Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ҚР ҰҚК Ақтөбеде террористерді бейтараптандыру бойынша арнайы операцияның мән-жайын ашты

    АҚТӨБЕ, 23 қараша. Ақтөбедегі терроршылар бандасының шабуылына 5 жыл өтті. ДАИШ-тың насихатшысы Әбу Мұхаммед Әл-Аднанидің бейбіт адамдардың көзін жою туралы үндеуінен рухтанған радикалдар, көп ұзамай-ақ, 2016 жылғы 5 маусымда өлім себу үшін қала көшелеріне шықты. Олардың жолына нағыз батырлар – ҰҚК офицерлері тұрды. …Әскери қарсы барлау офицері талғарлық Даниэль Майлыбаевты достары, курстастары және әріптестері ашық та […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК жауынгерлік қанаты: Кәрім Мәсімов «А» арнайы мақсаттағы қызметінің қызметкерлерін құттықтады

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша. 22 қарашада Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы  генерал-лейтенант Кәрім Мәсімов «А» арнайы мақсаттағы қызметінің құрылғанына 5 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. Төраға ардагерлерді, қызметкерлер мен офицерлердің отбасы мүшелерін құттықтап, барлығына мықты денсаулық және Отан игілігі жолындағы күрделі қызметте жетістіктер тіледі. Ол «А» қызметінің қызметкерлері» – еркі мұқалмайтын […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нағыз тозаққа түсетіндерін ойламаған еді — қазақстандық радикалдардың әйелдерін елге қайтару операциясы

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша. Қордайдағы суық әрі лайлы шағын өзенді Айман өмірінің соңына дейін есте сақтайды. Ол басқа әйелдермен бірге түн ішінде қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтуі керек еді. Бойын қорқыныш биледі. Суық судан тоңып барады. Мына әлемді бір сәтке ұмытып, ақыл-есін тұман басқандай болды. Бәрін еріксіз түрде істей бастады. Ол балаларды қолына алды. Жазира дірілдеп […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • «Қарлы боран» арнайы операциясы

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша. 2012 жылдың желтоқсан айындағы жаңажылдық көңіл-күй астананың таза ауасынан да сезіліп тұрды. Үйлеріне асыққан адамдардың қадамынан қиыршық қар сықырлап жатты. Ғимараттардың үстіндегі жиналып қалған қалпақ қар гирляндтармен, жаңажылдық безендірулермен үйлесіп, сиқырлы жаңа жыл түнінің тылсымдылығын арттырып тұрғандай. Бірақ мұндай сұлулық алдамшы еді. Астаналық департаменттің қабырғасында асып-саспай, сабырмен, бірақ қысқа мерзім ішінде «Қарлы боран» […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Арнайы операция тарихы: Көбікке көмілген

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша.XXI ғасырда халықаралық терроризм қатерлі деңгейге көтеріле бастады. Оның салдарын Қазақстан да сезінді. Әсіресе 2012 жыл осындай оқиғаларға толы болды. Сол жылғы оқиғалар хроникасына қарайтын болсақ, (олардың бәрі теракті ретінде танылған жоқ, олардың бәріне «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің қызметкерлері қатыстырылмады), экстремистік шабуылдар қазақстандықтардың үрейін ұшырды. Террордың ызғарлы демі барлығын алаңдатты. Бүгінде ҰҚК-нің «жауынгерлік […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстандағы «Хизб-ут-Тахрир» ұяшығын бейтараптандыру туралы айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша. 1990 жылдардың басында, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, шетелдік талдаушылар мынадай пікір айтты: исламның агрессивті бағытының Орталық Азияда таралуына Кеңес өкіметінің қаталдығы ғана кедергі болып отырды. Халықтың тұрмыс дәрежесінің кенеттен құлдырауы, идеологиялық вакуум және әлсіз шекаралар радикалдар әсерінің өсуіне қолайлы жағдай жасады. Жас мемлекеттердің діни экстремизмге қарсы тұра алатындығына күдік-күмән келтіріліп жатты, деп ҚР […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Өмір жолы Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі… ҚР ҰҚК-інде барлаушының ерлігі туралы айтылды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша. Орталық Азиядан, соның ішінде Қазақстаннан шыққан радикалдардың шоғырлануы туралы мәліметтерді ҰҚК «Барлау» қызметі өткен ғасырдың 90-шы жылдары білген, ауғанстан-пәкістан шекарасы маңайында жиһадшылар жергілікті әскери лагерьлерде діни және әскери дайындықтан өтеді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. Насихаттық торларына қазақстандық азаматтарды да түсіріп алған жиһадшылардың жоспары, біздің еліміздің және аумақтың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірді. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Тәуелсіздік күні қарсаңында Кәрім Мәсімовтің қазақстандық арнайы қызметі туралы кітаптары  жарық көреді

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кітаптардың шығатынын айтты.  Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Aiqyn хабарлады. Кәрім Мәсімовтың айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары елдің барлық аймағын және мемлекеттік шекараны аралады. Жұмыс сапары аясында жедел қызметкер мен шекарашының ерен еңбегі туралы халықтың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қазақстан шекарашысын Тәжікстан Республикасының Президенті наградтады

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қазан.Тәжікстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 252 Жарлығымен Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және қызметтік борышын орындау кезінде танытқан ерлігі мен жанқиярлығы үшін кіші сержант Батырқанов Раджан Армияұлы 1-ші дәрежелі «Спитамен» орденімен наградталды (қайтыс болғаннан кейін), деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. Тәжікстанның бауырлас халқы 1993-2001 жылдар аралығында тәжік-ауған шекарасында әскери борышын […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҰҚК Атырау, Шымкент және Жаңаөзен қалаларында радикалды ағымдардың жақтаушылары ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Үстіміздегі жылғы 13 тамызда ҰҚК жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының 4 тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Аталған адамдар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып табылады. Өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етілмейді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 6 of 12« Бiрiншi...«45678 » 10...Last »