АЛМАТЫ, 15 қараша. 15 қарашада Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ-ға Іле ауданының аумағында атыс қаруының сақтау орны туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz. Тексеру кезінде жасырулы қара-жарақтың нақты координаты анықталды. Қару-жарақ қоймасы Іле ауданының Боралдай аэродромының жанындағы «Риф-Раф» мейрамханасының артындағы қойма аумағындағы қараусыз қалған будкадан табылды. Іле ауданының ПБ тергеушілері ТТ маркалы тапаншаны, патрондарды, гранатаны […]