Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қарағандыда синтетикалық есірткіні жарнамалаған бірнеше адам қолға түсті

    ҚАРАҒАНДЫ, 07 қаңтар. Қарағандыда синтетикалық есірткіні жарнамалаған бірнеше адам қолға түсті.Олар өздері тұратын үй сыртына, аулаға есірткі сататын сайттардың атауын жазып отырған, деп хабарлайды Хабар 24. Тек соңғы екі ай ішінде полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, Қарағанды мен Теміртау қаласында осындай 700-ге жуық «заңсыз жарнаманы» өшірген. Қазір есірткі тасымалына қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды. «Құқықбұзушылықтың осы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Полиция Тараз қаласының тұрғынынан 700 граммнан астам марихуаны тәркіленді

    ТАРАЗ, 07 қаңтар. Полиция Тараз қаласының тұрғынынан 700 граммнан астам марихуаны тәркіленді, деп Хабар 24 хабарлайды. Көшеде жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде есірткі заттарды сатуға күдікті ретінде бұрын сотталмаған 23 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде екі қаптамаға оралған 300 грамнан астам марихуана анықталып, тәркіленді. Ал пәтерінен тағы 400 грамм есірткі табылды. 23-жастағы азаматқа қатысты ҚР […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырда шіркеу жанында болған жарылыс нәтижесінде полиция қызметкері қаза тапты

    АСТАНА, 06 қаңтар. Каирдегі шіркеудің жанындағы жарылғыш құрылғыны минасыздандыру кезінде бір полиция қызметкері қаза тауып, екіншісі жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости. «Каирдегі шіркеудің жанындағы жарылғыш құрылғыны минасыздандыру кезінде бір полиция қызметкері қаза тауып, екіншісі жарақат алды», — делінген хабарламада. Арнаның ақпараты бойынша, құрылғы шіркеудің жанында полиция қызметкерлерімен табылған сөмкеде болды. Бомба полиция қызметкерлері сөмкені […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ирактан қайтарылған ресейлік балаларды үйлеріне жіберді

    АСТАНА, 06 қаңтар. Ирактан жеткізілген ресейлік балалардың барлығын балалар денсаулығын зерттеу медициналық орталығынан үйлеріне жіберген деп Кавказ.Реалии сайтына сілтеме жасап Азаттық Радиосы хабарлайды. Туған-туыстары 23 баланы Дағыстанға, бес баланы Шешенстанға, бір баланы Кабардин-Балқар республикасына және бір баланы Татарстанға алып қайтқан. Бұл туралы ақпарат 5 қаңтарда Ресей президенті жанындағы бала құқығы жөніндегі уәкілдің ресми сайтында жарияланды. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігіндегі «Джебхат ан-Нұсра» террористері оппозициялық форпостқа шабуыл жасай бастады

    АСТАНА, 06 қаңтар. «Джебхат-ан-Нұсра» ұйымының террористері сенбі күні Алепподан батысқа қарай орналасқан Атариб қаласындағы Сирия оппозициясының ірі форпостқа шабуыл бастады. Операция «Ахрар аш-Шам» тобының содырлары Атарибтен өз құрамаларын шығарудан бас тартқаннан кейін басталды. Бұл туралы ТАСС хабарлады. Бұдан бұрын террористер Сирияның солтүстігіндегі «Нүрреддин аз-Зенги бригадасын» талқандап, Дарет-Изза қаласымен қатар 20-дан астам елді мекендерді басып алған. Сириялық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Ресей мен АҚШ Бас штаб басшылары Сирия жағдайы мен терроризммен күресті талқылады

    АСТАНА, 05 қаңтар. Ресейдің Бас штабының бастығы Валерий Герасимов американдық әріптесі Джозеф Данфордпен Сириядағы жағдай мен терроризммен күрес мәселесін талқылады, деп Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды. Телефон арқылы сөйлесулер 4 қаңтарда өтті. «Кездесу барысында тараптар Сириядағы ахуал мен терроризммен күрес туралы пікір алмасты, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да тақырыптарды талқылады», […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркия ауған келіссөзіне арағайын болғысы келеді

    АСТАНА, 05 қаңтар. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өз елі ауған үкіметі мен «Талибан» қозғалысы арасында 17 жыл бойы жалғасып келе жатқан қарулы жанжалды тоқтату туралы Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы келіссөздерге арағайын болуға ниетті екені туралы мәлімдеген, деп Азаттық Радиосы хабарлайды Ердоған 4 қаңтарда Анкарада Пәкістан премьер-министрі Имран Ханмен бірге өткізген баспасөз мәслихатында биыл наурызда […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Чили астанасында террорлық шабуыл болды

    АСТАНА, 05 қаңтар. Чили билігі 4 қаңтарда автобус аялдамасында болған жарылысты террорлық шабуыл деп баға берді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Чили президенті Себастьян Пиньера елордадағы террорлық шабуылды айыптап, мұқият тергеу жүргізуге уәде берді. «Біз Сантьягода болған, жарылғыш құрылғыларды пайдаланып жасалған шабуылдарды қатаң түрде айыптаймыз. Біз терроризмге қарсы заңға сәйкес жауаптыларға (террористік әрекеттер үшін) өтініш […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Шіркеулер терактілерден қорғалады

    АСТАНА, 5 қаңтар. Шіркеулер террористік топтардың қастандық шабуылдарынан қорғалатын болады. Бұл іспен Ресей федералды барлау қызметі айналысады, деп хабарлайды Islam-today. Ресей үкіметінің діни нысандарды террористік қауіп-қатерлерден қорғау талаптары қамтылған қаулы жобасы федералды нормативтік құқықтық актілер жобалары порталында жарияланды. Құжатқа сәйкес, діни нысандарға үш түрлі қорғау санатының бірі берілуі керек. Оны республиканың ІІМ, ТЖМ, ФБҚ, Ресей […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Көкшетауда колледжге «мина қойған» қаскүнем ұсталды

    КӨКШЕТАУ, 6 қаңтар. Ақмола облысының полицейлері Көкшетау қаласындағы «Арна» колледжіне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген адамды бір сағаттың ішінде анықтады.Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды. Ведомствоның мәліметінше, қоңырау 4 қаңтар күні сағат 19:40-та шалынды. «Оқиға орнына жедел түрде барлық күш құрылымдары, шұғыл және арнайы қызмет өкілдері жіберілді. […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 26 of 38« Бiрiншi...1020«2425262728 » 30...Last »