Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі екі жылда 9 халықаралық террористік қозғалыстың әрекетін тоқтатты

    НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. 2018-2019 жылдары шетелдік арнайы қызметтермен бірлесе отырып, Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің органдары тоғыз террористік қозғалыстың қызметін тоқтатты. Оның екеуі Өзбекстанда, жетеуі Достастық елдерінде жүзеге асырылады деп жоспарланған. Бұл туралы МҚҚ  күніне арналған пресс-релизде хабарланған, деп  Синьхуа агенттігі жазады. Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі қазіргі замандағы қиын және қауіпті жағдайда Өзбекстан Республикасын ішкі және сыртқы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мурманск қаласында лаңкестік шабуыл жоспарланған күдікті ұстау кезінде жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 сәуір. Бүгін түнде Мурманск қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Ресей Федерациясының ФҚҚ лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлаған қарулы бандиттің тұрған жерін анықтады. Оны ұстауға кезінде бандит арнайы күштерге оқ жаудырып, залалсыздандырылды, деп хабарлайды РФ ҰТК-ның баспасөз қызметі . Атыс орнында қолдануға дайын жарылғыш зат, қару мен оқ-дәрілер табылды. Қаскүнемнің жеке басы анықталды. Қауіпсіздік органдарының мәліметінше, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерде үкімет әскері алпыс үш содыр жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 сәуір. Бейсенбі күні Нигерде елдің батысындағы Тиллабери аймағында үкімет әскері 63 экстремистік содырды жойды. Бұл туралы Нигер қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Тиллабериде үкімет әскері терроризмге қарсы тапсырманы орындау барысында экстремистік топтың содырларымен қиян-кескі ұрысқа түсті делінген мекеме мәлімдемесінде. Нәтижесінде 63 содыр жойылып, бірнеше ондаған мотоцикл мен қару тәркіленді. Үкімет […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Францияның Лион қаласында лаңкестік шабуылдан екі адам көз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 сәуір. Францияның Лион қаласында лаңкестік әрекет болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.  Тағы 7 кісі жарақат алды. Бір ер адам жаяу жүргіншілерге пышақпен шабуылдаған. Оқиға Роман-сюр-Изер қалашығындағы шылым сататын дүкеннің қасында болды. Полицияның хабарлауынша, қаскөй Суданнан келген 33 жастағы босқын. Қылмыскер ұсталған. Оның мұндай қадамға неге барғаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомали үкімет күштері «Аш-Шабабтың» он содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 сәуір. Могадишодан келип түскен ақпаратқа сәйкес, Сомали үкіметі елдің оңтүстігінде әскери операция кезінде «Аш-Шабаб» экстремистік тобының 10 содырын жойды, деп хабарлады Синьхуа агенттігі . Жұма күні Джубаленд қауіпсіздік күштерінің өкілі Абди Нұр Ибрахим Хусейн үкіметтік күштер мен жергілікті қарулы күштер Сомалидің оңтүстігінде «Аш-Шабаб» тобының позицияларына шабуыл жасады деп мәлімдеді . Олар экстремистік топтың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кандагарда бомба жарылысынан полиция қызметкері қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 сәуір. Жұма күні Ауғанстанның оңтүстігінде, Кандагар провинциясындағы аттас қаласында полиция фургоны жол бойындағы бомбаға жарылды, салдарынан кем дегенде бір полиция қызметкері қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды. Бұл туралы провинцияның полиция өкілі Джамал Барикзайға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, оқиғаны тергеу жұмыстары басталған. «Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ставрополь өлкесінде және Ханты-Мансы автономиялық округінде лаңкестік шабуылдардың алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 сәуір. Ставрополь өлкесінде және Ханты-Мансы автономиялық округінде қоғамдық орындарда лаңкестік әрекеттердің алды алынды. Күдіктілер қамауға алынды, деп РФ ФҚҚ-нің  қоғаммен байланыс орталығы хабарлайды. Бұл турылы РИА Новости сілтеме жасап Мир24 хабарлайды. Ставрополь аймағында қауіпсіздік күштері Ресейде тыйым салынған халықаралық террористік ұйымы — «Ислам мемлекеті» тобының әрекетін жойды. Қатысушылар полиция қызметкерлеріне шабуыл жасауды және […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Татуласу Орталығы: лаңкестер Саракиб және Хараб-эй-Шейх провинцияларына шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 02 сәуір. Лаңкестер Идлибтегі Саракиб пен Латакиядағы Хараб-эй-Шейхті елді мекендерінде оқ жаудырды. Бұл туралы Ресейдегі Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру орталығының жетекшісі, конрт-адмирал Олег Журавлевке сілтеме жасап ТАСС хабарлады. «Сонымен қатар, лаңкестік ұйымдардың позицияларынан Латакия провинциясындағы Хараб-юг-Шейх және Идлиб провинциясындағы Саракиб елді мекендеріне «Джабхат ан-Нусра» және «Түркістан ислам партиясы» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) 2 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасо әскерилері он бес содырды жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 сәуір. Буркина-Фасо әскері сәрсенбіге қараған түні экстремистік топтың 15 содырын жойды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Әскер бөлімшесіне сәрсенбіге қараған түні экстремистер шабуыл жасаған. Атыс кезінде әскерилер  15 содырды өлтірді. Әскери қызметкерлердің арасында бір адам қайтыс болды, бірнеше адам жарақат алды. Соқтығысу аймақтары туралы мәлімет болған жоқ. Әзірге шабуыл үшін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде шағын автобустың жарылысынан жеті адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 сәуір. Сәрсенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясының Гершк ауданында микроавтобус жол бойындағы бомбаға жарылып, жеті азамат қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды. Бұл туралы провинция әкімшілігінің өкілі Омар Заавакқа сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 10.30- да Гершк округіндегі жолда қайғылы оқиға орын алып, нәтижесінде жеті адам […]
    • 4 Years ago
    • 0