Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сомали астанасының маңында жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан. Сомали астанасы Могадишоның шетінде сенбіде жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Somali Guardian жаңалықтар порталына сілтеме жасап ТАСС  хабарлады . Порталдың ақпараты бойынша, шабуылдың мақсаты Могадишо мен Афгойе қаласы арасында жүрдек жолдың құрылысына қатысқан түрік мамандары болған.  Зардап шеккендер бар, бірақ олардың саны әлі белгісіз. Түркия — Сомали экономикасына 1 миллиард доллардан астам […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Чехияда террористік шабуыл ұйымдастырамын деп сес көрсеткен Словакия тумасы сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан. Чехияның Острава қаласының сотының шешімі бойынша Словакияның 51 жастағы тумасы Роман Марианчик қалада террористік шабуылдар ұйымдастырамын деп сес көрсеткені үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Чехия радиосына сілтеме жасап  REGNUM АА хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, сотталған сәуір айында төтенше жағдайлар қызметіне бірнеше рет қоңырау шалып, Остраваның ірі дүкендері мен сауда […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Әлеуметтік желілерде терроризмді ақтағаны үшін Қарашай-Шеркесияның тұрғыны сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан. Оңтүстік округтік әскери соты Қарашай-Шеркесияның тумасын терроризм мен экстремизмді ақтау ісі бойынша 2,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп «Кавказский узел» интернет басылымына сілтеме жасап СНОБ жазады.   Айыптаушы тараптың мәліметінше, 24 жастағы Алтынай Кумукова 2018 жылдың 19 қарашасынан 2019 жылдың 15 ақпан  аралығында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында және өзі  құрған интернет-қоғамдастықта «23 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Көкшетауда терроризмге қарсы жоспарлы жаттығулар басталды

    КӨКШЕТАУ, 09 қазан. 9-23 қазан аралығында Көкшетау қаласында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Ақмола облыстық жедел штабы әскери техника мен арнайы автокөлікті пайдалануымен жоспарлы оқу-жаттығулар өткізуде, деп хабарлайды AqmolaNews.kz . Қала тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға, оқу жаттығуларына түсіністікпен қарауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға шақырамыз.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Францияда мектеп оқушысы «терроризмді дәріптегені» үшін қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қазан. Францияның Теңіз бойындағы Сена  департаментінде  16 жасар жасөспірім «терроризмді дәріптегені» үшін қамауға алынды . Бұл туралы Le Figaro-ға сілтеме жасап  REGNUM АА  хабарлайды. Теңіз бойындағы Сена  департаментінің Соттевиль-ле-Руан қаласындағы лицей оқушысы «терроризмді дәріптегені» және өлім қаупі үшін қамауға алынды . Жасөспірім құрдастарын «ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) және оның әскерлері сияқты […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Красноярск өлкесіндегі колонияда екі сотталушы терроризмді насихаттаған

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қазан. Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Краснояр өлкесінің Федералды үкімді орындау қызметі басқармасымен бірлесе отырып террористік қылмысқа қатысы бар үш азаматтың әрекетін тоқтатты. Бұл туралы ФҚҚ аймақтық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM  АА хабарлады. Олардың екеуі түрмеде отырып, тұтқындар арасында террористік үгіт-насихат жүргізгені анықталды.  «Нәтижесінде, олар ниеттес адамды тапты. Ол  идеологиялық  насихаттан кейін радикалды исламның […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Терроризм үшін айыпталған Франция азаматы Түркиядан отанына экстрадицияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қазан. Францияда терроризм үшін сырттай айыпталған Франция азаматы Осман Гарридо Түркиядан өз еліне экстрадицияланды. Бұл туралы Le Figaro-ға сілтеме жасап REGNUM АА жазады . Отман Гарридо 2020 жылы шілде айында Түркияда, Сирия шекарасына жақын жерде тұтқындалды, ол 2012 жылы «Джабхат ан-Нусраға» (Қазақстанда тыйым салынған ұйымға) қосылу үшін барды. 2017 жылдың сәуір айында Гарридо […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігіндегі лаңкестік әрекет: қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қазан. Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында бомба тиелген жүк көлігімен лаңкестік жасалды. Алғашқы анықтамаға қарағанда  14 адам қаза тапты, 50 адам жарақат алды, деп TRT жазады.  «Евфрат қалқаны» операциясында терроризмнен тазаланған Баб ауданы орталығында бейбіт тұрғын көп жиналған жерде жүк көлігіне орналастырылған бомба жарылды.  Лаңкестікте арасында балалар мен әйелде бар 14 адам қаза тапты.  50 адам […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияда іздеуде болған екі террористтің көзі жойылды 

    НҰР-СҰЛТАН, 05 қазан. Түркияның шығысындағы Тунджели қаласында бірі қызыл, бірі қызғылт категорияда тұрған екі террорист залалсыздандырылды, деп TRT жазады.  Ішкі істер министрлігі Тунджели Оваджык маңында 2 қазан күні Қалалық жандармерия қолбасшылығының операциясында екі террористтің залалсыздандырылғанын білдірді. Террористтердің бірі Терроризм тізімінде қызыл категорияда іздеу салынған TKP/ML TİKKO-ның Тунджелидегі басшысы Али Кемал Йылмаз екені білдірілді. Ол террорлық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • МҰҚК: Бішкекте шетелдік жалдаушы ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қазан. Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Бішкекте «К.Б.К» шетелдік азаматын ұстады, деп жазады ИК АКИpress . Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, ұсталған адамның Қырғызстан аумағына жасырын террористік ұяшығын құру үшін қажетті жағдайлар жасау жоспарымен кіріп,  қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды жасау, улы және жарылғыш заттарды қолдану туралы әдебиеттерді белсенді зерттегені, сондай-ақ Сирияға жіберу үшін […]
    • 4 Years ago
    • 0