ШЫМКЕНТ, 22 қыркүйек. Шымкентте экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғын ұсталды, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Шымкент қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті қолға түсті. 40 жастағы жергілікті тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды. «Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағымен (Қазақстан Республикасының діни қызмет және […]