Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Тәжік түрмесіндегі бүлікті «Ислам мемлекеті» тобы мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым. Өздерін «Ислам мемлекеті» деп атайтын әсіре исламшыл террорлық топ 19 мамырда Тәжікстанның Вахдат қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде шыққан бүлікті мойнына алды. Бүлік кезінде 32 азамат қаза тапқан. ИМ тобына тиесілі «Әл-Набаа» басылымы ешбір дәйек келтірместен, «бүлік шығарғандар — халифат сарбаздары» деп жазды. Бұл туралы Reuters хабарлады, деп «Азаттық» радиосы жазады.  19 мамырда кешке […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанның астанасында есірткіге қарсы «Кукнор-2019» операциясы өтуде

    НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым. Душанбе қаласында «Кукнор-2019» (Мак-2019) операциясы өтеді, деп жазады ТаджикТА. «Тиісті жарлыққа Душанбе қаласының төрағасы Рустам Эмомали қол қойды», — деп хабарлады елорда мэриясының баспасөз қызметі. Бұл есірткіге қарсы операция екі кезеңде өтеді. «Кукнор-2019» операциясының бірінші кезеңі 1 маусымнан 31 тамызға дейін болады, ал операцияның екінші кезеңі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30 қарашасына дейін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҰҚШҰ СІМ басшылары жаһандық террорға қарсы стратегияның жоспарын келісті

    НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр. Тәжік-ауған шекарасындағы ықтимал шиеленісті төмендету шараларын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Бішкектегі Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) отырысында келісті, деп хабарлайды АфТАГ. ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына дайындық шеңберінде сыртқы істер министрлері тәжік-ауған шекарасындағы ықтимал шиеленісті азайту жөніндегі шаралар пакетін, 2019-2021 жылдарға арналған БҰҰ-ның Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр. Тәжікістанда бірлескен тәжік-казақстандық терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтті, деп жазады ТаджикТА. «Тәжікстан мен Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің терроризмге қарсы оқу-жаттығулары ағымдағы жылдың 13-17 мамыр аралығында Фахрабад әскери оқу-жаттығу полиганында өтті», — деп хабарлады Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Оқу-жаттығулардың алдында қазақстандық әскери делегация Фахрабад полигонындағы жағдайлармен танысты. Оқу-жаттығудың аңызы бойынша, полигонның оқу ғимараттарының бірің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ТР елшісі тәжік балаларын қайтаруға көмектескені үшін Кувейтке алғысын білдірді

    НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр. Тәжікстан мен Кувейт арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелері Кувейт Мемлекетінің астанасы Эль-Кувейте қаласында, талқыланды, деп Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ақпарат басқармасына сілтеме жасап  avesta.tj хабарлайды. Тәжікстан Республикасының Кувейттегі елшісі Зубайдулло Зубайдзода Кувейт Мемлекетінің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Халид Ал-Джаруллахпен  кездесті. Кездесу барысында тараптар Тәжікстан мен Кувейт арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды, оның […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Теракті ұйымдастырушы 30 жылға сотталды

    АСТАНА,  18 ақпан. Теракті ұйымдастырушы 30 жылға сотталды. Тәжікстанда РФ 201 әскери базасында теракті дайындаған Бахриддин Шарофуддинов 30 жылға бас бостандығынан айырылды.Бұл туралы Islam-today сайты хабарлайды. Республика Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыскер өткен жылдың қыркүйек айында арнайы операция барысында ұсталған. Белгілі болғандай Шарофуддинов 2004 және 2007 жылдары экстремистік және террористік үндеулері үшін сотты болған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда бір жылда 11 теракті жоспарланған

    АСТАНА, 18 ақпан. 2018 жылы Тәжікстанда жоспарланған 11 терактінің алды алынды. Бұл туралы республиканың Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода журналистермен кездесуде мәлімдеді, деп KAZISLAM хабарлайды. Министрдің айтуынша, өткен жылы тәжік құқыққорғау органы 11 терактіні анықтап, алдын алған. Экстремистік және террористік бағыттағы қылмыс бойынша 873 іс ашылған. Осы бағыттағы арнайы операция нәтижесінде экстремистік және террористік ұйымның […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ИМ-нан кейінгі өмір

    Душанбе. 9 тамыз. Таяу Шығыстағы соғыс аймағында «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) террорлық тобы қатарында болған, кейін еліне оралып, өткеніне өкініш білдірген соң кешірім жасалған тәжік азаматтары қалыпты өмірге бейімделіп жатыр. Фуркат Ватанов бір ай бұрын шаңырақ көтерді. Ал бір кездері үйленуден күдер үзген кездері де болған. Осыдан бір жылдай бұрын 24 жастағы Фуркатты «Ислам […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • АҚШ елшілігі Тәжікстанда лаңкестік шабуыл жиілейтінін ескертті

    Душанбе. 19 маусым. Тәжікстандағы АҚШ елшілігі өзінің веб-сайтында сол елдегі АҚШ азаматтарының лаңкестік шабуылға ұшырауы мүмкін екенін ескертті. Мәлімдемеде көптен бері Тәжікстандағы террорлық топтар лаңкестік шабуыл жасамағанымен, тексеру нәтижесіне қарағанда алдағы алты айда олардың әрекет жасауы жиілеуі мүмкін екені айтылған. Бұл туралы «Парс.ақпарат» агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр деп жазды Qazaqtimes. АҚШ-тың Душанбе қаласында тұратын […]
    • 7 Years ago
    • 0
Бет 10 of 10« Бiрiншi...«678910