Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ниццадағы шабуылға қатысқан сегіз айыпталушыға үкім шығарылды

    АСТАНА, 16 желтоқсан. Сейсенбі күні Париждің арнайы соты Ниццадағы терактілерге қатысы бар деп айыпталған сегіз адамды 2 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырды, деп  Euronewsке   сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. 2016 жылдың 14 шілдесінде Мұхамед Бухлел полиция қызметкерлері оны атып үлгергенше жүк көлігін Англиялық жағалауында жиналған халыққа бағыттап соққан. Салдарынан 86 адам қаза тауып, 400-ден астам адам […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Францияның арнайы қызметтері ИМ содырларының он әйелін ұстады

    АСТАНА, 02 қараша.  Францияда арнайы қызметтер репатриация нәтижесінде отанына оралған он әйелді ұстады, деп kazislam.kz сайтына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ұсталғандар «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған лаңкестік ұйым) ұйымымен байланысы бар деген күдікке ілінді. Олардың біріне адамзатқа қарсы қылмыс және геноцид жасады деген айып тағылды. Ұсталғандар өткен аптаның […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Француз компаниясы ДАИШ-ке көмектескенін мойындады

    АСТАНА, 21 қазан. Француз Lafarge цемент зауыты ДАИШ террор ұйымына көмектескенін мойындады, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Қылмыстық іс қаралған АҚШ-та Әділет министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Lafarge (Лафарж) Нью-Йорктің Бруклин қаласындағы федералды сотта келісімге келді. «ДАИШ-ке көмектесу» қылмысын мойындаған Lafarge компаниясы 777,78 миллион доллар айыппұл төлейді. Лафардж жасаған мәлімдемеде «Lafarge және оның […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Франция прокуратурасы елде исламдық экстремизм қаупі күшейгенін хабарлады

    НҰР-СҰЛТАН, 05 қыркүйек. Францияда Таяу Шығыс аймағындағы зорлықшыл экстремистерінің лаңкестік әрекеттері қаупі артып отыр, деп Интерфакс-Религиа хабарлайды. Бұл туралы Stopterror.uz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Біз лаңкестер әрекет ететін аймақтардан, әсіресе Ирак пен Сириядан келген адамдардың лаңкестік әрекеттер жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз», — деп Терроризмге қарсы істер жөніндегі ұлттық прокурор […]
    • 2 Years ago
    • 0
  •  Мали аумағынан соңғы француз сарбаздары кетті

    НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз. Францияның Бас штабы дүйсенбіде Малиде тоғыз жыл болғаннан кейін, «Бархан» операциясына қатысқан соңғы әскери қызметкерлер елден кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Интерфаксқа сілтеме жасап«Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  «Бүгін 13:00-де (Париж уақытымен, Мәскеу уақытымен 14:00-де) Мали аумағындағы «Бархан» күштерінің соңғы бөлімшесі Мали мен Нигер шекарасын кесіп өтті», — деп Le Figaro […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Парижде терроризмге қатысы бар үш күдіктіге айып тағылды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Париж соты лаңкестікке жәрдемдескені үшін үш күдіктіні айыптады, деп Agence France-Presse хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Агенттіктің соттағы дереккөзінің айтуынша, «бұл адамдар Сирия-Ирак аймағында жүрген француз текті жиһадшыға  қаржылық және техникалық көмек көрсетті деген күдікке ілінген». Күдікті лаңкестерді ұстау операциясын сейсенбі күні Францияның […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Франция соты 2015 жылғы лаңкестік әрекеттер ісі бойынша 19 айыпталушыны терроризмге кінәлі деп тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. Франция соты 2015 жылы 13 қарашада Парижде болған терактіге қатысты іс бойынша 19 айыпталушыны терроризм, тағы біреуі алаяқтыққа қатысқаны үшін айыпты деп танылды, деп ТАСС агенттігі хабарлайды. Бұл туралы Stopterror.uz  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. BFM телеарнасының репортажында «19 айыпталушыға қатысты айыптаушы тараптың барлық сұрақтарына алқабилер «иә» деп […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Француз әскери күштері Малиде «Үлкен Сахарадағы ИМ» басшысының бірін ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым. Француз әскерилері Малиде «Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті»* тобының жетекшілерінің бірін тұтқынға алды, деп Франс Пресс агенттігі хабарлайды. Бұл туралы  РИА Новостиге сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «2022 жылдың 11 маусымынан 12 маусымға қараған түні «Бархан» күштерінің операциясы «Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекетінің»* маңызды тұлғасы Умейи Улд Альбакайені тұтқынға алуға […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Францияда қарулы неонацистік топ залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 маусым. Франция полициясы элзасстық Мюлуз қаласына жақын жерде неонацистік қарулы топты залалсыздандырды, деп News.IsraelInfo агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Өткен сейсенбіде қауіпсіздік күштерінің операциясы нәтижесінде 45 пен 53 жас аралығындағы төрт ер адам ұсталды. 200 жандарм олардың Жоғары Рейн департаментінің төрт елді мекеніндегі үйлерін қоршап алды және тінту […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Түркияның Париждегі Бас консулдығына КЖП шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр.Түркияның Париждегі Бас консулдығына бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшелері тарапынан шабуыл жасалды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Париж Бас консулдығына куәлігі әлі белгіленбеген адамдар тарапынан 12 мамыр түнгі сағат 02:30 мөлшерінде шабуыл жасалды. Шабуылда бас консулдық ғимаратының терезесі және қабырғалары зақымдалды. Франция органдары шабуылға байланысты тергеу бастады.
    • 2 Years ago
    • 0
Бет 1 of 912345 » ...Last »