Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ҰҚК: Алматыда синтетикалық есірткілерді дайындайтын зертхана анықталды

    АЛМАТЫ, 28 қазан. ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын есірткі зертханасы іс-әрекетінің жолын кесті, деп Қазақстан ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлады . «ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын есірткі зертханасы іс-әрекетінің жолын кесті», — делінген дүйсенбіде таратылған хабарда. Хабарда нақтыланғандай, 2019 жылғы 24 қазанда жедел-іздестіру шараларын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматылық 200 мұғалім деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша дәріс тыңдады

    АЛМАТЫ, 18 қазан.  Алматыда «The best center of all levels» ҚҚ мен Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы «Білім беру ұйымдары арасында дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бойынша жеке және топтық алдын алу іс-шараларын өткізу» жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жобаның мақсаты – мектеп және колледж ұстаздарына деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру және қазақ халқының дәстүрлі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда «Иегова куәгерлері» жас балаларды азғырған деп күдіктелуде

    АЛМАТЫ, 11 қазан. Алматыда «Иегова куәгерлері» кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық әрекет жасаған деген күдікке ілінді, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ. «Тергеушілер күдіктілердің 16 жасқа толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылық құқықтарына қарсы бірқатар қылмыс жасаған болуы мүмкін екендерін тексеруде. Тексерудің аталмыш фигуранттары тергеу мүддесіне орай жария етілмейді», — делінген жұмадағы хабарда. Бұл […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы соты деструктивті діни идеология ұстанушысын 10 жылға соттады

    АЛМАТЫ, 10 қазан. Алматы қаласы Алмалы аудандық қылмыстық соты А.Ж. Бітімбаевты терроризм актісіне дайындалу, терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша 10 жылға соттады, деп Ktk.kz хабарлайды.  Үкім заңды күшіне енді. Ол ҰҚК назарына деструктивті діни идеологияны ұстанушы және Қазақстан Республикасында тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының жақтасы ретінде ілікті. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жат ағымдағылардың басты құралы — әлеуметтік желі

    АЛМАТЫ, 08 қазан. Алматыдағы туризм және қонақжайлық индустрия колледжінің студенттеріне дінтанушы Елнар Берікбаев дәріс оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дінтанушы Елнар Берікбаев колледж студенттеріне экстремизм мен терроризмнен келетін қауіпті түсіндірді. Оның айтуынша, олар жастарды радикалдандыру үшін көбіне әлеуметтік желіні пайдаланады. Әсіресе діни сауаты жоқ, жұмыссыз жастарды еліктіріп, қатарына тартады. «Жат ағымға ерушілердің діни сенімі мен ұстанымдары […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кейбір жастар әлеуметтік желі арқылы тікелей шейхтардан білім алып жатыр — Төрәлі Қыдыр

    АЛМАТЫ, 30 қыркүйек.  Алматыда ІІМ академиясында «Дін мен дəстүр сабақтастығы жəне діни терроризммен күрес» тақырыбында арнайы дәріс өтті, деп ҚазАқпарат хабарлайды.  Қала әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген шарада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТҮРКСОЙ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Төрәлі Қыдыр қатысты. Сарапшы дәрісті тыңдаған 20 офицерге Ислам əлеміндегі бүгінгі діни-саяси ахуал жəне оның Орталық Азияға, соның […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Экстремизм мен терроризмді насихаттайтындар жазаға тартылады — заңгер

    АЛМАТЫ, 26 қыркүйек. Алматыдағы Д. Қонаев атындағы Заң академиясының аға оқытушысы Омарбек Ақымбеков, «Zета» өндірістік компаниясының жұмысшыларымен кездесті.Заңгер экстремизм және терроризмнің алдын алу жұмыстарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Омарбек Ақымбеков, жиналғандарға ҚР аумағында терроризмді насихаттауға, террористік ұйымдардың, заңсыз әскерилендірілген құрылымдардың құрылуына, тіркелуіне және жұмыс істеуіне тыйым салынғанын айтты. «Бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда есірткіні жарнамалаған екі ер адам ұсталды

    АЛМАТЫ, 20 қыркүйек.  Есірткі заттарын жарнамалады деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жібек жолы көшесінде орналасқан кеңселердің бірінің қызметкерлері полицияға бірнеше рет хабарласқан. Олар белгісіз біреулердің есірткі жарнамасын ғимараттың қасбетіне және терминалдың бетіне іліп кеткенін айтқан. «Бүгін кеңсе күзетшілері күдікті екі адамды байқап қалып, учаскелік инспекторға хабарлады. Бұл адамдар банкоматтың қабырғасына трафаретты қолдану […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    АЛМАТЫ, 19 қыркүйек.  Алматыда антитеррористік оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2019 жылдың 19 қыркүйегінде Жетісу ауданы, Райымбек көшесінде (259, 261, 263) жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығу өтеді. Оқу-жаттығудың мақсаты – адамдар көп жиналатын жерлерде террористік қауіп туындаған кезде өзара әрекеттесу дағдыларын пысықтау. Сондай-ақ, оқу-жаттығу міндеттері […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда соңғы сегіз жылда 14 теракт жасалды

    АЛМАТЫ, 18 қыркүйек.  Алматыдағы Шет тілдері педагогикалық колледжінің студенттеріне зайырлы қоғамдағы ислам дінінің рөлі, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   Алматы қалалық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастырумен шаһардағы ЖОО мен колледж студенттеріне экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары түсіндірілуде. Арнайы құрылған ақпараттық топ мүшелері жастарға бір сағат дәріс оқып, студенттердің […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 16 of 21« Бiрiншi...10«1415161718 » 20...Last »