Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Дін істері министрлігі сақал, қысқа балақ және қара жамылғы туралы пікір білдірді

    Астана. 31 мамыр. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі діни сипаттағы сыртқы атрибутикаға шектеулер мен тыйымдарды енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Мекеме өкілдерінің айтуынша, Қазақстан қоғамын өз халқының рухани дәстүрі мен ислам дінінің байыбына жетпей жатып, өз ата-аналарын  дінсіз деп айыптайтын жастар алаңдатып отыр. Олардың кейбірі шетелдік уағызшыларды тыңдап, халқымызға тән […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Астанада Антитеррорлық орталықтың кезекті отырысы өтті

    Астана. 31 мамыр. Астана қаласында 30 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі. Консультативті-кеңес органы аясында деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар қаралды. Мемлекеттік органдардың террорисік актілердің салдарын жоюға және оны барынша азайтуға әзірлік мәселелері талқыланды. АТО […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • ҚР СІМ: Ауғанстандағы жарылыстан 2 қазақстандық жараланды

    Кабул. 31 мамыр. Бүгін Кабул орталығында болған жойқын жарылыстан Қазақстанның 2 азаматы жараланды. Олар жарылыс орнынан 500 метр қашықтықтағы қонақүйде болған. Жараланған отандасымыздың бірі басынан, ал екіншісі аяғынан жараланған. Олар — 1982, 1991 жылы туған азаматтар. Қазір оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді. Қазақстандық дипломаттар отандастарымызбен тығыз байланыс орнатып, қажетті көмек беруде. Сонымен қатар жарылыс орталығынан […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Астанада терроризмге қарсы жаттығу өтіп жатыр

    Астана. 30 мамыр. толықтай ұрыс жағдайына сәйкестендірілген терроризмге қарсы жаттығу Астана қаласында сейсенбі күні өтеді, деп хабарлайды терроризмге қарсы штаб. «30 мамыр күні Елордада Алматы аудандық әкімдігі мен «Барыс Арена» спорт кешені орналасқан аумақта терроризмге қарсы шұғыл-тактикалық жаттығу өтіп жатыр. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарының дүрлікпей, тыныштық сақтап, түсіністікпен қарағаны жөн», — деп хабарлайды терроризмге қарсы […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Түрмеде радикализациялау мәселесіне байланысты ұлттық форумы Астанада өтеді

    Астана. 29 мамыр. Түрмеде радикализациялау мәселесіне байланысты ұлттық форум Астана қаласында 30 мамыр күні өткізіледі, деп хабарлайды Penal Reform International in Central Asia (Международная Тюремная Реформа) баспасөз қызметі. Аталған іс-шара PRI « Қазақстан түрмесінде қамауда отырған адамдарды радикализациялау және зорлық экстремизмге қарсы тұру» программасының шеңберінде өткізіледі. Программаның мақсаты сотталған адамдарды радикализациялауына қарсы тұру және зорлық экстремизммен […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • «Экстремизм мен терроризм ықпалына түскен тұлғалармен жұмыс»

    Бурабай. 29 мамыр. Бурабайда 26 мамырында Самал қонақ үйінде «Экстремизм мен терроризм ықпалына түскен тұлғалармен жұмыс» тақырыбындағы оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты: құқықтық және дінтанушылық сауаттылықты арттыру, теріс пиғылды діни ағым өкілдерімен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісу. Іс шараға Ақмола облысының құқық қорғау және қылмыстық атқару жүйесінің өкілдері, экстремизммен күрес бағыты бойынша бекітілген жедел уәкілдер қатысты. Іс […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Мешітте шу көтерген жігітке айыппұл салынды

    Орал. 26 мамыр. Орал қаласында мешіт имамына бағынбай, бүлік шығарған деструктивті ағымға ерген азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлайды БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп, kazislam.kz хабарлайды. 2016 жылдың желтоқсан айында Орал қаласының азаматы жергілікті мешіттің бірінше дәстүрлі Әбу-Ханифа мазһабының талаптарымен келіспейтінін білдіріп, діни рәсімнің атқарылуына кедергі келтірген. ІІД хабарлауынша,  аталған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Жат ағымдармен күресте Орталық Азия елдері күш біріктірмек

    Алматы. 25 мамыр. Алматыда діни экстремизммен күрес мәселесіне арналған халықаралық конференция өтті. Оған дін қызметкерлері, атқарушы билік өкілдері және Тәжікстан мен Қырғызстаннан теологтар шақырылған. Өйткені теріс пиғылды жат ағымдармен күрес мәселесі бізде ғана емес Орталық Азия елдерінде де маңызды болып отыр. Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы күрес туралы Қазақстанда 2013-2017 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілді. Қазір […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Мемлекет басшысы Тереза Мэйге Манчестер қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты

    Астана. 23 мая. Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-Министрі Тереза Мэйге Манчестер қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Баспасөз қызметі. Жеделхатта «Манчестер Арена» стадионындағы жарылыстар салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. Бүгінде терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Шетелдік азамат Астанада заңсыз миссионерлікпен айналысқан

    Астана. 23 мамыр. Елордалық полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық шарасын жүргізу барысында тіркелмеген намазханаларды тауып, Астанада заңсыз миссионерлікпен айналысып жүрген шетелдік азаматты анықтады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық шарасын жүргізу барысында Астана қаласы ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша басқармасының қызметкерлері төрт тіркелмеген намазхананы тауып, экстремистік мазмұндағы және жаппай емшілік сеансы туралы материалдарды […]
    • 7 Years ago
    • 0