Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нигерияда «Боко Харам» содырларымен болған шайқаста 19 малшы қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан.  «Боко Харам» содырлары Нигерияның солтүстік-шығысында 19 адамды өлтірді, деп Associated Press-ке сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. Фулани халықтарының малшылары содырларға қарсы әрекет көрсеткен кезде құрбан болды. «Террористер қақтығыстар кезінде 19 малшыны өлтірді » , — деді полицияның өкілі Умар Качалла. Естеріңізге салсақ, «Боко Харам» содырлары Нигерия территориясында лаңкестік әрекеттерге белсенді қатысады. Содырлар шариғат […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда террористер кепілге алынған төрт адамды өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. 2019 жылдың шілдесінде ұрланған «Аштыққа қарсы әрекет»  үкіметтік емес ұйымның төрт мүшесі өлі  табылды. Бұл туралы 13 желтоқсанда ұйымның сайтында хабарланған, деп REGNUM жазады. «Аштыққа қарсы әрекет» өкілдері бұл өлтіруді айыптап, ұрлаушылар үкіметтік емес ұйым үндеулерін тыңдамағанына өкініш білдірді. Бұған дейін хабарлағандай , 6 желтоқсанда нигериялық  «Боко Харам» террористік  тобының мүшелері елдің шекарасына […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда лаңкестер әскери лагерьге шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Нигерияда лаңкестер әскери лагерьге шабуыл жасады, деп хабарлайды 24.kz.  Нигерияда әскери лагерьге жасалған шабуыл салдарынан 71 сарбаз қаза тапты, 30 жауынгер жараланды. Оқиға елдің Малимен шекаралас Инатес қаласының маңында болды. Әскерилердің айтуынша, базаны жүздеген содыр шабуылдаған. Қазір лаңкестерге қарсы операция жүріп жатыр. Айта кетейік, Нигерияда 2009 жылдан бері «Боко Харам» деп аталатын лаңкестік ұйым […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Жусан» операциясы жалғасады – ҰҚК

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмге қарсы орталық штабы басшысының бірінші орынбасары Сергей Швейкиннің айтуынша, «Жусан» операциясы жалғасқанымен, оның атауы өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жусан» операциясын жалғастырамыз. Әйтсе де, оның атауы өзгереді. Гуманитарлық операцияның көмегімен Сириядан 595 отандасымыз, оның ішінде 406 бала елге қайтарылды. Репатриация процесі әлі шегіне жеткен жоқ. Сондықтан бұл соңғы мәлімет […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирия жөніндегі келіссөздердің келесі раунды Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың наурызында өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан.  Сирия жөніндегі келіссөздердің келесі раунды Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың наурызында өтеді, деп хабарлады ҚазТАГ. «Қазақстан билігіне Астана форматындағы Сирия бойынша 14 халықаралық кездесуді Нұр-Сұлтанда өткізгені үшін шынайы ризашылықтарын білдірді. Астана форматындағы Сирия бойынша келесі халықаралық кездесуді 2020 жылдың наурызында Нұр-Сұлтанда өткізу туралы шешім қабылдады», — делінген сәрсенбідегі ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) сайтында жарияланған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Астана процесінің кепілгер елдері бірлескен мәлімдеме қабылдады

    НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан. Елордада Сирия бойынша Астана процесінің кезекті 14-раунды аяқталды. Процестің кепілгер елдері Иран, Ресей және Түркия бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп 24.kz  хабарлайды. Маңызды құжат 14 тармақтан тұрады. Келіссөздердің бұл жолғы раунды Астана процесінің қажеттілігін тағы бір дәлелдеп  көптеген өзекті мәселелерді көтерді. Келіссөздерге Сирияның қарулы оппозициясының басшылары да келді. «Иран, Ресей және Түркия Астана […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында лаңкестердің шабуылынан 2 адам мерт болды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан. Сомали астанасы Могадишодағы қонақүйлердің біріне «Аш-Шабаб» лаңкестік тобының содырлары шабуыл жасады, деп хабарлайды 24.kz. Салдарынан екі адам оққа ұшып мерт болды. Жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Белгілі болғандай, шабуыл кезінде ғимаратта ондаған адам болған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл қонақ үйге шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлер жиі келетін. Айта кетейік, «Аш-Шабаб» – елдегі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Петербург метросында жарылыс жасады» деп айыпталғандарға үкім шықты

    НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан. 10 желтоқсанда Ресейдегі сот «Санкт-Петербург метросындағы жарылысты ұйымдастырды және қаржыландырды» деген айыппен оннан астам адамды жазалады. Сотталғандардың басым бөлігі – Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары, деп Азаттық хабарлайды.  Сот Қырғызстанда туған, қазір Ресей азаматы 29 жастағы Аброр Азимовті «терактінің негізгі айыпталушысы» деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Оның ағасы 31 жастағы Акрам […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Астана процесі: Барлық тарап келіссөздерге қатысады

    НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан. Елордада өтетін Астана процесіне келіссөздерге қатысушы барлық тарап келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «10-11 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Астана процесі аясында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 14-ші халықаралық кездесу өтетіні мәлім. Сирия бойынша Астана процесінің барлық тараптары келіссөздерге қатысатынын растады және біздің елордамызға келе […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҚР ІІМ РФ ұсталғандардың арасында Қырғызстанның азаматтары бар-жоғын тексеріп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан.Мәскеу мен Челябинскіде террористік әрекет жасады деген күдікпен Орталық Азия елдерінің 9 азаматын ұстауға қатысты тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды КирТАГ Қырғызстан СІМ-не сілтеме жасап. Ресейдегі Қырғыз Республикасының Елшілігі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне тұтқындалғандар арасында Қырғызстан азаматтары бар-жоғы туралы ақпарат алуға жәрдемдесу  туралы ресми сауал жіберді. Қазіргі уақытта Ресей тарапынан жауап күтілуде. Естеріңізге […]
    • 4 Years ago
    • 0