Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жастардың кейбір дәрі түрін еркін қолдануы есірткіге тәуелді етуі мүмкін – Біртанов

    НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Кейбір дәрі түрлерін дәрігердің рецептінсіз сатпау туралы талап бұрыннан бар. Алайда оның механизмі дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ, деп 24.kz жазады.  Арнайы ережені толықтыру немесе өзгерту қажет. Денсаулық сақтау министрлігі енді мемлекет тарапынан берілетін дәрі-дәрмек өз алдына, коммерциялық нарықтағы өнімді де бақылауға алатын болды. Дамыған елдерде дәрі-дәрмек дәрігердің рұхсатымен ғана беріледі. Бұл […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда есірткі сататын 6 шетелдік сайт бұғатталды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым. Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының қадағалау іс-шараларының барысында есірткі мен психотроптық заттарды сатумен айналысатын алты шетелдік сайт  анықталды,  деп хабарлайды  Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі . Тыйым салынған заттарды сату схемасы ТМД елдері мен шетелдерде кеңінен таралған механизмге ұқсас болды. Ақша төленгеннен кейін, тауар бейнебақылау жүйесімен жабдықталмаған елсіз жердегі  жасырын орынға «салынады», кейін ол жер туралы сатып алушыға хабарланады. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Абаев: Сириядан 524 қазақстандық оралды, оның 357-сі — балалар

    НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев есеп беру кездесуінде Сириядан оралған қазақстандықтардың қанша екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.  Министр Қазақстанда бейбітшілік, келісім және бірлікте 18 конфессия өкілдері өмір сүретінін айтып, министрліктің екі негізгі бағытқа ерекше мән беретінін атап өтті. «Біріншісі – мемлекеттік ұйымдастыруда зайырлы қағидаттарды нығайту, екіншісі – діни саладағы тұрақтылықты қамтамасыз […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сириядан қайтарылған БҚО тұрғыны сегіз жылға сотталды

    ОРАЛ, 21 маусым. Орал қалалық соты тұтқыннан босатылған 19 жастағы Орал тұрғынын 8 жылға соттады. Бұл туралы Орал апталығы жазады. Сотталушыны Сирияға оның кішкентай кезінде ата-анасы арып барған екен, тек Қызыл крест қызметкерлері тұтқыннан босатқаннан кейін ғана ол Отанына қайтарылды. Кеше, 20 маусым күні Орал қалалық сотында 19 жасар Абай Хамзулиновқа үкім шығарылды. Отанына келгеннен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда 600-ге жуық адам лаңкестік қылмыс жасағаны үшін сотталған

    НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. Қазақстан түрмелерінде лаңкестік пен экстремизм үшін сотталған 600-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқарма бастығы Бекболат Шәкіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанда қылмыстың бұл санатымен сотталған шамамен 600 адам жазасын өтеп жатыр. Өткен жылы біз БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлескен жоспарға […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сириядан оралған әйел ДАИШ-ке қосылғанына өкінеді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым. «Жусан-2» арнайы операциясы кезінде Қазақстанның арнайы қызметі елге жеткізген келіншек Сириядағы ДАИШ тобының («Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы) қол астында болған алты жылы туралы ойламауға тырысады. Үлкені биыл алты жасқа толатын екі ұлдың анасын төркін жұрты қуана қарсы алған.Бұл туралы «Азаттық» радиосы сайтында хабарланған. Зарина (есімі өзгертілген – ред.) мамырдың 28-інен бері өзі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Прокуратура қызметкерлерінің эвакуациясы: Мина туралы ақпарат БҚО-да да расталмады

    ОРАЛ, 14 маусым.  Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 13 маусым күні сағат 15.30-да ҚР Бас прокуратурасынан облыстық прокуратура ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен. Сол бойда оқиға орнына тиісті қызметтер жетіп, ғимарат қоршауға алынды. «Ғимараттан 42 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Петропавлда жарылғыш зат қойылғандығы жөніндегі хабарлама жалған болып шықты

    ПЕТРОПАВЛ, 13 маусым. Петропавлда Қазақстан Конституциясы көшесі, 15 мекенжайындағы ғимаратқа бомба қойылғандығы жөніндегі хабарлама жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 маусымда құқық қорғау органына шаһардың орталығындағы ғимараттардың біріне жарылғыш зат қойылғандығы жөнінде хабарлама түскен. Сағат 14:45-те оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер жетіп, ғимарат қоршауға алынды. Үй-жайды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Жусан» арнайы операциясы

    НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым. «Жусан» арнайы операциясы — Сирия аумағынан Қазақстан Республикасының азаматтарын көшіру бойынша гуманитарлық операция. Арнайы операция нәтижесінде Отанымызға барлығы қанша азамат оралғаны Kazislam.kz сайтында таратылған  ақпаратта көрсетілген.   Назарыңызға еліміздің көшірілген азаматтары туралы барлық ақпарат  инфографика түрінде ұсынылады.  
    • 5 Years ago
    • 0
  • Күзет қызметі басқармасында семинар өтті

    ТАРАЗ, 10 маусым. Жамбыл облысы әкімдігі Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне «Діни экстремизм мен терроризмнің қатері» тақырыбында семинар өтті, деп kazislam жазады.  Семинарда Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері А.Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын, қоғамдық келісімді […]
    • 5 Years ago
    • 0