Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанның оңтүстігінде болған шабуылда 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Ауғанстанның оңтүстігінде бомба тиелген көлікпен әскери базаға жасалған шабуылда 4 ақуіпсіздік қызметкері қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Ауғанстан қауіпсіздік күштері лауазымдылары Кандахардың Аргандаб ауданындағы әскери базаға бомба тиелген көлікпен шабуыл жасалғанын, 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапқанын және  6 кісінің жараланғанын білдірді. Бомбалы шабуылды әлі ешкім мойнына алмады.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Конго ДР-ның солтүстік-шығысында содырлардың шабуылынан кем дегенде 14 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан.Конго Демократиялық Республикасының (КДР) Итури провинциясындағы елді мекенге «Демократиялық күштер альянсы» исламистік террористік тобы содырларының шабуылы салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тапты. Бұл туралы Agence France-Presse-ке  сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Олардың мәліметінше, топ мүшелері Ндаль аймағына шабуыл жасаған, оның барысында 11 бейбіт тұрғын қаза тапты, кейінгі қақтығыстарда үш сарбаз қаза тапты. Армия […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалидің орталығында болған жарылыс 10 әскери қызметкердің өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 ақпан.  Бүгін Сомалидің орталығындағы Дусамареб қаласының шетінде болған жарылыс салдарынан кем дегенде он үкіметтік әскери қызметкер  қаза тапты, деп жергілікті үкімет өкілінің мәлімдемесіне сілтеме жасап Синьхуа хабарлады. Галмудуг штатының ақпарат министрі Ахмед Ширдің сөзіне қарағанда, үкіметтік әскери қызметкерлерің апара жатқан көлік Эль-Дере ауылының маңында жол бойындағы минаға соғылып, салдарынан әскерилер қаза болды. «Біз […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы бомбалы шабуылдарда 5 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан. Ауғанстанның Урузган провинциясы мен Кабул қаласында бомбалы шабуыл жасалды, деп TRT жазады.  Ауғанстанның Урузган провинциясындағы әскери учаскеге бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. Урузган губернаторы Мұхаммед Өмер Ширзад баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шабуылдаушылардың Урузганның Чынарак аймағындағы әскери учаскені бомба тиелген көлікпен нысанаға алғанын мәлімдеді. Ширзад шабуылда 4 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тауып, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыс 2 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.   Ауғанстан астанасының Женгелек ауданында дүйсенбіде болған жарылыс екі адамның өмірін қиды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Жергілікті полиция өкілі Фердевс Фарамарз жарылғыш зат әскери көлікке салынғанын хабарлады. Қаза тапқандардың бірі — әскери қызметкер, тағы бір әскери қызметкер жарақат алды. Бүгін Кабулдың төртінші ауданында Бейбітшілік министрлігінің өкілі Хошнуд Набизаденің көлігі жарылды. Зардап шеккендер жоқ. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Нангархар провинциясында сегіз қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар. Сенбі күні Нангархар провинциясындағы застава маңында болған жарылыс салдарынан кем дегенде Ауғанстанның қауіпсіздік күштерінің сегіз қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Tolo News телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Провинция губернаторы кеңсесіндегі дереккөздің хабарлауынша, Шерзад ауданындағы армия бақылау бекетінің жанында жарылғыш затқа толы автокөлік жарылған.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Малидегі шабуылда 6 әскери қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар.  Малидегі екі әскери базаға жасалған лаңкестік шабуылдардың салдарынан  алты сарбаз қаза тауып, 40 лаңкес өлтірілді, деп Қарулы Күштердегі ақпарат көздеріне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Африка мемлекетінің қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қарулы лаңкестер топтары Боулкесси және Мондоро әскери базаларына бірдей уақытта шабуыл жасаған. Боулкесси базасында төрт сарбаз, Мондороде екі солдат қаза тапты. 2020 жылдың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда әскери көлікке шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар.Ауғанстан бас қаласы Кабулда әскери көлікке жасалған қарулы шабуылда екі әскер қаза тапты, деп TRT  хабарлады.  Ауғанстан Ішкі істер министрлігі баспасөз хатшысы Тарық Арьен Кабулдың Коте-и Санги аймағында кім екені белгісіз адамдардың әскери көлікке қарулы шабуыл жасағанын жариялады. Арьен шабуылда 2 әскердің қаза тапқанын және шабуылдаушылардың аймақтан қашқанын мәлімдеді. Шабуылды қазірше ешкім мойындамады.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның батыс бөлігіндегі содырлардың шабуылынан үш адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар. Сәрсенбі күні Ауғанстанның батысындағы Герат қаласында белгісіз содырлар әскери көлікке оқ жаудырды, оқиға орнында үш адам қаза тапты. Бұл туралы полицияға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.  «Жергілікті уақыт бойынша сағат 07: 00-де екі белгісіз қарулы содыр Герат қаласында әскери көлікке оқ жаудырды, оқиға орнында үш әскери қаза тапты, оның ішінде бір офицер мен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалиде «Аш-Шабаб» тарапынан ұйымдастырылған шабуылда 6 әскери қызметкер қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар. Сомалиде «Аш-Шабаб»  ұйымы  Төменгі Шабалле қала әкімі Абдулкадир Сидидің конвойына ұйымдастырылған қарулы шабуылда 6 әскери қаза тапты, деп хабарлайды TRT. Қауіпсіздік қайнар көздерінен алынған мағлұматқа қарағанда Сиди мінген конвой кеше таңғы уақыттарда әужайына бара жатқан кезде қарулы шабуылға ұшырайды. Шабуылда Сиди аман-есен құтылса, 6 әскери қызметкер қаза тапты және 4  жарақат алды.Жарақат алған әскерилер тікұшақпен  Могадишоға жеткізілді. Шабуылдың […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 7 of 13« Бiрiншi...«56789 » 10...Last »