Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Мәскеуде «Парламентаризмнің дамуы» халықаралық форумы ашылды

    Мәскеу. 5 мамыр. Мәскеуде халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде «Парламентаризмнің дамуы» атты халықаралық форум ашылды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Оған әлемнің 96 елінен 500-ден астам делегат қатысуда. Қазақстандық делегация халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, ұлттық заңнаманы жетілдіруге, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге арналған бөлімдерге қатысады. Форум соңында парламентаралық өзара іс-қимылдың жаңа форматын құруға негіз […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда терроризмге қарсы «бірыңғай дабыл түймешегі» болады

    Астана. 25 мамыр. Астанадағы «KADEX-2018» көрмесі аясында терроризмге қарсы орталықтың мамандары алдағы жоспарымен бөлісті. Соның бірі — «бірыңғай дабыл түймешегі» жүйесін іске қосу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2016 жылы Алматы мен Ақтөбеде болған оқиғалардан кейін терроризмге қарсы «бірыңғай дабыл түймешегі» деген бастама қолға алынды. Бүгінде ішкі істер органдарына қарасты барлық мекемелерді аталған жүйеге қосу шаралары аяқталып жатыр. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ комитетінің отырысы өтті

    Астана. 24 мамыр. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары, сондай-ақ Ұйымның Бас хатшысы Юрий Хачатуров қатысты. Басқосуға қатысушылар халықаралық ахуалдың өзекті мәселелері […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Халықаралық терроризм ҰҚШҰ барынша өзекті мәселесі болып отыр — Назарбаев

    Астана. 24 мамыр. Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларымен және қорғаныс ведомстволарының министрлерімен кездесті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен. Мемлекет басшысы Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына төрағалық ету кезеңінде өтіп жатқан Қорғаныс министрлерінің кеңесі мен Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің сессияаралық отырыстарына қатысушыларға ілтипат білдірді. «Сіздер өкілдік етіп отырған Ұжымдық қауіпсіздік […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Арбау технологиялары: терроризм және экстремизмді алдын алу мәселері талқыланды

    Павлодар. 11 мамыр. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік унивреситетінде студенттер мен магистранттар арасында діни сауаттылықты арттыру бойынша дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы университет баспасөз қызметі хабарлайды.  Кездесуді ұйымдастыруға философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы мұрындық болды. Пікірталасқа Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің бас имамы Жолдас Бердімұратов, «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Нұрлан Қайырбеков, сонымен қатар, конфессияаралық қарым-қатынасты дамыту […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ мен Орталық Азия елдерінің әріптестігі

    Астана. 11 мамыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия кеңістігіндегі бейбітшілік пен тұрақтылық және аймақтың экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Елордада бас қосқан халықаралық ұйымға мүше елдердегі ғылыми зерттеу орталықтары өкілдерінің пікірі осыған саяды. Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара тығыз қарым-қатынасының арқасында діни экстремизм және сепаратизммен жұмыла күрес өз жемісін беруде. Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аясында аймақтық […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сирия әскері Дамасктің оңтүстігіне бекінген ДАИШ содырларын қоршауға алды

    Дамаск. 4 мамыр. Сирия үкіметінің әскері Дамасктің оңтүстігіндегі Эль-Хаджар әл-Асвад қаласына бекінген «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) содырларын қоршауға алды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Нәтижесінде әскерилер бұл мекенді екіге бөліп, лаңкестердің сыртпен байланыс жолдарын кесіп тастады. Қазір үкімет жасақтары осы шаһар мен Ярмук босқындар лагеріне шабуылды жалғастырып жатыр. Әскерилердің айтуынша, олардың алға жылжуына қаладағы ғимараттардың […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ СІМ кеңесінде 14 құжаттың жобасы бекітілді

    Бейжің. 25 сәуір. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлер кеңесі отырысының қорытындысы бойынша 14 құжаттың жобасы бекітілді. Ол құжаттар осы жылдың 9-10 маусымында Қытайдың Циндао қаласында өтетін ШЫҰ мүше елдер басшыларының саммитінде қол қойылуы тиіс, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі. Тараптар 2019-2021 жылдарға арналған терроризм, сепаратизм және экстремизммен күрес салаларындағы, сондай-ақ ШЫҰ […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ИЫҰ-да Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексінің жобасы қызу талқыланып жатыр

    Астана. 18 сәуір. Терроризм және экстремизммен күрес барлық мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігерін талап етеді, , деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Және онда халықаралық құрылымдардың ролі ерекше. Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымымен осы саладағы серіктестікті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінде Ұйымға мүше-мемлекеттер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленген Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексі жобасын талқылауға […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Тоқаев Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалық етудегі басымдықтарын атап өтті

    Санкт-Петербург. 13 сәуір. Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Кездесуде Қ.Тоқаев биыл Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалық ететінін еске салды. Сонымен қатар, біздің бұл басымдықты ұлттық және ұжымдық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерге қарсы шұғыл әрекет ететін тиімді әскери-саяси ұйым ретінде қарастыратынын атап […]
    • 6 Years ago
    • 0
Бет 36 of 38« Бiрiншi...102030«3435363738 »