБ-нің полиция қызметкерлері және Түркістан облысы ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдерімен бірлесіп, есірткі сақтаған күдіктіні құрықтады. Келес ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде, полиция қызметкерлері оның ауласындағы сарайдан құрамында есірткі тектес заты […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістанда деструктивті діни ағымды насихаттаған тұрғын жазаланды

    ТҮРКІСТАН, 22 сәіур.Түркістан облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге деструктивті ағымның аудиожазбасын тарату дерегін анықтады. Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары осы аудиожазбаларды таратып жүрген тұрғынды тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өңірдің полиция қызметкерлері аталған материалдарды таратып-жеткізуші күдіктіні анықтап, Жетісай полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында оның деструктивті-діни ағымды ұстанушы ретінде есепте тұратыны анықталды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының тұрғыны ауласында марихуана егіп-өсірген

    ТҮРКІСТАН, 17 сәуір. Түркістан облысының полицейлері ауласына есірткі еккен тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды  Polisia.kz. Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, Жетісай ауданында бір азамат есірткі затын үйінде өсіруі мүмкін екендігі жөнінде хабарлама түсірген. Осы бойынша Жетісай АПБ-не аталған қылмысты ашуға тапсырма берілді. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК 300-бабы […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 7 of 9« Бiрiншi...«56789 »