Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • «Жусан» операциясы аясында қайтарылған балаларды әлеуметтендіру жұмыстары жалғасуда — Бибігүл Асылова

    НҰР-СҰЛТАН, 01 мамыр. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова лаңкестік әрекет аймақтарынан оралған балаларды әлеуметтендіру жұмыстары туралы айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап KAZISLAM хабарлайды. «Бүгінде білім беру ұйымдары лаңкестік әрекет аймағынан оралған барлық балалармен  кешенді жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда 198 мектеп жасындағы балалар іс жүзінде білім беру ұйымдарына тіркеліп, қашықтықтан білім алуда. Олармен мектеп […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Дариға Назарбаева: Қазақстанда нашақорлықтың 300 мың жағдайы тіркелген

    НҰР-СҰЛТАН, 01 мамыр. Сенат спикері Дариға Назарбаева Қазақстандағы нашақорлық мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Қазақстандағы нашақорлық мәселесін сенатор Андрей Лукин көтерді. Ол премьер-министрге депутаттық сауалмен жүгінді. «Бүгінгі таңда нашақорлық проблемасы халықтың денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне жаһандық қауіп төндіреді. Елдегі нашақорлықтың жағдайы жастардың физикалық және моральдық денсаулығына және оның маңызды бөлігінің болашағына, қазақстандық қоғамның […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен!

    НҰР-СҰЛТАН, 01 мамыр. «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ баршаңызды көпұлтты Қазақстан халқының азаматтық және патриотизмінің символы болып табылатын Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Бүгінгі таңда біздің қоғамда ұлттық бірлік пен келісімді сақтау аса өзекті міндет болып отыр. 1 мамыр мерекесі —  әрдайым бізді ұлы істерге біріктіріп көтерген, ерлік пен батылдыққа күш берген, Отанды шынайы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Барша мұсылмандарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймыз

     НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі барша мұсылмандарды Рамазан айының басталуымен құттықтайды . Қасиетті ай әрбір азаматқа, әрбір отбасына амандық, бақыт, ырыс-құт әкелсін! Ынтымақ-бірлігіміз берік болғай, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қазақстан терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды күшейтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. Ұлттық заңнамаға терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға жататын нысаналы қаржы санкцияларының механизмдері енгізіледі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыста бірінші вице-премьер «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркия мен Нидерланд полициясының бірлескен операциясы кезінде 3 тоннаға жуық героин тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 06 наурыз. Түркия мен Нидерландтың есірткіге қарсы полиция бөлімшелерінің бірлескен операциясының нәтижесінде 2384 кг героин тәркіленді. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлуға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, операция Қазақстан, Германия, Польша, Нидерланды және Түркияның аумағын қамтыды. Осылайша, Түркияның шығыс шекараларындағы бірқатар елдерден Еуропаға есірткі жеткізетін арна тоқтатылды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қазақстан мен Өзбекстан теріс діни ағымдардың насихат жүргізуіне жол бермеуге келісті

    НҰР-СҰЛТАН, 04 наурыз. Қазақстан мен Өзбекстан биыл діни мерекелерді бір күнге бекітуге келісті. Былтырға дейін екі ел Ораза, Құрбан айт мерекелерін өз қалауынша тойлайтын. Қазақ елінің Бас мүфтиі алғашқы шетелдік сапарын Өзбекстаннан бастап, Самарқан қаласында осы елдің мұсылмандары діни басқармасының төрағасымен кездесті, деп 24.kz хабарлайды.  Тараптар діни мерекелерді бірізге түсіруге уағдаласты. Сонымен бірге Наурызбай қажы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ елдері лаңкестікке қарсы ауқымды оқу-жаттығу өткізеді

    НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз. Ресейдің Кемерово қаласында Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытай әскери өкілдерінің келіссөздері басталды. Іс-шараның күн тәртібінде алдағы «Бейбіт миссия – 2020» терроризмге қарсы жаттығулар мәселелері қаралады.Бұл туралы ehonews.kz жазады.  Орталық әскери округ штабы бастығының орынбасары генерал-майор Рустам Миннекаев оқу-жаттығу ауқымды сипатта болатынын мәлімдеді. Рустам Миннекаев келіссөздер барысында ШЫҰ-ның әскери өкілдері […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Мен қателестім»: Салафизмді ұстанған ақтөбелік азамат адасқанын айтты

    АҚТӨБЕ, 28 ақпан. Cалафизм бағытын ұстынушылардың сөзіне сеніп, адасқан тағы бір ақтөбелік азамат ағынан жарылды. Жергілікті теологтар жат ағым етегіне еріп, бірнеше мазхабты ұстанған тұрғынның өкініші айтылған видео дайындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының тұрғыны Берік Мақашев осыған дейін псевдосалафилік бағыт ұстанушысы болған. «2007 жылы жолдастарыммен мешітке барып намаз үйрендім. Сол уақыттарда жастар дінге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы заңсыз көші-қон келісімін ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан. Парламент Сенаты халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Жиын комитет басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен өтті, деп 24.kz хабарлайды.  Бұл құжатпен 2019 жылдың 15 сәуірінде Ташкент қаласында қол қойылған Қазақстан […]
    • 4 Years ago
    • 0