НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан.Йеменнің оңтүстігінде орналасқан Аден қаласында жарылғыш зат орнатылған автокөліктің күлі көкке ұшты, деп Хабар24-ке сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Қайғылы оқиғадан 4 адам мерт болды. Жергілікті билік қаскөйлердің қала губернаторы мен Ауыл шаруашылығы министрін нысанаға алғанын хабарлайды. Билік өкілдері дін аман. Шенеуніктердің жанында болған күзетшілері қаза тапқан. Жарақат алғандар да бар. […]